129
өзінің «Фома Гордеев» романында мұжықтың əні туралы
былай дейді: «И ему казалось, что поют не двое людей,
все вокруг поет, рыдает и трепещет в муках скорби, все
живое обнялось крепким объятием отчаяния».
Бұдан
Фома Гордеевтің өмірге деген өкінішті өксігін, іштей
егілуін көреміз. Ал адам төзгісіз өмірдің ащы шындығын
білдіретін уытты сөзді жазушы мұжықтың аузына салған:
«
Э, эх ваше степенство, – вздохнул мужик, –
горе заставит –
бык соловъем запоет...». Мұнда
фразеологиялық тіркестің стилистикалық өңі арқылы,
яғни халықтық афоризмнің əсері арқылы кісі төзгісіз
амалсыздықты көрсетуді мақсат еткен автордың контексі
дамытылған.
М. Горький шығармаларында күнделікті тұрмысқа
байланысты қарапайым сөйлеу тіліне жататын
(народная разговорно-бытовая и просторечная группа)
фразеологизмдер де мол.
Осыларды мол кірістіре
отырып, жазушы орыстың əдеби тілін байытты. Тілдің
тарихи жағынан дамуын жете түсіне келіп, ол əдеби тіл
мен халық тілі дегеннің айырмасын ажыратты. «Уместно
будет напомнить, что язык создается народом. Деление
языка на литературный и народный значит только то,
что мы имеем, так сказать, сырой язык и обработанный
мастерами»[75]
. Горький қалыпқа түспеген халық тіліне
əдеби ажар беріп, өңдеп, мəдениетті түрге енгізеді.
Одан бұрын да жазушыға өнеге болған қалам иелері
бар. Горький бұл мəселеде алдымен соларға сүйенген.
Халық тілін пайдаланудың асқан үлгісін көрсеткен –
Пушкин. Орыстың ұлы ақыны туралы оның: «Первым,
кто прекрасно понял, это был Пушкин, он уже
первый и
показал, как следует пользоваться речевым материалом
народа, как надо обрабатывать его» [76], – деген сөзі
осыған дəлел.
130
М. Горький қарапайым
фразеологизмдердің ішінен
оның өміршең формаларын тауып алады, соның
қолдануын əдеби нормамен жеткізуге күш салады. Мұның
ерекше көзге түсетін себебі оған дейінгі дəуірде көркем
шығармада халықтық фразеологизмдердің қолданылу
аясы онша кең болмайтын. Оларды əдеби қалпына түсіру
жағы өте баяу жүріп жататын. Оның себебін орыстың
атақты оқымысты тілшісі Даль дəл көрсетеді. Ол мақал-
мəтел жинаймын деген адам халықтың арасына барсын,
білімді оқымысты
ортада нақыл сөздер жоқ, өйткені
олар мақалдап сөйлеуді «мəдениетсіздік» [77] деп біледі
дейді.
М. Горький қолданған фразеологизмдердің көбі кейін
əдеби тілге айналып, белгілі бір нормаға ие болды.
Мысалы:
поехала кума, неведомо куда («Фома Гордеев»).
Орыс тілінің тамаша білгірі М. Горький о бастағы
мағынасын сақтаған,
яғни номинативтік мағынасын
жоғалтпаған мақал-мəтелдерді пайдаланады. Əрине,
бұлар көбіне ауыспалы мағынада болып келеді.
Жазушы творчествосында ауыз əдебиетінде мол
кездесетін эпикалық əуендерге толы үлгілер де бар.
Халық өлеңдері, жұмбақтар, тақпақтар белгілі мақсатқа
орай шығарманың өңін кіргізетін мысалдар. «Начало
искусства слова – в фольклоре», – деп М. Горький
мейлінше дəл айтқан. Көркем туындының қандай бір
түрін алсақ, не қай жазушының тілін тексерсек те алдымен
берілетін баға – тілінің көркемдігі. Ал тіл көркемдігі
қашан да халық творчествосындағы шексіз байлықтың
мекені. Соны жайлаған жазушы ғана шеберлік шыңына
шеру тартпақ. Сонда
ғана халық тілінің қазынасы
игеріледі. Сонда ғана тіл байлығы дегенді анық түсінуге
болады. Ескі өлеңдер, ертегілер қай тілдің де бар қасиетін
тамаша танытатын үлгілер. Мұны жете түсінген, түсініп
131
қана қоймай белгілі бір кезеңде əдеби тілдің дамуына
дерек ретінде жаратқан жазушы – М. Горький. Бұлар
түгілі оның шығармаларында жаргондық («
при плохих
Достарыңызбен бөлісу: