138
ПЕРИФРАЗ –
ФРАЗЕОЛОГИЯНЫҢ ҚОМАҚТЫ
САЛАЛАРЫНЫҢ БІРІ
Лингвистиканың жеке саласы ретінде қалыптасқан
фразеология жайында біраз зерттеулер бар. Негізі,
«фразеология» деген термин «сөз орамдары туралы
ілім» дегенді білдіреді. Ол грек тілінің phrazo «орам,
сөз тіркесі», logos «ұғым, ілім» деген сөзі. Фразеология
терминінің көп мəнділігі
осы уақытқа дейін сақталып
келген.
Лингвистика пəні ретінде фразеология тарихы
М.В. Ломоносов еңбектерінде де кездеседі. Мəселен,
ол «фразема», «идиома» жəне «тіркестің» сөзге жақын
екендігін сезе келе, «фразема мен идиомдары» сөздікке
кіргізу керектігін айтқан [116].
Ең бірінші рет фразеологияны
лексикологияның
жеке бөлімі ретінде қараған Ш. Балли болатын. Ол
синхроникалық фразеологияның нігізін салған ғалым.
Сондықтан да Ш. Баллидің концепциясы осы күнге дейін
қолданылып келеді. Ол «фразеологические единства
называется лексической единицей,
которую можно
сравнить с
химическим соединением» деген Ш. Балли-
дің бұл концепциясы – күні бүгінге дейін маңызын
жоғалтқан жоқ [148].
Қазақ ғалымдарының
арасында да тұрақты тіркес-
тердің жалпы атауы ретінде В.Н. Телияның терминіне
ұқсас ғылыми терминдерді ұстанатындары бар. Мы-
салы, авторлар профессор М.Балақаев, Е.Жанпейісов,
М.Томанов, Б.Манасбаевтар [171] мынадай пікір
айтады. «Мағынасы
жалпыға белгілі, грамматикалық
байланысы жағынан бір бүтін единица болып, қолдануы
дəстүрге айналған тұрақты сөз тіркестерін тіл білімінде
фразеологиялық орам немесе фразеологизмдер деп
атайды». Авторлардың «фразеологиялық
орам немесе
фразеологизм» деп отырғандарына енетін тұрақты
тіркестер – «идиома», «фраза», «мақал-мəтел». Бұған
қалыптасқан тиянақты қос сөздерді де қосады.
Мұның бəрін саралап
келгендегі мақсатымыз
фразеологизмдерге тікелей қатысы бар тағы бір
мəселеленің басын ашып алу еді. Ол – тіл білімінде
перифраз деп аталып жүрген тілдік оралымдар. Ең
алдымен, осы перифраз дегеніміз не, оның түрлері
қандай, олардың фразеологизмдерге қатысы қаншалықты
деген мəселелердің басын ашып алу қажет деп білеміз.