Перифраздары



Pdf көрінісі
бет43/80
Дата26.10.2022
өлшемі1,63 Mb.
#45500
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   80
Байланысты:
Ө.Айтпаев Қазақ фразеологизмдері

Азалы ақ көрпесін сілке тастап,
Жер күлімдер өзіне шырай беріп (Абай).


188
«Азалы ақ көрпе» деп отырғанымыз қыс бойы жатқан 
қар. «Жылдың жастығы» тіркесі табиғаттың гүлденіп, 
ағаштардың бүршік атуы дүниеге келген нəрестені немесе 
қыз-бозбаланың жастық шағын елестетеді. Жаздың 
өтіп, жаңбырлы күздің келуін Сəкен «күздің жасы» 
деген перифразбен жеткізе білген. «Сəби періштелер» 
дегеніміз де – көркем, образды тіркес. Ойлап қарасақ 
қардың өзі аппақ, пəк, ыстыққа да, суыққа да сезімтал, 
нəзік сəби емес пе? Бұл да сəтімен табылған, кез келеген 
жазушының ойына келе бермейтін үйлесімді перифраз.
ӨСІМДІКТЕРГЕ БАЙЛАНЫСТЫ ПЕРИФРАЗДАР
Табиғаттағы адам тіршілігі əсіресе, өсімдіктер 
дүнесімен тікелей байланысты болады. Сол себепті 
өсімдіктер сан – алуан образдардың эталоны ретінде 
тілдегі троптар мен фигураларда кеңінен қолданылады.
Жасыл көрпе жердегі,
Майда жібек желдегі,
Əн менен күй көлдегі!
Жайылып бітіп барады (С.С.).
Желкілдейді көк майса
Желпілдейді мол майса,
Ауыл көшті қыстаудан
Əне апамдар қой сауған (І. Ж.).
Көктем даланы құндақтаған
Жасыл көйлектерімен (С. Мəуленов).
Əр жерден ақ көйлегі бір жарқ етіп,
Жүгірген жалаң аяқ бала қайың (С. Мəуленов).
Шашағын жасыл тал жайып,
Құрақтар төмен иілген,


189
Нəзік жан дүние ғажайып
Атлас жібек киінген (С. Мəуленов).
Бұл мысалдардан көрініп отырғандай, өсімдіктің ең 
көп тараған түрлері – шөп пен жапырақ əр қырынан 
көрініп, бірде жасыл көрпе, майда жібек болса, ал 
бірде атлас жібекке айналып кетеді. Бұлардың қай-
қайсысының да сəтімен табылған еркін перифраздар 
екенінде ешкімнің де күмəні болмаса керек.
Табиғат бөбектері бір туысқан
Қайғысын бір-бірінің ұғынысқан (С. Мəуленов).
Иə, ағаштардың, расында табиғат бөбектері екені рас. 
Өйткені табиғат оны өзі өсіріп отырмай ма? Көктемде 
туылған ағаштар, жылдың қалған мезгілдерінде жапырақ 
жайып, көкке бой созады. Осы орайда ағаштарды 
«табиғат бөбектері» деп айту өте тапқырлықпен жасалған 
перифраз.
ЖАН-ЖАНУАР, ҚҰСТАРҒА БАЙЛАНЫСТЫ 
ПЕРИФРАЗДАР
Қазақ тіліндегі перифраздардың келесі бір шағын 
тобы зоонимдер мен орнитонимдердің қатысуымен 
жасалады. Мал, құс атаулары да басқа заттардың 
атаулары сияқты тұрмыстың қажетіне байланысты 
пайда болған. Ғасырлар бойы мал шаруашылығында 
атаулардың көпшілігі қазақ тілінің негізгі сөздік қорына 
айналды. Зооним атауларына жасалған перифраздар 
тілімізде баршылық. Орнитонимдерден сөз тіркестері 
жасалынып, эмоционалды-экспрессивті мағына беріп
əрі бейнелеп, əрі көркемдеп тұрады.
Кермиығым, кербезім,
Керіскендей шаңдозым,


190
Құлжадай айбар мүйіздім,
Құланнан ащы дауыстым (М. Ө.).
Міне, бұлардың қайсысына болса да, Нұрым мырза 
сүттей ұйып: «Пəле, пəле, тіпті жөні бар: аруақ асыға 
ма, саса ма? Біз ұмытсақ та, жарықтықтар жебеп, желеп 
жүреді ғой», – деп арқасы шымырлап кетіп, тез мола 
басына түнетіп, талай ай мүйізді, аша тұяқтыларын 
құрмандық қылып, жанбасы мен терісін емдеушінің 
өзіне ұстатса да, жазыла алады (С. Т.). 
Киіктің құралайын асырады,
Мен үйрендім, бірақ бұл жатырқады,
Қалай енді тебіренбей басыламын,
Кетті тастап даланың жат ұрпағы (С. Мəуленов).
Ақ сұлу əдемі үнді шаңқаң қылаң
Жүзетін күміс көлде аққу сылаң, – ...
Өлең жазар кезімде тебіреніп,
Табады олар тағы да мені келіп,
Жас сандуғаш жыр төгіп, жас құралай
Төсімді иіскеп тұрады еміреніп (С. Мəуленов).
Сылантып сұлу торыны мінген қандай?
Сай құлдап, жарды күтіп жүрген қандай ?
Бір сайға торышаны байлап тастап,
Артына ақбоз үйдің келген қандай? (І. Ж.)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет