211
құрылымы əртүрлі тілдердің табиғатына ұқыпты
қараған жөн. Өйткені бұлардың көбінде бір ұғым
өзінің тура (номинативті)
мағынасымен қатар мета-
форалық болмысын да сақтайды. Тіл-тілдің мұндай сөз
түрлендіргіш қасиеті сəйкес келе бермейтіні бар. Ал
ондай сəйкестілігі көбінесе семантикалық калька арқылы
айқындалады. Сонда метафора дегеніміздің өзі не?
Зерттеушілер мұны былай түсіндіреді. «Өзара ортақ түр-
түсте, сырт формасына қарай байырғы тіл қорындағы
сөз мағынасының ауыстырылып қолданылуын метафо-
ра дейміз» [121]. Сөздің метафоралық қызметі, оның
қолданыс түрлері сөйлеу тілімен ауыз əдебиеті үлгілері-
нен де, сондай-ақ жазба көркем əдебиет стилінен де
айқын аңғарылады.
Метафора жөніндегі зерттеулер орыс жəне
басқа
тілдерде əсіресе поэзияға, көркем шығармаларға
байланысты өте көп. Соңғы жылдары жеке жазушыларға
тəн сөздердің метафоралық мағынада қолданылу
жолдары да ғылым объектісі болып жүр. Мұнда –
метафора тек жазушылар шығармаларындағы əдебиет-
тік тəсіл, стиль тұрғысында ғана зерттелмей,
көркем
шығармада қолданылатын метафоралардың тілдік-
лингвистикалық аспектіде қаралуы аз да болса ескерілген.
Мысалы, тілші ғалым Б.Хасановтың «Қазақ тілінде
сөздердің метафоралық қолданылуы» атты кандидаттық
диссертацисы арнайы осы тұрғыда жазылған. Бұл еңбекте
негізінен қазақ поэзиясы тіліндегі сөздердің метафоралық
мағынада қолдану жолдары, оның түрлері сөз болады.
Метафоралы сөздердің қолданыстағы табиғатын бірша-
ма ашып берген бұл зерттеудің негізгі бағытын құптауға
татырлық. Осы еңбектегі «Метафоралық тіркес» деген
тарауды біз метафоралық перифраз дер едік. Метафораға
212
байланысты кейбір пікірлер Б.Манасбаевтың «Сəбит
Мұқановтың поэзия тілі» (1961), Р.Барлыбаевтың
«Сөз мағыналарының тарылуы мен кеңеюі» (1963),
М.Жақыпбековтың «Жамбыл
шығармаларындағы сөз-
дердің жəне фразеологиялық тіркестердің стильдік
ыңғайында қолданылуы» (1955) сияқты диссертация-
лық еңбектерінде де орын алған.
Жалпы қазақ тіліндегі сөздердің ауыспалы келтірінді
мағынада қолданылуы оның негізгі түрлері, яғни
троптар (метафора, метаномия, синекдоха т.б.) жөнінде
қазақ
лингвист
ғалымдарының:
Ғ.Мұсабаевтың,
І.Кеңесбаевтың. К.Ахановтың, Ə.Қайдаровтың, Ə.Бол-
ғанбаевтың, т.б. еңбектерінде де жəне жоғарғы оқу
орындарына арналған «Қазақ тілі» оқулықтарында да
қысқаша мəліметтер берілген.
Бірақ бұл еңбектердің
бір де бірінде метафора мен
перифраздардың өзара жақын, ұқсас белгілері туралы
сөз болмайды. Салыстыра қарағанда метафора мен
перифраздың сол сияқты түрлі троптардың бір-біріне
ұқсас белгілері айқын аңғарылады. Жəне бұл троптардың
бəрі де қолданыста көркемдегіш қызметін атқарады.
Яғни метафора мен перифразды бейнелегіш тəсілдердің
бір түрі деп түсінген жөн.
Кейбір метафораны тар
мағынада алған ғалымдарымыз өз еңбектерінде оны
троптың басқа түрлерімен шатастырып ала береді.
Бұл ретте, Ж. Вандриестің «Язык» деген еңбегіне зер
салған мақұл. Метафораны тар мағынада қарастырған
ғалымымыз проф. Қ. Жұмалиев троптың əр түрінің
өзара қоян-қолтық жақындығын,
кей реттерде оларды
ажыратуға болмайтындығын атап көрсетіп отырған.
Біздің ойымызша, метафора мен перифразды бір деп
қарауға болмайды. Метафораның ең басты ерекшелігі –
213
бейнелігі, ойды бейнелеп жеткізетіндігі. Бірақ бейне-
лілік қасиет метафора біткеннің бəрінде бірдей бола
бермейді. Мысалы, қазіргі əдеби тіліміздегі
қызыл бұ-
Достарыңызбен бөлісу: