Перифраздары



Pdf көрінісі
бет51/80
Дата26.10.2022
өлшемі1,63 Mb.
#45500
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   80
Байланысты:
Ө.Айтпаев Қазақ фразеологизмдері

Токионың нақ сонда
Төбе шашы тік тұрды (К. А.).
Еңсесі кеткен еңкейіп
Ескілік енді өлер ме (Сонда).
Біреуі болмасам да көп мықтының,
Өткірлеп өлең соқтым өжет тілмен,
Құя алман үгітілген балшық өлең,
Көңілімде көл жасаман тамшыменен
Жығылды жауыздықтың таж бен тағы (К. А.).
Кимешектер кітап оқып,
Малма тұмақ мылтық алды.
Жалба шекпен жауға аттанды,
Жер түрленіп, ел шаттанды (І. Ж.).
Бір кездегі ауқатты үйлердің қора-мүлкі қиқайып-
сиқайып қалыпты (Ж. Аймауытов).
Елдегі байлардың, жуан атаның нашарға істеген 
қиянатын, зорлығын газетке жазып, күштілермен 
ұстасып жүретін (Сонда).
Нашар кісілер бір үйде жатқан тəуір болар еді деп 
əлділеріне аударуға саясат қылып көріп еді, əлділер 
үйлерімізде жас əйел бар деген дəлелдерді келтіріп, 
жеңіп кетті (Сонда).
Қатын, тұр, аяқ жуғыз, қымыз құй мына кісіге, – дей 
бастады (Сонда).


219
Мына сөз тіркестеріндегі «Токионың төбе шашы тік 
тұрды» деген тіркесте, шындап келсе, Токионың төбе 
шашы тік тұрып тұрған жоқ, əрі Токио дегеніміз де 
бір қала емес, сол қаланың тұрғындары, автор Токио 
тұрғындарының қатты үрейі ұшқанын осы тіркеспен 
перифраздап, көркемдеп оқырман қауымға əсірелеп 
жеткізіп отыр. Ал мына тіркестерге қараңызшы, бай, 
жағдайы бар кісіні бірде «ауқатты үй», бірде «жуан 
ата» немесе «əлді» деген образды синонимдермен 
алмастырып берген. Шындығында, байдың ауқатты 
болатындығы да, сондықтан жуан, əлді болатындығы 
да рас. Ал кедей керісінше «малма тұмақ» деп оның 
сыртқы пішініне, өңі кеткен киіміне қарап айтып отыр. 
Бұл мысалдарда айтылар ойды тікелей өз аттарымен 
атамай, оны келтірінді мағынада көркемдеп, əсерлеп, 
метонимикалық перифразбен беріп отыр. Бұл екеуінің 
айырмасы мен ұқсас белгілерін осыдан-ақ аңғаруға 
болады.
СИНЕКДОХАЛЫҚ ПЕРИФРАЗДАР
Сөздердің келтірінді мағынада қолданылатын ерекше 
түрлерінің бірі – синекдоха. Бүтіннің орнына бөлшекті, 
жалпының орнына жалқыны (дараны), үлкеннің орнына 
кішіні қолданудың негізінде сөз мағынасының ауысуы 
синекдоха деп аталады [197].
Егер бүтіннің орнына бөлшек, жалпының орнына 
жалқы қолданылатын болса, онда сөз мағынасы 
кеңиді. Синекдоха қолданылу ауқымына (сферасына) 
қарай метафорадан гөрі сөздердің метонимиялық 
қолданылуына жақын. Сондықтан кейбір əдебиеттерде 


220
синекдоханы метонимияның ерекше түрі деп те атап 
жүр. Негізінде метонимия мен синекдоханы өзара 
ерекшеліктеріне қарай ажыратқан дұрыс [234].
Синекдохаға тəн негізгі белгі – ауыспалы мағынада 
қолданылған сөздердің сандық қатынас негізінде, 
бүтіннің орнына бөлшек, бөлшектің орнына бүтін, 
жалпының орнына жалқы я керісінше бір сөздің екінші 
сөз мағынасында, келтірінді мағынасында қолданылуы. 
Синекдохаға жататын сөздер сөздік құрамда жиі кезде-
сетін жалпы халыққа түсінікті қарапайым сөздерден 
жасала береді. Мысалы: «Бұл дудар басты өзім де 
жаңа көріп тұрмын» дегенде «дудар бас» шын мəнінде 
адам туралы айтылып тұр. Жеке бір атауды осылай 
синекдохалық мағынада жұмсауда коммуникативтік 
функциядан гөрі, эстетикалық бояу, стильдік мақсат 
басым тұрады. Метафора мен метонимия тəрізді 
синекдоха да көркем əдебиеттегі бейнелеу, көріктеу 
тəсілінің бірі. Олай болса, синекдоха да алдыңғылар 
сияқты перифразға жақын мəселенің бірі.
Құнанбай өз басы шешеден жалғыз, бəйбішенің 
жалғызы. Қара шаңырақ иесі (М. Ə.)
Кейін осы өсек еріккен қызыл ауыздың бірін кернеп 
кеткен уақытта ... (Сонда).
Қартқожаға да бір төрт сирақ табылды (Ж. А.).
Алғашқы мысалдарда «қара шаңырақ» үй деген 
ұғымды білдіріп тұр. Мұндағы қара сын есімі үй сөзінің 
анықтауышы ретінде, үлкен деген мағынаны білдіріп, 
келтірінді мағынада тұр. Немесе «төрт сирақ» орындық 


221
дегенді жалқының орнына жалпыны алып, оның төрт 
аяғы барына қарай келтірінді мағынада көркемдеп 
«төрт сирақ» деп алып отыр. Синекдоханың перифразға 
жақын тұратыны сондықтан.
ЭВФЕМИСТІК ПЕРИФРАЗДАР
Эвфемизм термині лингвистикада семасиология 
мəселелеріне байланысты қолданылады. Эвфемизм грек 
тілінде – eupho – «сыпайы сөйлеймін» деген сөзінен 
жасалған термин.
Эвфемизм қай тілдің болсын сөздік құрамында 
кездеседі. Олар тілдік əдептілікті, мəдениетті сөйлеуді 
білдіреді. Эвфемизмге дөрекі, жағымсыз сөздерді 
сыпайылап сөйлеу тəсілі де жатады. Мұндайда сөздер 
ерекше эмоционалдық мəнге ие болады. Қазіргі қазақ 
тілі сөздік құрамында эвфемизмге жататын сөздер 
тобы көп. Бұл жөнінде Ə.Ахметовтың [118] еңбегінен 
басқа арнайы еңбек болмаған, кейбір лингвистердің 
еңбектерінде жанамалай ғана сөз болып жүрді.
Эвфемизмнің лексика-семантикалық қолдану мүмкін-
шілігі жан-жақты. Эвфемизм басқа троптармен – 
метафора мен метонимиямен де тығыз байланысты. 
Эвфемизм де басқа троптар сияқты сөзге мəнерлілік, 
көркемділік сипат береді. Бұл əсіресе сөздерге 
эмоционалдық мəн беру үшін де қолданылатын сөз 
саптау əдісіне жатады.
Жалпы түркі тілінде эвфемизм, негізінен, əдет-ғұрып-
қа, мəдениетке байланысты сыпайылықты білдіру үшін 
қолданылатын тарихи құбылыс. Түркі тілінде эвфемизм 
əйелдер тілінде түрлі əдет-ғұрыпқа (ұялу, үлкенді сыйлау 
т.б.) жəне діни наным-сенімге байланысты əйелдердің 


222
сөйлеу мəдениетіне қойылған түрлі талаптарға сай жиі 
қолданылған. Бұл жағынан алып қарағанда, эвфемизмдік 
сөздер табу құбылысына жақын, бірақ олардың өзара 
айырмашылығы бар. Эвфемизм табу сияқты үрейленуден 
туған соқыр сенімге негізделмейді, сыпайыгершілік пен 
əдептілікке негізделеді. Қазіргі кездердегі қолданылып 
жүрген эвфемизмдер өскелең халқымыздың бүгінгі 
таңдағы қалыптасқан этикалық жəне эстетикалық 
нормаларының күнделікті көріністері деп есептеледі, – 
дейді проф. Ə.Болғанбаев [136]. Сондықтан табу мен 
эвфемизмді бір-бірімен шатастыруға болмайды. Екеуі 
екі мақсаттан шыққан.
Эвфемизм тек ауызекі тілде, сөйлеу тілінде ғана 
қолданылмайды. Эвфемизм, əсіресе, дипломаттар, 
ізетті кісілер сөздерінде көп ұшырасады. Олар «айтып 
отырғаныңыз өтірік» деуді ерсі көріп, «сөзіңіз онша 
шындыққа жанаспайды» т.б. етіп сөйлеуге тырысады.
Жоғарыда айтқанымыздай, эвфемизм метафора, 
метонимия, табумен тығыз байланыста болса, оның 
перифразға қатысы болмауы мүмкін емес. Ең алғаш 
перифраз пайда болады да, сосын барып троптың əр 
түрлері пайда болатыны жөнінде айтылды. Əдетте, 
перифраз деп заттың өз атын тура атамай, оны басқа сөз-
дер арқылы сипаттай түсіндіруді айтамыз ғой. Мəселен, 
Ленинград деудің орнына – революция бесігі (колыбель 
революции), не Нева үстіндегі қала (Город на Неве), 
Англия деудің орнына – тұманды Альбион (туманный 
Альбион) деу де перифразға айқын мысал. Алайда бұл 
сияқты перифраздың бəрі эвфемизм бола бермейді. 
Эвфемистік перифраздың қолданылуы, мақсаты мен 
атқаратын қызметі мүлде басқа. Ол мағынасы суық 
немесе айтуға, жазуға өрескел саналатын, тіпті кейде 
қағаз беті де көтере алмайтын дөрекі сөздерді майдалап, 


223
тігісін барынша жатыстырып, келтірінді мағынада айту. 
«Частным случаем перифраза является эвфемизм – 
описательное выражение «низких» или «запретных» 
понятий «нечистый» вместо «черт» [231].
. . . Өзі залым закүншік
Танып алды талайды.
Көрмей тұрып құсамын


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет