§ 2. Еркіндік
Here біз олай дейміз? Еркіндік хақында ф илософия тарихында
саналуан көзқарастар айтылган. Осы мәселеге соқпай, ол туралы ой
толгамай өткен ешбір белгілі ойшыл жоқ, ешбір ф илософ иялы қ жүйе
ж оқ десе де болады. Басқа мәселелерде сонш алыкты сабырлы, салқын
күйде ой кешетін даналардың өздері де еркіндікке келгенде айрықша
жан толқы ны сы н сездіріп түрады. Еркіндікті түсінудегі барлық фи-
26
лософ иялы қ ой-түйіндерді ж әй тізіп өтудің өзі кішігірім кітап болып
шығар еді. С ондықтан біз ол жолдан көрі оларды кейбір негізгі тип-
терге бөліп, соларға қысқаша тоқгалып өтуді ғана жөн көрдік. Еркіндік
туралы көзқарастарды негізгі екі типке немесе екі топқа бөлуге болар
еді:
1. Еркіндіктің бар екендігін теріске шығаратын, соны негіздеуге
бағышталған көзқарастар. Мүндай көзқарастардың өзі саналуан. Бірақ
осы принципті логикаты қ шегіне жеткізе өрбіткендер - механикалық
материализм бағытындағы кейбір ойшылдар деуге болады. Олар (әсіре-
се Т.Гоббс, Б.С пиноза, Ламетри т.б.) адам, қоғам тіршілігін де табиғи
механикалық зандармен түсіндіруге үмтылған. Олар жалпы алғанда
механика, геометриялық принциптердің түрғысынан еркіндік туралы
адамдардың ойы жалған елес қана, ал ш ын нәрсе қажеттілік деуге
ойысады. Ал ол себептілік түбінде тек қүдайдан. Гоббс былай дейді:
“ Еркіндік пен кажеттілік үйлесе алады ...ерікті әрекеттер адамдардың
ы рқынан, ал ы ры қ еркіндіктен, сонымен қатар адамдардың ы рқы нан
туатын әрбір акт, тілек ж әне талпыныс белгілі бір себептен, ол себеп
тағы бір себептен, себептердің тізбегінен (ал тізбектің соңғы тізгіні,
ең ақы рғы себеп қүд ай д ы ң қ ол ы н д а) б о лған д ы қтан о н ы ң б әрі
қажеттіліктен туындайды. Осы байланыстарды коре алатын адамға
адамдардың еркінсіген әрекеттерінің қажеттілігі айқын болар еді. Бәрін
көріп, бәрін реттеп отырған күдай, әрине, адамдар қалаған нәрсесін
істеп жатқанда да содан қажеттілікті, күдайдың өз қалағаныны ң бо
лып жатқанын да көреді... адамдарда еш нәрсеге күш тарлық та, еш -
нәрсеге күмарлық та күдайдың ы рқы нсыз болмас еді...”2.
Б.Спинозадан бастап күдайды өлемнен, табиғаттан тыс түрған
богде күш деп есептеу, яғни табиғаттан тыс қажеттілікті іздеу ф ило
софия мен ғылымнан ығыстырыла бастайды. С пинозаны ң ойынш а
табиғаттың озі қүдіретті күш, күдай деп сол табиғаттың озін түсінуіміз
керек, күдай да, табиғат та бір нәрсе, бір субстанция. Субстанция деп
тек озі
а р қ ы л ы
өмір сүретін, тек озіне негізделетін, тек озі арқылы
корініс табатын, омір сүруін тек озі арқылы түсінуге, тануға болатын
нәрсені айту керек. Табигатты немесе күдайды тек түтас алғанда ғана
ол осындай қасиетке ие. Әрбір жеке зат, күбылыстар (модустар) со-
лардан туындайды, солардың керінісі. Қүдай әрбір заттың ішкі мәні,
қажеттігі, себебі. Ол сыртқы себептілік емес, ішкі себептілік. С пино-
заны ң айтуынш а ы рықтың еркіндігі ғана емес, зерденің де еркіндігі
жоқ. Адамдар оз әрекеттерінің себебін білмей сол әрекеттердің озін
ғана білетіндіктен оздерін еріктіміз деп ойлайды. Адамдардың ойла-
2
Гоббс Т. Левиафан / / Избранные произведения. В 2-х т. М., 1964. Т.2. С.
232-233.
ры м ен аф ф ектілері де, іс-әр екеттер і де тек табиғи (құдайды ң)
қажеттіліктен шығады, оны біз білмейтін болсақ, бізде еркіндік жоқ,
ал қажеттілікті біз айқы н түсінетін болсақ, онда бізде еркіндік бар.
Еркіндік дегеніміз біздің іс-орекеттеріміздің қажеттіліктермен аныкта-
латындығын аны қ білу, соған саналы түрде мойын сүна білу, соны ң
жолымен ғана жүру.
Осындай көзқарастар діннің айрықш а үстемдік еткен дәуірінде,
бірақ екінші жагынан ғылымның, бәрін табиғаттың бүлжымас қатаң
заңымен түсіну мендеп келе жатқан жағдайда соны ң екеуін де үшта-
стырып, біріктірудің жолы еді. Олар адамды күдайдың да, әсіресе
табиғаттың да ш еңберінен тыс нәрсе емес, сол табиғаттың бір бөлігі
етіп көрсетуге тырысқан. Бүл ш ы н мәнінде адамды заттар дүниесіндегі
катардағы бір зат ретінде қарау, себебі ойлау кеңістікпен катар суб-
станцияны ң екінш і атрибуты. Атрибут - оның табиғатынан шығатын
ажырамас қасиеті. Ойлау адамның ғана белгісі емес, бүкіл табигат-
ты ң (қүдайдың) касиеті. Яғни, С пиноза еркіндікті сөз жүзінде мой-
ындағаны болмаса, ш ынында еркіндік жалпы табиғатқа, болмысқа
сыйыспайтын, болуы мүмкін емес қүбылыс деген корытындыға алып
келеді.
Осы дәстүр кейінгі ғасырларда ны ғая түсті. Оны негіздеуде
Г.В.Ф.Гегельдің философиясы айрықш а орын алады. Гегель объек-
тивтік дүние деп енді табигатты емес, жалпы адамнан, әлемнен тыс
абсолюттік pyx деп түсінеді. Абсолюттік pyx ж әне оны ң дамуының
жоғарғы сатысы - абсолюттік идея - табиғаттьГда, адамды да жарату-
шы күш, табиғат та, адамзат та оны ң сыртқы іске асу формалары,
сатылары. Сондықтан ол адам үшін сыртқы кажеттілік. Адам сол аб-
солюттік рухты, оның дамуының кажеттілігін қанш алы қтаны ған болса,
ол сонш алыкты еркін. Яғни баскаша бір негізде болса да, Гегельдің
еркіндікке беретін аны қтам асы С п и н озан ы ң аны қтауы мен бірдей
дерлік: еркіндік, ол - танылған кажеттілік. Танылмаған кажеттілік
адамға соқыр, мылқау әрі дүлей күштей ықпал етеді. Гегель филосо-
ф иясы ны ң объективтік идеалистік негізін теріске шығарса да, оны
өздеріне үстаз түтқан К .М аркс пен Ф .Энгельс те еркіндікке осы
көзқараста болды. Бірак олар практикалы к іс-әрекетті ф илософия-
ны ң негізгі принципі еткендіктен, еркіндікті түсінуге біршама өзгеріс
кіргізді. Еркіндік олар үшін, әсіресе Энгельстің анықтауы бойынша,
тан ы лған каж еттілік ж ән е п р ак ти к а л ы қ іс-әр ек етте адам дарды ң
сыртқы табигатка ж әне озінің тәнінің табиғатына да үстемдігі. Адам
болмыстың зандылықтарын қанш алықты меңгерсе әрі оз ісінде пай-
далана алса, еркін іс-әрекет деп соны түсінуіміз қажет.
Әрине, еркіндікті осылай түсінуде белгілі бір ш ы нды қ бар. Сөз
жок, адам өзі түсінген, таныған әрі іс жүзінде игерген дүниеде озін
28
еркін сезінеді, еркін әрекет жасайды. Ол адам болмысында бар нәрсе
ж әне тарихи адам ны ң ы қпалы ндағы ауқымын кеңейтіп отыратын
мәдени-рухани кеңістік. Бірақ бұл көзқарас еркіндіктің адам болмы-
сындағы белгілі бір сыртқы әрі өткінші жағын ғана қамтиды. Ол адамға
болуы да, болмауы да мүмкін нәрсе. О ның үстіне бүл анықтама адам-
ның дүниеге катынасыны ң белгілі, еуропалық типінің негізінде ғана
берілген. Яғни, ол үшін еркіндік міндетті түрде үстемдікпен байла
нысты. Бүл түрғыдан еркіндік адамдардың сыртқы дүниемен үйлесімді
(гармония) кдтынасы емес.
Еркіндіктің осы айтылған жағы өмірде айры қш а кең де берік
орын алғаны, әлі де болып отырғаны рас. Ол, бірақ, ш ын еркіндіктің
белгісі емес, оны ң көзге бірден көрінетін түрпаты ж әне де адамның
дүнием ен қаты насы ндағы тым өктемдік, пайдагерлік үмты лысын
көрсетеді.
Бірақ еркіндікке адамның дүниедегі болмысының түпкі онтоло-
гиялық3 негізі деп қарайтын болсақ, онда, оның көзге тікелей байқала
бермейтін ішкі сыры айқындалуы тиіс. Еркіндік адамзат тарихының
алғашқы кезендерінде болмаған, тек кейінгі жоғары дамыған шакта-
рында пайда болатын ерекш елік десек (алғашқы анықтамадан осы н
дай қорытынды шығады), онда, ол адамның дүниеде болуының түпкі,
алғашқы негізі бола алмайды, ол тек өткінші қасиеттердің бірі болып
шығады. Еркіндік адамдар әрекетінің салдары емес, керісінше, ол өзі
адамдар өмірінің басқа барлық күбылыстарын туғызатын себеп деуге
болады.
Сонда еркіндік дегеніміз не? Еркіндік - адамның о бастан ешбір
Достарыңызбен бөлісу: |