екендігі туралы айтып тұр. Ал, еркіндіктің не нәрсе екендігін айтсақ,
ол - адамның кім, не және қандай болатындығын калыптасу, даму
жолында, өз өмірінде түбінде тек өзі аныктайтындығы немесе анықта-
майтындыгы. Адамға дүниеде адам болуы ның
өзі әлі шешілмеген
проблема күйінде берілген. Өмірін жаңа бастаған адам перзентінің
кім, не болатындығы әлі анықталмаған нәрсе. Хайуанаттар үшін оның
тіршілікте болуының негізгі түрі мен тәсілі алдын ала аныкталған.
Хайуанат озіне туа бітті берілген тіршілік етудің жолынан баска жол
ды таңдай алмайды. Ол белгілі бір биологиялы қ түрдің дүниеде болу
ж олы н өзіне оз тәнімен бірге иеленген. Оны ол өзі анықтай алмайды.
Хайуанаттың тап осындай түрінен басқа бір түрге өз қалауымен ауы-
суы оған ж азбаған. Бүл табиғатты ң бүлжымас заңы , немесе діни
көзқараста айтса - жазмыш тың бүлтартпас үкімі. Адамның болмысы,
яғни, оз талғамы, өз қалауы. Д әлірек айтсақ, өмір жолын,
өмірлік
мәнді тандау немесе қалаудың өзі бүлтартпас кажеттілік емес. Өзінің
кім, не, қандай болуын әрбір адамның қалауы да, немесе ондай қала-
удан бас тартуы да мүмкін. Барлы қ шақта оны ң екі мүмкіндігі бар:
белгілі бір бағытты, жолды, принципті т.т. үстануды қалау немесе
қандай да болмасын қалаудан бас тарту, одан аулақтану, өз ы рқы ны ң
тізгінін уақигалардың агымына жібере салу. Әрине,
белгілі бір қалау-
дан бас тартпаған күнде әрбір адамны ң алдында оны ң алуан түрлі
мүмкіндіктері болуы хақ.
Адамның жалпы болмысы оны ксыауында емес,
өзінің озгеше болмысын калау мүмкіндігінде. Ягни оны ң хайуанаттар-
дан озгеше болмысын іске асқан қалау емес, 'сондай қалауға немесе
қаламауға мүмкіндігінде деу керек.
Адам өзін өзі жасаиды, немесе
жасамайды. Монділікті қалайды немесе қаламайды.
Адам оз өмірінің белгілі бір мәнді деп есептеген жолын бір рет
тандап алып, сонымен одан кейін тандаудан қүтылады деп те ойлауға
болмайды. О ның өмірінің әрбір сәті, әрбір үлкенді-кішілі уақиғасы
мен шешімі сол
проблеманы алдына тартып отырады. Сырт Караган
да адамдар көбіне өзінен тыс нәрселерді тандайтын сиякты:
заттар-
ды, азаматтықты, саяси ағымды, мамандықты т.т. Бірак, көп жағдай-
да сыртқы жағдайды тандаудың ар жагында, адам өзі сезе де, түсіне
де бермейтін баска тандау жатады:
Ол өзін өзі таңдау. Не нәрсеге
ыңғай берсең, не нәрсеге көңілің ауады екен,
оны ң астарлы жағы -
сенің өзіңнің кім екенінді, кандай болуға жакындығынды аңғартады.
Оның үстіне жоғарыда айтқандай, бір рет қалаумен, тіпті сан рет
қалаумен адамны ң әлеуметтік, адамдық келбеті түпкілікті бекімеуі
мүмкін. Эрине калыптасуы да хақ. Бірақ, қашанда болсын адамның
басқаша болуға мүмкіндігі бар, басқаш а бір “мендікті”
қалауға жол
ашық. Бүдан, бірак осы ның барлығы адам үшін оп-оңай екен деген
үғым тумайды. Ол соншалықты қиы н, егер ол еркіндік жолын кала-
30
са, ол жолдан қиы н еш нәрсе жоқ. Адамға еркін болу соншалықты
ауыр жүк, ол оған барлық жауапкерш ілікті артады.
Айтылғанның бәрінен шығатын қортынды:
еркіндік адамның тек
Достарыңызбен бөлісу: