Оқулық Қ.ӘБішев g è t э а І философия жоғары оқу орындары студенттері



Pdf көрінісі
бет11/128
Дата27.10.2022
өлшемі8,52 Mb.
#45622
түріОқулық
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   128
Байланысты:
Әбішев философия сканиров

ЕКІНШІ БӨЛІМ
ФИЛОСОФИЯ КДРАСТЫРАТЫН НЕГІЗГІ 
МӘСЕЛЕЛЕР. 
АДАМНЫҢ ӘЛЕМДЕГІ БОЛМЫСЫ.
II тарау. 
АДАМНЫҢ ДҮНИЕГЕ 
КДТЫНАСЫ
§ 1. Адамдык, мәнділік деген не?
Кіріспе тарауда біз адам үшін дүниеде тек тірі организм болып 
тірш ілік ету, организм дік мүқтаж ды қтарды ң ш еңберімен ш ектелу 
жеткіліксіз дегенбіз. Оның дүниеде болуын ақтай алатын нәрсе, ол - 
мәнділік дедік. Бірақ, кейбіреулер осы тірлікті ғана қамтамасыз етуді, 
соны ң мүктаждықтарына ғана қьізмет етуді өз өмірінің бірден-бір 
мәні немесе мағынасы деп білуі де мүмкін. Осылай ойлайтын адам­
дар аз да емес. Өмір сүрудің қиындығы көбінесе осылай ойлауға негіз 
де береді.
Әйтседе, егер адамдардың барлык әрекеттері мен қылықтарын 
олардың организмдік, тек тәндік мүктаждықтары актай алатын бол­
са, онда адамға ғана тән көп нөрселер болмаған болар еді. Ең алды- 
мен оларга мүндай жағдайда қоғамдасудың керегі шамалы. Ол үшін 
қоғамдасудың ең алғашкы жануарларда кездесетін қарапайым түрлері 
де жеткілікті. Қоғамдасудың түпкі мәні - адамдарга қажетті күнды- 
лықтарды орнықтыру, оларды сақтау екенін кореміз. Себебі сол күнды- 
лыктарды сақтау үшін қоғам жеке адамдардың өзімшілдігін қүрбан 
етуді, тежеуді талап етеді. Қауымдық дәуірде, мысалы ру мен тайпа- 
ның сақталуы үшін, үрпак пен үрпактың жалғасуы үшін жеке адам­
дарга екінің бірінде өз өмірін киюды кажет етеді. Ал жеке адам оны 
көбінесе даусыз мойындаған. Яғни әрбір жеке адам үшін оны ң өз
22


өмірінен бағалырақ н әрсенің болғаны ғой. Адамдардың емір сүруінің 
әзі де олар үшін белгілі бір мәнділікке ие. Тіршілікте тірі ж әндіктің 
бірі болу да адам үшін аз да болса, барлық мәнділіктердің алғышар- 
ты. Тіпті қандай да болмасын мәнділік содан басталады. Өз өмірін 
де, басқа адамдардың өмірін де, тіпті жер бетіндегі тіршілік атаулы- 
ны бағалай білу м ән д іл ік тің ж алпы басталаты н көзі. Б ір а қ осы 
мәнділікті, осы күндылықты әз ж ан дүниесінің үнемі ақтаушы, оны ң 
рухани үмтылыстарына үдайы бағыт беруші күшке айналдыру - тек 
ад ам н ы ң өз тірш іл ігін ен ж алпы тірл ікті ж оғары қою ш ар ты н ан
шығады. Осы жалпылықты өзі үшін мән етуден басталады.
Ол, әйтседе, осы ж алпы лыкпен шектелмейді. Осы тіршілік ата- 
улыны, тіпті бүтін ж ары қ дүниені бағалай білу, әркімге өз тірлігін 
тәркі ету емес. Өз тірлігінің, өз болмысыны ң ешбір сыртқы күшке 
тәуелсіз, өзіндік бағалылығын мойындаусыз басқа дүниенің, басқалар- 
ды ң да өзіндік бағалылығын мойындау мүмкін емес. Адамның дүни- 
еге қатынасыны ң түпкі негізі осында жатыр. Адам барлық әлем нің 
өзі үшін, адамзат үшін қүндылығын мойындайды, оған солай қаты- 
нас жасайды, себебі өзін де сол дүниеге барабар, сол дүниеге тепе- 
тең қүнды нәрсе деп қабылдайды. Әрбір жеке адам мойы ндасын н е ­
месе мойындамасын, оны ң дүниеге қаты насы ны ң түпкі мәні осылай. 
Яғни, адам үшін бүтін дүние озінен-озі, басқа еш нәрсеге тәуелсіз 
бағалы, сол сияқты адам да озінен озі басқа еш нәрсеге тәуелсіз бағалы. 
Адам озінен озі бағалы күбылыс болмаса, оны ешбір сыртқы күш 
бағалы ете алмайды. Басқаш а айтсақ, адамны ң бағалы не бағасыз 
болуы оны ң озіне ғана байланысты, ол озі ғана осы қасиетке ие бола 
алады немесе бола алмайды. Әрине, біз бүл жерде адамның бір саты- 
латын нәрседей бағасының болуын айтып отырған жоқпыз.
Күнделікті омірде тек тірліктің қамымен жүрмін деп ойлайтын 
ад ам д а р д ы ң о зд ер і де б а с қ а л а р ғ а ж ә н е о зін е сол қ а м д ы қ т ы ң
ш еңберінен әлдеқайда кең колемдегі талаптарды екінің бірінде алға 
тартып жүреді. Олар үшін де белгілі бір әрекеттер әділетті, ал басқалары 
әділетсіз, ж ақсы не жаман т.т. Ал, олар организм мүқтаждығынан 
басқа нәрселердің бәрі де беймэлім жәндіктерде болмайды. Ш ектен 
ш ы ккан озімшіл де осы категориялармен ойлайды. С оны мен бірге 
күнделікті омірде осы мәнділіктің сан түрлерін кездестіреміз. Адам- 
дардың коишілігі мойындайтын жалиы мәнділіктің шеңберінде коп 
адамдардың озіне гана тән , ж алиы лы ққа қайш ы келм ейтін нақты 
мәнділіктері де бар. Кейде тіпті болмашы нәрселердің, жалған н әр- 
селердің озі адамдарга омірінің мәніне айналып жүреді. Адамдыққа 
жат жауыздықтың озі де түтас бір қауымдар, халықтар, топтар үшін 
олардың тарихтағы болуының мәніне айналғаны да белгілі.
Адамгершілікті, ізгілікті, әділеттілікті т.т. мойындаудан басқа
23


шексіз байлыққа, билікке, үстемдік пен озбырлыкка т.т. үмтылушы- 
л ы қ та коп адамдарды ң көкейтесті пиғы лдарына айналаты нды ғы
қазіргі заманда бәрімізге аян. Осындай жеке адамдардың өмірлік мәні 
болатын тағы да көптеген нәрселерді айтуға болады. Сол сиякты копте - 
ген тарихи кезендерде бір халықтың, таптың т.т. екіншілеріне үстемдік 
етуге үмтылуы, тіпті оларды жойып жіберуді коздеуі осындай м әннің 
орнын басады. М ысалы фаш изм идеологиясы, солардың бірі. Олай 
болса, мәнді болу тек қана игілікті, ізгілікті болу деген соз емес. М ән 
барлы қ уакытта тек ж ағымды лықты білдірмейді. Бірақ, оздігінен 
жағымсыз қасиет, оны ң объективтік жалғандығы белгілі бір омірлік 
мәнге айналғанда ол кобінесе жағымды баланады, биік мақсат, омірлік 
арман болып түрады.
Сондықтан мәнді, мәнділікті барлы қ уақытта айдан айкын адам- 
дарға белгілі ж әне озгермейтін нөрсе деуге болмайды. Адамзаттың 
бүкіл тарихы да, әрбір жеке адамның омір жолы да осындай мәнділікті 
іздеуге толы. Б іздің мүндағы айты п оты рған адам б олм ы сы н ы ң
мәңгілік бір м әнін ің болуы емес, оны ң озгешелігі - сондай мәнге 
оны ң үмтылушылығында ж әне сол мәнді олардың оздерінің туғызу- 
ында. Ол м әнн ің накты мазмүны адамдардың тарихи пайда болатын 
адамдық деңгейіне байланысты ж әне сол адамдықтың нақты озге- 
шелігіне, қайталанбас түрпатына қарай болып түрады.
М әнділіктің адамдарды басқа барлық жзгндіктерден болектетіп 
тү р аты н ы - о н ы ң ад ам д а р ға т а б и ғаттан б ер іл ген тум а қ а с и е т
еместітінде. Адам туғанда м әнімен бірге тумайды. Ол кейінгі қалы п- 
тасуында ғана мәнділікке ие болуы мүмкін. Ж әне ол да тек мүмкін 
нәрсе. Онда бүлтартпайтын қажеттілік, заң жоқ. Себебі дүниеге кел­
ген нәрестенің адам болуының озі де мүмкінш ілік қана, ол болмай 
қалмайтын тағдыр емес. Сондыктан да адамдардың әркайсы сы белгілі 
бір мәнділікті өзі жасайды, яғни оны ң тандайтыны озінің биология- 
лы к тума касиетінен басқа да болуы ж әне сол озінің биологиялы қ 
болмысы да болуы мүмкін.
Адам - оз болмысының субъектісі. Субъект болу әрбір жеке адам- 
ның оз іс-әрекетіне, сыртқы дүниеге, басқа адамдарға әрі озіне қаты- 
насына озі ие, оны ол озі жасап, озі реттеп әрі озі тыя алады дегенді 
білдіреді. Сонымен бірге ол озінің жан әлемінде де, озінің психика- 
лы к қьізметіне де белгілі дәрежеде ие, олар үшін ол жауап бере алуы 
тиіс. Әрбір адамда мәнділіктің озгеше болып, оны озінш е түсінуі, 
бірақ, жалпы объективті мәнділіктің болуын ж оқка шыгармайды. Оны 
мәнділіктің ақикаты деп атауга да болар еді. Ол жеке пигылдар мен 
ү м т ы л у ш ы л ы қ т а р д а н т ә у е л с із , о л а р д ы ң ә р т ү р л і а й н ы м а л ы
озгерістерінен терең жататын мәңгілік асылдықтар. Олардың жалпы 
мәні адам жогалмай түрып ош пек емес. Тек тарихи әртүрлі себептер-
24


мен көмескіленіп, бүркемеленуі мүмкін.
Белгілі бір тарихи дәуірге немесе ортаға тән мәнділік сол дәуірдегі 
не ортадағы адамдардың жалпы рухани кескінін күрайтын нәрсе. Адам- 
дардағы нақты істер мен мақсаттар, олардың ойлау ерекшелігі (м ен­
т ал и тет ), ж ал п ы тір ш іл ігі м ен о й л а у ы н ы ң л о г и к а с ы сол іш к і 
мәнділікпен сәулеленіп түрады, белгілі дәрежеде соны ң көрінісі деу- 
ге болады. Сондықтан да мәнділік көбінесе тікелей көзге көрінетін 
күбылыс емес. Белгілі бір ортаны ң рухани мәдениетінің озгеше бо­
лып түратыны да оны н түпкі негізінде белгілі бір ерекше м әнн ің жа- 
татындығынан. Осындай м ән белгілі бір мәдениеттің ішкі үйытқысы. 
М ы салы , байы рғы қауы м дасуды ң дәреж есін де XX ғасырға дейін 
сақгалған Америка, Австралиянын т.т. тайпаларын зерттеген Еуропа 
ғалымдары сол тайпа адамдарының іс-әрекеттерін, әсіресе олардың 
ойлау логикасы н көп уақыт түсіне алған жок. Оларға әуелде (Э.Дюрк- 
гейм, әсіресе Л.Леви-Брюльге) қауым адамдарының ойлауында еш қан- 
дай логика ж ок сияқты қорінген. Бірақ, кейінгі кезендерде, олардың 
ойлауы еуропалықтарға үқсамайтын басқаша тәртіппен, зандылықпен 
іске асатындығы айқы ндала бастады. П ралогикалы қ (яғни л огика- 
лы к дәрежеге дейінгі) деп есептеліп келген ойлаудың өзіндік озгеше 
логикасы ның бар екені белгілі болды. О ны ң себебі ойлаудың барлык 
мәнін сыртқы объективтік дүниенің себеп-салдарлы қ байланыстары 
арқылы гана көретін, сыртқьі дүниені тек зандарын білу аркылы пай- 
далануга багышталган еуропалық ойлау негізінде басқа м ән жатқан 
ойлауды, рухани мәдениетті түсіне алмады. Байыргы қауым адамда- 
рының мәдениетіне, ойлауына, табигатқа, болмысқа осы түрғыдан 
карау жат нәрсе. Өзінің осы қатесін Л .Л еви-Брю ль кейін өзі де мой- 
ындаған.
Адамның дүниеге катынасы, оны ң негізгі сипаты мен табиғаты 
осы м әнм ен аныкталады. Сыртқы табиғатты өзгерту қьізметінің озі 
негізгі екі түрлі мәнді іске асыру үшін болуы мүмкін: біріншіден, 
табигат пен адамны ң үйлесімді байланысы, бірін-бірі толықтыратын, 
жаңгыртатын ж әне екінш іден, табигатты тек пайдалану үшін. Та- 
бигатқа тек қан а пайдагерш іліктің көзім ен қарап, тек өзін ің бір 
мүқтаждығының түргысынан қатынас жасау антикалы к дәуірден ба- 
стап Еуропада кең оріс алды. Онда табигатты тек адамның бір кә- 
десіне жарайтын немесе жарамайтын заттар мен күбылыстардың ар ­
сеналы, адамны ң бір табиғи коймасы ретінде гана қарап іс-әрекет 
жасау басым болды. Әрине, еуропалық омірде басқа қатынастар да 
бар, бірақ әңгіме қандай қатынастың жетекші, басым болғандығын 
айтып отырмыз. Осы пайдагерлік қатынас үстем болған, тіпті баз 
біреулердің жан дүниесінде жалғыз ғана қүмарлыкқа ие болған жерде 
табигаттың, басқа адамдардың, жалпы өзінен тыс қүбылыстардың
25


қайсысы болса да өзіндік дербес мағынасынан айрылады, ондай жан- 
дар үшін табиғаттың кез келген заты не пайдалы, не пайдасыз, олар- 
ды ң озіндік қүндылыгы ол үшін жоқпен тең. Сондыктан ондай адам, 
ондай қоғам табигатты оны ң адамнан тәуелсіз мағынасы үшін қас- 
терлемейді, оны мәпелемейді, тіпті сақтауға да үмтылмайды, одан 
тек керегін алып, жоя беруге даяр. Бүл белгілі бір мәнділіктің ешбір 
қ о с п а с ы з “т а з а ” ан ы қ там асы . Б ір а қ өм ірд е ол қ а ты н ас еш бір 
“кірш іксіз” ада күйінде кездесе бермейді. Өкінішке орай өзіміз өмір 
сүріп отырған дүниемізде осы катынас басым. С оны ң арқасы нда 
өзімізді қорш ап отырған табиғат орасан зор зардап шегуде. Бүл каты ­
нас түбірінен өзгермесе (бүкіл әлемдік шеңберде) адамзат казіргісінен 
де зор апаттарға үшырауы сөзсіз. Бүл тарихтағы жалған мәнділіктің 
бір көрінісі.
Адамдарға оз күлқынан басқаның бәрін тәркі етушілік мендеп 
кеткен дәуірлерде ол табиғатка гана емес, ең алдымен адамның адамға 
қатынасында ең үлкен апаттарға душар етеді. Олар бүрынғы дәуірлерде 
болып келсе де, бірак XX ғасырда айрыкдіа зор алапаттар туғызды. 
О ның кейбір мысалдары: екі рет болған дүниежүзілік соғыстар, белгілі 
кезенде Еуропада бел алған фаш изм, бүрынғы К С РО -да болған тота- 
литарлы ктәртіп, қазіргі бүкіл әлемді, соны ң ішінде әсіресе Кдзақстан- 
ды камтыған экологиялы қ дағдарыс.
Екінш і бір мәнділік табигатты өзгертуге, меңгеруге, үстемдік 
етуге, пайдалануга біршама енжарлық, бірақ-хшың есесіне, табигат- 
пен үйлесімді тіршілікке бейімділік көбінесе Ш ыгыста айкы ны рак 
көрінді. XX гасырга дейін осылай болды. Қазір мүнда да алгашқы 
катынас еніп келе жатыр.
Айтылган нәрселерден шыгатын түйін: егер белгілі бір мәнді 
өмірге үмтылу адамдық касиет болатын болса, одан, бірақ м ән адам- 
ды жасайды немесе адамды адам етеді деген соз емес. Керісінше, өзі 
үшін мәнді адамдар өздері жасайды немесе калайды дедік. Яғни, адам- 
ның дүниеде болуының негізінде жатқан қасиет, ол еркіндік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет