§ 10 . Анализ және синтез
“Анализ“ гректің
analysis
сөзінен шыққан. Бөлу, жіктеу, талдау
деген мағынаны білдіреді. “Синтез” де гректің
synthesis,
яғни қосу,
кұрау, үштастыру деген сөзі. Алғашқыда және қазіргі күнделікті қол-
дануда да ол сөздер ойлаудың әдісі, формасынан көрі адамдардың
белгілі бір іс-әрекеттерін сипаттайды. Осы мағынада колдану белгілі
бір шамаға дейін дүрыс та, бірақ оның толық шын мағынасын аш-
пайды.
Бірақ осы бөлшектеу, жіктеу, талдау жөне қосу, қүрау деген
мағынада анализ және синтез неғүрлым көп қолданылған да зерттел-
ген. Философия тарихында осы жөнінде түңғыш пікір айтқан Пла
тон. “Федр”, “Софист” деген диалогтарында Платон адамда екі түрлі
табиғи қабылеттердің барын: “synagoge” (қосу) және “diaizesis” болу,
айыру) - айтқан. Біріншісі - көптеген оқшау нәрселерді бір идеяның
шеңберіне кіргізу, соған жатқызу болса, екіншісі әр нәрсені оның
табиғи қүрамды бөліктеріне ажырату, түрлеріне бөлу, бірақ сол бөлшек-
тердің ешқайсысын бүзып алмау керек. Диалектиканың өзі Платон
үшін тектер мен түрлерді айқын ажырата білу^ Жетілген мәңгі фор-
малардың қайталанып отыруын ғана бағалы деп есептейтін Платон
үшін, әрине, анализдің орны жоғары, ал адамдар әрнәрселерді қосып
бір жасанды бүйымдар өндіргенде олар тек табигатқа еліктейді. Та-
биғаттағы заттардың өзі мәңгі идеялардың колеңкесі болғандықтан,
адамдар ісінің туындылары тек көлеңкенің көлеңкелері гана. Платон
үшін тектер мен түрлердің идеяларына сай нәрселер әлдеқашан бар,
яғни жасалынатын жаңадан туатын нәрселер жоқ. Сондықтан адам-
дардың ойы да, ici де тек бар нәрселердің касиеттерін ашу, соларды
айқындауға бағытталған. Олай болса, негізгі - синтез емес, анализ.
Платонның философиясында барлық нәрселердің түпкі тегі ба-
стан-ақ белгілі, ягни синтез бастан-ақ іске асқан, адамдардың үлесіне
тек анализ қалған. Анализ ешбір жаңа нәрсе әкелмейді, ол тек бар
бөлшектерді жіктейді және қайсысының қай тек пен түрлерге жата-
тынын анықгайды. Синтез, олай болса, адамның емес, ол тек жара-
тушыньщ ici.
Бүл қағидамен келіспеген Аристотель Платонда бөлшекті қүрай-
тын жалпы нәрсенің озі дәлелденбеген, сондықтан ең алдымен ненің
бөлшектенетіні белгісіз екендігін айтқан. Сондықтан анализді білу
100
үшін алдымен синтезді анықтау керек. Бірақ Аристотель синтезді
колданған жоқ. Оның орнына ол пайда болу деген терминді үсына-
ды. Соңдықтан анализді Аристотель түпкі себептерді іздеу қызметі
деп қарайды. Анализ бен синтез, әрине, белгілі бүтіндіктің ішкі күры-
лымына байланысты. Яғни олар бүтін мен бөліктердің өзгермелі қаты-
настарын анықтау ғана емес, соларды жасау да. Әрбір бүтіндіктің
табиғаты өзгеше. Яғни олардың бөліктері сол бүтіндіктің табиғатына
сай боліктер, оның табиғатының болу формалары. Ондай бүтіндікті
бөлшектеу (анализ) алдымен оның табиғатын тануды қажет етеді (син
тез). Ондай тану міндетті түрде ғылыми дәрежеде бола бермейді. Ол
сезімдік, интуициялық сипатта болуы да мүмкін. Аристотельдің Пла-
тонға айтқан сыны осыған мегзеп түр. Әрбір бүтіндіктің өз табиғаты-
на байланыссыз, жалпы алынған бөлшектеу мен қосу нақты мазмүны
жоқ жалаң операция. Әсіресе күрделі бүтіндіктерге, мысалы тірі ор-
ганизмге, ондай бөлшектеу жарамсыз. Жалаң механикалық болшек-
теу тірі организмнің өзіне ғана тән бөліктерін корсете алмайды. Яғни
анализ өзінің шын қызметін атқара алмайды.
Жаңа дәуірде ғылыми танымның жоғары карқынмен дамуы ана
лиз бен синтезді түсінуде негізінде танымдық талаптарды алға шығара-
ды. Ол талаптардың негізгі белгісі бүтіндіктер адамнан тыс, оған тә-
уелсіз табиғи объектілер, яғни табиғи бүтіндіктер қүндылыққа қүрыл-
майды, олардың түп мазмүны - онтологиялық заңдылықтар. Оларға
адамның қатысы шамалы. Осы талап Аристотельдің Платонға багыш-
таған сынынан да көрініп түр.
XVII ғасырда Локк әсіресе заттың объективтік белгілерінен адам-
ның оған субъективтік қатынасын үзілді-кесілді айырып алуды қажет
деп тапты. Ол ажырату қызметін бөлу кызметінен болек нәрсе дейді.
Ажырату заттардың өзара табиғи айырмашылықтарын андау. Ал бөлу
болса адамның ырқына ғана байланысты әрекет. Соңғысы заттардың
өзіне тән жіктелуімен санаса бермейді. Сондықтан ол адамды заттар-
дың озіндік қасиеттерін танудан ауытқытуы ықтимал.
Анализді тек адамның ырқына ғана бағындырудан жалған
коріністер туатынын И.Кант та айткан.
XIX
ғасырдың бас кезінде Гегель анализ бен синтезді тек жалаң
бөлшектеу мен қосу деп түсінуді жалпы танымдық қызметке жатпай-
тынын көрсетті. Олар тек заттармен алгашқы танысу дәрежесіндегі
гана кызмет, ХХ-ғасырда неопозитивизм, аналитикалық философия
бағыттарына анализ бен синтезді жалаң техникалық харекет түрінде
түсіну тән болды. Олар жіктелінетін әрбір бүтіндіктің өзіндік табиғатын
ескермеуді дүрыс деп тапты.
Ғылымның даму тарихында да Антика дәуірінен бастап анализ
бен синтезді екі түрлі бағытта өрбіту орын алды. Оның бірі көбінесе
101
танымдық қызметтің ерекшелігіне байланысты. Ол бағыттың түсінуі
бойынша анализ белгілі бір қағиданы дәлелдеуге қызмет етеді. Оның
мақсаты - дайын, дүниеде бар нәрсені танып, оның табиғатын ашу.
Таным тек бар нәрселер жөнінде болуы мүмкін. Сондықтан анализ
бар нәрсенің ішкі күрылымына еніп, жіктеп, қасиеттерін ажыратып
ақиқатына жетуі тиіс. Синтез болса, ол негізінен бар нәрселерді та-
нудан корі әлі жоқ, бірак болуы мүмкін нәрселердің пайда болу, күра-
луының жолдарын қарастыруға бағытталған. Тіпті таза таным про-
цесінің озінде де, әсіресе оның теориялық деңгейінде бар нәрсенің
калай қүралатынын, пайда болу жолын көрсетуі тиіс. Ғылымның та-
рихында бүл көбінесе геометриялык фигуралардың күралу жолын
дәлелдеумен байланысты дамыды. Синтездің жолы әр уақьітта бар-
лықтың шеңберінен шығу, жаңа нәрсенің пайда болуы.
Диалектикалық ойлауда анализ бен синтез бір-бірінен окдіау
алып қаралған емес. Гегель де жэне Маркс та оларды бір процестің
екі жағы деп түсінген. Тек ойлаудың белгілі бір кезендерінде бірде
анализ, ал бірде синтез алға шығуы мүмкін. Бірақ солардың әрқай-
сысында да олардың екіншісі жогалмайды, тек көмескіленеді. Ойлау
барысында олар бір-біріне ауысып отырады. Оның себебі табиғаты
беймәлім бір қүбылысты талдау, жіктеудің өзі оның түпкі бүтіндікті
күраушы бөлігін іздеумен байланысты. Басқаша айтсақ бүтіндіктің
түпкі бастау формасын іздеу, айқындау анализдің ерекшелігі. Егер
ондай іздеу жолындағы талдау жасалмайтын бодса, анализ жогарыда
айтқан жалаң, бағдарсыз бөлшектеу техникасына айналады. Яғни тал
дау ажыратудың ең бастан сол ажыратылмаған бөліктердің, белгілердің
түтастыққа келуіне қарай бағытталған. Бірақ солай жіктелетін нәр-
сенің түпкі тектік формасын тауып, барлық бөліктер соның әртүрлі
түрлері екендігін анықтау түтастық түрғысынан алғанда синтез бо
лып шығады. Егер, мысалы, өсімдіктің үрығын бүтіндіктің бастау бөлігі
деп қарасақ, оның кейінгі өсіп өнуі көптеген түрлер туғызады және
оның ең соңғы нәтижесі де сол үрық өндірумен аяқталады. Яғни
бүтіндікті бүрын да айтқандай тек заттық емес, белгілі аяқтапған про
цесс деп түсінсек, оны әрі синтез, әрі анализ деуге болар еді. Ол
процесті жалпы қай жагынан алып қарауга байланысты. Алгашқы
бүтіндік өзінің дамуында өзін түрлерге таратады, белгілі мағынада
бөлшектейді, негізгі белгілерін алғашқы нышандық дәрежеден айқын
окдіауланган қаяыпқа дейін жеткізеді. Бірақ одан синтез жогалмай
ды. Керісінше, алгашқы іштей ажырамаған синтез өзін жан-жақты
өрістете алса, өзін түтастанудың жаңа дамыған дәрежесіне жеткізеді.
Анализ аркылы синтез дамиды және керісінше. Іштей тарамдалган,
әртүрлі белгілеріне талданган процестер гана күрделі бүтіндіктер, ал
соларды ой жүзінде өрістету - анализ бен синтездің бірлігі болады.
102
К.Маркстың, мысалы, “Капиталда” қарапайым бүтін қатынас товар-
ды товарға айырбастауға жасаған талдауы ондағы барлық мүмкін
формаларға алып келеді. Товардың түтыну және айырбас қүны, оларды
тудыратын түпкі процесс еңбек, еңбектің нақты және абстрактылық
жақтары, қүн, т.т. Бүл процестің ақырсында ақша, қосымша қүн,
пайда, процент, рента формаларына, капиталға әкелетіні белгілі.
Анализ бен синтез тек қана таза логикалык формалар, немесе
әдістер емес, олар адамдардың дүниеге белгілі бір қатынастары да.
Осыған дейін біз олардың негізінде танымдағы ролін әңгіме еттік.
Әрине танымдық қатынасты біз бірден-бір қүндылыққа айналдыр-
сақ, сол үшін ғана өмір кешсек, онда танымдық қатынас пен өмірлік
қатынастың айырмасы болмайды. Аристотельден басталған, бірақ
Батыста Жаңа дәуірден кейін бел алған қатынаста таным дүниеге
қатынастың өзегіне айналғаны мәлім. Бірак философияда оған қай-
шы козқарастар да болды. Әлемдегі, әсіресе адамдар қоғамындағы
түтастықты, бүтіндікті әсіре бағалаушылық басым болған көзқарас-
тарда синтезді жоғары қоюшылық алға тартылды. Платонның, Пло-
тиннің, Гегельдің философиясы осылай күрылған. Керісінше, Демо-
криттің, Лейбництің, Шопенгауердің, экзистенциализм бағытындағы
ойшылдардың философиясы болмыстағы, әсіресе адамдық болмыс -
тағы айырмашылықты коруге, әрбір түтастықтың тек салыстырмалы
монділігіне көңіл аударуға бейім. Өмірде кездесетін аналитикалық
ақьіл немесе синтетикалық пайымдауға бейімділік делінетін қабілет-
тер адамдардың әртүрлі күндылықтарға ойыстап түратынынан болса
керек.
Әрбір жеке адамның әлеуметтік орны, оның дербестігінің арту-
ына сай адамдарда жалқы омірдегі озіндік өзгешеліктің бағасы арт-
пақ. Жеке түлға озінің озгешелігімен әлеуметтік омірді байытатын
жағдай қалыптасуы тиіс. Жеке адамның өз ерекшелігімен толысып,
әлеуметтік дербес бүтіндікке айналуы онда озіне деген рефлексия-
лық қатынасты да дамытады. Ол міндетті түрде белгілі деңгейде са-
наның болуының шарты дегенбіз. Яғни ол ондай адамның өзін өзі
тануы, сезінуі, оз жан дүниесін озі шолып, оған иелік ететіндей дәре-
жесі дегенбіз. Олай болса әр адамның өз жан әлеміне әр сәтте коз
жүгіртіп, қажет болса, оған да анализ және синтез жасап отыруы
міндетті нәрсе.
103
|