Où түйіндеу.
Пікір мен үғымның пайда болуында және дамуын-
да ой түйіндеудің орны айрықша зор. Ой түйіндеуде адам ойларының
ж асам пазды қ сипаты әсіресе айқы н козге түседі. Қалыптасқан
білімдеріміздің көпшілігі белгілі нәрседен белгісіз нәрсеге қарай өрбу
жолымен, яғни ой түйіндеу арқылы пайда болған.
Ой түйіндеуді зерттеу, немесе, бір пікірлерден екіншіні бір
пікірлердің шығуының, туындауының ережелері мен нормаларын
қарастыру формальдық логиканың үлесі. Себебі, формальдық логика
ойлаудың формаларын, олардың нақгы мазмүндарын окшау, дербес
алып зерттейді. Формальдық логика ойдың болмысқа сәйкес келуінің,
яғни ақиқатқа жетудің жолдары мен формаларын қарастырмайды.
Бүл философияда танымның тәсілі туралы ілімнің міндеті. Филосо-
фияның танымдағы міндеті ойлау мен болмыстың арақатынасын қарау
98
болса, формальдықлогиканың ғылым ретіндегі міндеті - ой мен ойдың
арақатынасы, бір ойдан екінші ойдың шығу жолдары мен заңды-
лықгары туралы мәселені зерттеу. Философия үшін кажет нәрсе ойдың
ақиқаттығы,
ал формальдық логика үшін - бір ойдан екінші ойдың
дүрыс
шығуы. Сондықтан философия ой түйіндеуді осы ақиқатқа
жетудің жолы, формасы жағынан, ягни оның формасын мазмүнымен
бір түтастықта қарайды. Формальдық логика - философиялық тәсіл
емес, ойлаудың іштей өрбитін механизмдерін зерттейтін жеке гылым.
Ой түйіндеу
деп бүрынғы қалыптасқан білімнен жаңа білімнің,
бүрынғы белгілі ойдан жаңа ойдың шыгуы іске асатын ойлаудың
формасын айтады. Ой түйіндеу - пікірлердің дәнекерлену және шығу
процесі, солардың жүйесі. Бүл жүйе үш түрлі білімдерден немесе ой-
лардан күралады: бастама ой (посылка), ягни түйіннің (заключение)
шыгатын көзі, ш ыгатын (туатын) ой (выводное знание) ж ән е
негіздеуіш ой (обосновывающее знание), ягни бастама ойдан шыгатын
ойга өтудің мүмкіндігін көрсететін ой не білім. Негіздеуіш қызметін
өртүрлі аксиомалар, анықтамалар, зандар, ережелер және т. б. түжы-
рымдар атқарады. Негіздеуіш ойдың қандай екендігіне қарай ой
түйіндеудің формалары, бастамадан түйінге отудің сипаты озгереді.
Сондыктан ой түйіңдеу барлық уақытта жалпылық арқылы немесе
жалпылықтың негізінде іске асады.
Мысалы, гылымда организмнің жеке органдарының озара занды
сәйкестік байланысы белгілі. Белгісіз жануардың жер қыртысында
сақталган ж ақ сүйегін тапқан галым осы білімнің негізінде жақ
сүйегінің ерекшелігін тістердің күрылысына, одан оның жемінің саны
мен сапасы және қарны мен ішектерінің күрылымы хақында ойлар
түйіндей алады. Ақырсында ол белгілі бір ықтималдықпен ол жану-
ардың бүкіл дене күрылысы, тіршілік ету жолы жонінде ой түйіндеу-
ге мүмкіндігі бар. Ой түйіндеудің қарапайым формасы оның ең күрделі
саналуан пікірлердің түйіскен түрлерінің қүрылысынан хабар береді.
Мысалы, “Гүлдердің бәрі де - осімдіктер, роза - гүл, ендеше роза да
осімдік” десек. Мүндагы бастама да, нетіздеуіш те, түжырым да айқын
қысқа пікірлер. Ал, күрделі бір жаңа түжырымды дәлелдеу үшін оның
осы үш болігінің әрқайсысы коптеген пікірден, аксиомалардан, т. т.
ережелерден қүралуы тиіс.
Ой түйіндеуде жаңа ой міндетті түрде синтездің нәтижесі. Оңда
бүрын бір-бірінен оқшау нәрселер біріктіріледі, түжырым (заключе
ние) сол біріккен синтез.
Ой түйіндеудің әрбір формасы жалпылықтың, жалқылықтың
және озгешеліктің белгілі бір байланысын корсетеді. Осыган кезінде
Гегель ерекше коңіл аударган. Оның ойынша ой түйіндеу - жалпы-
лықтың жалқылықпен озгешелік арқылы байланысы. Тіпті әрбір зат
99
- жалпылықтың өзгешелік арқьілы жекелікпен түйықталған, окдіау-
ланған формасы.
Достарыңызбен бөлісу: |