№1 (37) 017 бас редактор



Pdf көрінісі
бет14/104
Дата28.10.2022
өлшемі4,34 Mb.
#46041
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   104
Байланысты:
ұлттық материал

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
педа гогтың бойындағы тәрбиеленушілерге 
ық пал жасайтын икемділіктер кешені төмен-
дегідей:

дұрыс және мәнерлі сөйлеу икемділігі 
(сөйлеу мәдениеті, оның эмоционалдық мінез-
демесі, интонация, сенім туғызуы);

жест және мимиканы, пантомимиканы 
қолдана білу икемділігі;

өзінің психикалық жағдайын: сезім-
дерін, көңіл-күйін басқара алу икемділігі;

өзін-өзі сырттай көре алу икемділігі 
(әлеуметтік перцепция).
Сөйлесу кезінде қолын айқастырмай, ауди-
то рияға бетімен бұрылып тұруы, араларындағы 
қашықтық үлкен болмауы керек. Сөйлеу кезінде 
оңға, солға емес, керісінше алдыға, артқа 
қозғал ған дұрыс. Алдыға қозғалғанда айтып 
тұрған ақпараттың маңыздылығын күшейтіп, 
ал артқа қозғалғанда тыңдаушыларға кішкене 
дем алуға мүмкіндік берілуі ескерілуі керек.
Мимика – беттің қимылдары арқылы өз 
сезі мін, ойларын көңіл-күйін көрсету өнері. 
Сөзге қарағанда бет-әлпет, көзқарас адамдарға 
көп әсер береді. Мимика ақпараттарды жақсы 
қабылдатуға көмектеседі.
Педагогикалық техника педагог іс-әрекеті-
нің ішкі мазмұны мен сыртқы көрінісінің 
үйлесімді бірігуіне ықпал жасайды.
4. Мұғалім келесі адами қасиеті сипаттары 
қағидаларын басшылыққа алуы тиіс:

Балаларға әрқашан сенім көрсету;

Оқушыларға оқытудың мақсаттары мен 
міндеттерін белгілеп, нақтылауға көмектесу;

Оқушылардың оқуға деген ішкі қызы-
ғу шылығына мән беру;

Әр түрлі тәжірибенің қайнар көзі ретін-
де, оқушы қиындыққа кездескенде әрқа шан 
кеңес алуға болатын тұлға болу;

Балалардың, әріптестердің ішінде өз 
сезімін ашық білдіру;

Әрбір оқушының сезімі мен көңіл 
толқуларын түсінуге мүмкіндік беретін 
эмпатиялық дәрежеге ұмтылу.
Сонымен, ойымызды қорытатын болсақ, 
егер де кез келген мұғалім ынта-ықылас қойып, 
табандылық танытатын болса, өз бетімен көп 
еңбектенсе, идеялық жағынан сенімді, саяси 
жағынан есейген азамат болса, өз пәнін жақсы 
білсе, оқытудың әдістемесін меңгеріп, бала 
психологиясын жете білсе, педагогикалық 
техниканы қалыптастыра алса, педагогикалық 
шеберлікке жету қасиеттеріне ие бола отырып, 
педагогикалық кәсіпті меңгерсе, педагоги-
ка лық әдепті бойына сіңірсе, онда талантты, 
шебер ұстаз бола алады.
«Ұстазы жақсыдан ұстамы жақсы оқушы 
шығатынын» естен шығарауымыз керек. Өйт-
ке ні, оқушының бойына шынайы білім мен 
білік дағды ларын дарытып, зердесіне ғылым 
негіздерін тоқыта алған, әр оқушыны өзіне 
жақын тартып, тәрбиеге баулып, үйренген 
нәрселерін өмірде, іс жүзінде қолдана білуге 
дағдыландыратын, педагогикалық этикеті мен 
эстетикасы астасуы арқылы оқушыларына 
үлгі бола алған адам ғана нағыз ұстаз болмақ!
ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. «Педагогика». – Алматы, 1998.
2. ХХІ ғасыр мұғалімі қандай болу керек? // Мұғалім әдіскер. – 2004. – № 4.
3. Жарықбаев Қ.Қ., Қалиев С.Қ. «Қазақ тәлім-тәрбиесі». – Алматы, 1995.
4. Нуриев М.А., Садыкова А.Е. Қазіргі заман мұғалімінің болмысы. // Ұлттық тәрбие. – 
№4(36)2016. – 6-11 бб.


15


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет