№1 (37) 017 бас редактор



Pdf көрінісі
бет12/104
Дата28.10.2022
өлшемі4,34 Mb.
#46041
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   104
Байланысты:
ұлттық материал

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
Бұл үрдерістің барысындағы ең ма ңыз -
дысы мұғалімнің қарым-қатынас шығар ма-
шылығы болып табылады. Бірдей тапсыр ма-
ны, бірдей әңгімені мұғалім әр түрлі ырғақ-
пен, әр түрлі көңіл-күймен беріп, өт кізе ала ды. 
Педагогикалық қарым-қатынас тың ма ңыз-
ды лығын ескере отырып «Сынып қа кіретін 
педагогқа бірнеше ереже» ұсыныбақшымыз:

Мұғалім балалармен қарым-қатынасы 
ту ралы алдын ала ойлап, оны ойша құруы 
керек.

Педагогикалық қарым-қатынас құру 
кезінде педагогикалық мақсатты ғана көздеп 
қоймай, баланың мүддесін де ескеруі тиіс.

Педагогикалық іс-әрекетте қарым-
қатынас жасаудың барлық түрлерін қолдану 
керек (ақпарат алмасу, өзара әрекеттестікті 
ұйымдастыру, баланың тұлғалық қасиеттерін 
аша білу, оған ықпал ету және т.б.).

Қарым-қатынас жасау арқылы шешетін 
мәселені айқын және нақты тұжырымдап алу.

Қарым-қатынас жасаудың стратегиясы 
мен әдіс, жолдарын ойластырып алып, бала-
ның санасы мен мінез-құлқына ықпал ететін 
әдістерді таңдап отыруы керек.

Тәрбиеленушілермен қарым-қатыста 
тілдесуді «тік», жоғарыдан төменге қарай емес 
(педагог баладан биік), керісінше, «көлденең» 
(педагог пен оқушы бірдей) дәрежесінде 
ұйымдастырған жөн.

Балалармен қарым-қатынас жасауда 
олардың көңіл-күйін түсінуге талпыну керек, 
сыныптағы климаттың кішкентай болса да 
өзгерістеріне назар аударып тұрған дұрыс.

Тілдесу кезінде мұғалім өзін еркін 
ұста уы тиіс, ешқандай бөгеліп қалушылық, 
бейберекет қозғалыс, бос күлкі болмау керек;

Кейбір оқушыларға деген келеңсіз 
ойларын қарым-қатынас барысында көрсет-
пеу ге тырысу керек.

Мұғалімнің сөзі бір балаға немесе 
балалар тобына нақты бағытталуы қажет.

Қарым-қатынас 
«билік» 
түрінде 
құрыл мауы тиіс. Ең кішкентай сәбидің де 
қарым-қатынаста өз еркіндігіне талпынатыны 
әрқашан есте болғаны жөн.

Балалар ұжымындағы психологиялық 
атмосфераны тани білуі баламен қарым-
қатынасқа көмегін тигізеді.

Оқушыларды ести және тыңдай алу 
керек.

Оқуышалардың мұғаліммен тікелей 
қарым-қатынасы кезінде олардың көңіл-күйін 
сезе білуі тиіс.

Балалар арасында теке-тірестер орын 
алуы әбден мүмкін екенін және мұғалім өзінің 
педагогикалық дәрменсіздігі арқылы оны 
ушықтырып алуға болатынын ұмытпағаны 
абзал.

Баланың қателігін айту кезінде әдеп-
тілік танытқаны дұрыс.

«Қиын» мәселелерден аулақ болу үшін 
«неге?», «не үшін?» деген сұрақтан бастағаны 
жөн.

Қарым-қатынас барысында бастама-
шыл болғаны дұрыс.

Қарым-қатынас кезінде әсіресе қыздар-
ға көңіл бөлінуі қажет. Олар мейлінше нәзік, 
әрі эмоцияға жақын.

Балармен қарым-қатынас кезінде бір 
қалыпта (тура жоспар бойынша) әрекет жасау-
дан аулақ болуы керек.

Кейбір балаларға деген жеккөрініш 
сезімінен аулақ болып, оны жеңе білуі мұғалім-
нің педагогикалық шеберлігін білдіреді.

Констурктивті бастамасыз жасалған 
жұмыс (тек қана сынау) еш нәтиже бермейді.

Балаларға жиі күлімсіреу қажет. Күлкі 
балалармен тілдесуге, қарым-қатынас жасауға 
көмектеседі.

Оқушының «жүзіне қарап оқи алу».

Оқушылармен ерекшеліктеріне орай 
байланыс жасай алу.

Балаларды жиі қолдап, мадақтап, 
мақтап отыру.

Оқушы мұғалімінің өзіне қалай қарай-
тын дығын білуі тиіс. Баланың тәртібіне берген 
баға оның мұғалімге деген қарым-қатынасын 
қалыптастырады.

Әр әңгімеге дайындалып, әңгімелесу 
стратегиясын құру керек.

Балалардың өсіп келе жатқаны және 
олар дың алғашқы тәртібі өзгеріп отыратыны 
әрқашан есте болғаны жөн.


13


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет