№1 (37) 017 бас редактор



Pdf көрінісі
бет13/104
Дата28.10.2022
өлшемі4,34 Mb.
#46041
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   104
Байланысты:
ұлттық материал

ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗ

Мұғалім мен сыныптың, тәрбиеші мен 
топтың арасында кедергілер орын алуы мүмкін. 
Бұл арада топтағы, сыныптағы, балалар ара-
сын дағы әлеуметтік-психологиялық жағдайды 
ескеру керек.

Сонымен қатар, ынталандыру, жазалау 
және мадақтау тәсілдерін пайдалана отырып, 
мұғалім әр балаға қатысты ерекше әдепті 
болуы тиіс. Оқытушыны ұжымы қолдамағанда 
немесе оқушылар бұл мақтау негізсіз деп 
есептеген жағдайда мадақтау әдепсіздік. Жаза 
қолдану кезінде тәрбиеленушіге құрмет пен 
талапты біркелкі қоя білу өте маңызды. Оқушы 
қылығына ренжуге, әсіресе бар ашуды баладан 
алуға, жеке басын қорлауға жол берілмеуі тиіс.
Кәсіби этика әріптестерімен және басқа 
адамдармен түрлі жағдайларда, ресми және 
бейресми қарым-қатынастар барысында көрі-
не тін маманның жалпы мәдениеттілігі дең-
гейінің жоғары болуын көздейді. Демек, 
педагогтың өмірінде қарым-қатынас мәдениеті 
ерекше рөл атқарады.
Әдепті және қарым-қатынас мәдениетінің 
негізгі талаптарын білу педагогтың өзіне де, 
өзі оқытып, тәрбиелеп жатқан балаларға да 
қажетті.
Педагогтың­
бойында­
болу­
керек­
қасиеттер:

Өзін-өзі табиғи ұстау;

Жылы шырайлылық. Мұндай мұғалім-
мен тез тіл табысады;

Өзіне сенімділік;

Мейірімділік;

Балаларға деген шынайы махаббат;

Эмоционалдық байсалдылық;

Адамды өзі туралы әңгімеге жеңіл 
тарта алушылық;

Жиі табиғи жымию;

Әділдік;

Балаларға деген зейін;

Қайырымдылық;

Сергектік;

Өмірді сүйгіштік;

Тіл табыса білу, бәрімен араласа білу;

Жігер;

Жақсы әзіл сезімі бар;

Өткір сөз иесі және ойына түйгенінің 
бәрін анық бере алуы;

Оқушылар мен әріптестеріне жиі 
қоше мет білдіріп отыру;

Этикет нормаларын жақсы меңгерген;

Өзіне өзі сыни тұрғыда қарай алушы-
лық;

Өзінің кейбір келеңсіз жайттарына 
жеңіл әзілмен қарай алуы;

Жаны асқақ және ар-намысын ардақ-
тайтын;

Жаратылысынан игі істерге ынтызар;

Әділеттілік пен әділеттілерді сүйіп, 
әділет сіздік пен озбырлықты жек көруі;

Адам мүмкіншілігінің шектеулі екен-
дігін, кей сұрақтарға ешқашан жауап ала 
алмайтындығын білуі.
Педагогтың­ бойында­ болмау­ керек­
қасиеттер:­

Сауатсыздық;

Адам жанын түсіне алмаушылық;

Дөрекілік;

Оқушыны жеке тұлға ретінде қабыл-
дамау, сыйламау;

Әділетсіздік;

Бірбеткейлік;

Өзін-өзі ұстай алмауы;

Шыдамсыздық пен тағатсыздық;

Әдепсіздік;

Балаларға немқұрайлы қарау;

Өзінің пәніне немқұрайлы қарау.
Адамдармен жақсы қарым-қатынас құру 
мұғалімнің кәсіби қасиеті – оқушыны тыңдай, 
ести білуіне тәуелді. Педагогтың ең маңызды 
кәсі би қасиетінің бірі – көшбасшылық қабіле-
тінде.
Педагогикалық этикада ұстаздың адамгер-
шілік қасиеттері қоғамдық құндылыққа 
айналады, бұл қасиеттерсіз мұғалімнің басқа 
да кәсіби қасиеттері мен икемділіктердің 
құн ды лықтары жойылады. Зияткерлік және 
психологиялық қасиеттермен бірге жауапкер-
шілік, абырой, әділеттілік, шынайылылық, 
ар-ұят, қарапайымдылық сияқты қасиеттер 
педагогикалық беделдің негізгі құрауыштары 
болып табылады.
3. Мұғалімнің сөйлеу мәдениеті, тіл шебер-
лігі педагогикалық техниканы талап етеді. Яғни, 


14


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет