Пдд қазақстан Жол жүрісі қағидалары Жалпы ережелер


Конструкцияның басқа да элементтері



Pdf көрінісі
бет34/35
Дата31.10.2022
өлшемі1,97 Mb.
#46414
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35
Байланысты:
ПДД 2022 - Жаңа формат @baizhumaev

 7. Конструкцияның басқа да элементтері 
1. Көлік құралының конструкциясында көзделген артқы көрініс айнасы жоқ 
немесе олардың жиынтығы ҚР СТ МемСТ Р 51709 белгіленген талаптарға 
сәйкес келмейді.
2. Көлік құралының конструкциясында көзделген әйнегі және күнге қарсы 
күнқағарлары жоқ.
3. Дыбыс сигналы жұмыс істемейді немесе негізгі жиілікпен өзгеріп 
отыратын дыбыс сигналы орнатылған.
4. Жүргізуші орнынан көруді шектейтін (артқы көру айналарын, әйнек 
тазалағыштардың бөлшектерін, сыртқы және орнатылған немесе әйнекке 
салынған радиоантенналарды, желқағар әйнекті еріту және кептіру 
құрылғыларының қыздыру элементтерін қоспағанда) жол жүрісіне 
қатысушылардың жарақат алу қаупіне әкеп соғатын қосымша заттар 
орнатылған. 
Механикалық көлік құралы кабинасының (салонының) алдыңғы және 
(немесе) алдыңғы бүйіріндегі әйнектеріне жабын жағылған не түрлі-түсті 
мөлдір пленкалар жапсырылған.
Ескертпе. Алдыңғы әйнектің жоғары бөлігіне ені 140 мм аспайтын, ал М3, 
N2, N3 санаттарындағы автокөлік құралдарына ені алдыңғы әйнектің жоғары 
шегі мен оның әйнек тазалағышпен тазалау аймағының жоғары шекарасы 
арасындағы ең аз аралықтан аспайтын түрлі-түсті мөлдір пленка жолағын 
пайдалануға жол беріледі. Автобустардың терезелеріне пердешелер, сондай-ақ 
жеңіл автомобильдердің артқы әйнектеріне жалюздер және пердешелер 
қолдануға жол беріледі.
5. Автокөлік құралының алдыңғы әйнегінің жүргізуші жағындағы әйнек 
тазалағышпен тазалайтын бөлігінде сызаттың болуы.
6. Конструкцияда көзделген шанақ немесе кабина есіктерінің құлыптары, 
жүк платформасы борттарының тиектері, цистерналар аузының тиектері мен 
отын бактарының тығындары, жүргізуші және жолаушылар орындықтарын 
реттейтін және бекітетін құрылғы, есіктердің авариялық ажыратқышы мен 
автобуста тоқтатуды талап ету сигналы, автобустың авариялық жағдайда 
шығатын есіктері мен оларды іске қосу құрылғылары, автобустың салонын 
іштен жарықтандыру аспаптары, есіктерді басқару жетегі және олардың жұмыс 


істеуінің сигнал беруі, спидометр, тахограф, көлікті айдап әкетуге қарсы 
құрылғылар, әйнекті жылыту және үрлеу құрылғылары белгіленген тәртіппен 
жұмыс істемейді.
7. Конструкцияда көзделген артқы қорғаныс құрылғысының, ластан 
қорғаушы шалғыштар мен шашыратқыштардың болмауы.
8. Тартқыштың және тіркеме буынның тарту-қосу және тіреу-қосу 
құрылғыларының ақаулы болуы, сондай-ақ олардың конструкциясында 
көзделген сақтандыру тростарының (шынжырларының) болмауы немесе ақаулы 
болуы. Мотоцикл рамасының бүйірдегі тіркеме рамасымен қосылған жерінде 
люфттердің болуы.
9. Мыналардың:
1) автобуста, жеңіл және жүк автомобильдерінде, дөңгелекті тракторларда 
медициналық қобдишаның, өрт сөндіргіштің, авариялық тоқтау белгісінің 
(жанып-сөніп тұратын қызыл фонарь);
2) рұқсат етілген ең жоғары массасы 3,5 тоннадан асатын жүк 
автомобильдерінде және автобустарда кейін кетуге қарсы тіреуіштердің 
(кемінде екі);
3) бүйір тіркемесі бар мотоциклде медициналық қобдишаның, авариялық 
тоқтау белгісінің (жанып-сөніп тұратын қызыл фонарь);
4) МемСТ 22895 бойынша М2, М3, N2, N3, 02, 03, 04 санаттарындағы көлік 
құралдарын СТ ҚР МемСТ Р 51253 және СТ ҚР МемСТ Р 41.104 талаптарына 
жауап беретін жарық қайтарғыш материалдармен таңбалаудың болмауы.
Ескертпе. Медициналық қобдишаның дәрілік заттарының және медициналық 
мақсаттағы бұйымдарының ең аз құрамын Қазақстан Республикасы Денсаулық 
сақтау және әлеуметтік даму министрлігі белгілейді.
10. Көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және 
арнайы түрлі түсті графикалық схемалармен боялуға жататын жедел және 
арнайы қызметтер тізбесіне кірмейтін көлік құралдарында жедел және арнайы 
қызметтердің көлік құралдарында қолданылатын, оларды орнату орнына 
қарамастан, жарқылдақ қызыл және көк түсті жарық сигналдары немесе реңктері 
кезектесіп тұратын дыбыс сигналдары немесе арнайы түрлі түсті графикалық 
схемалар пайдаланылады*.
11. Көлік құралының конструкциясында бекітілуі көзделген қауіпсіздік 
белдіктерінің болмауы.
12. Қауіпсіздік белдіктері жұмыс істемейді немесе олардың таспасында көзге 
көрінетін жыртықтардың болуы.
13. Көлік құралының мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісі ҚР СТ 986 стандарт 
талаптарына сай келмейді.


14. Мотоциклде конструкцияда көзделген қауіпсіздік доғасының болмауы.
15. Мотоцикл мен мопедтерге конструкцияда көзделген табан тірегіштердің, 
орындықтарында жолаушыларға арналған көлденең тұтқалардың болмауы.
16. Оларға қойылатын талаптар осы тізбеде регламенттелетін тежегіш 
жүйелерінің, рульмен басқарудың және өзге тораптар мен агрегаттардың 
конструкцияда көзделген қосымша элементтерінің болмауы немесе олардың 
көлік құралын жасаушы кәсіпорынмен немесе уәкілетті басқа ұйыммен келіспей 
орнатылуы.
17. Техникалық реттеу саласында көзделген талаптарды бұзумен, көлік 
құралдарын қайта жабдықтау жүргізілген.
М1, М2, М3 санатындағы көлік құралдарын орындықтар орнатумен 
(бөлшектеумен), жатын орындарын және жүк бөліктермен ұйымдастыруға 
байланысты қайта жабдықтау жүргізілген.
N1, N2, NЗ санатындағы көлік құралдарын М2 және МЗ санатына 
ауыстыруға байланысты қайта жабдықтау жүргізілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет