ИНТЕРЛЕЙКИН-16 (немесе лимфоциттердің хемоаттрактанты). Т-
лимфоциттермен, көбінесе CD8
+
- жасушаларымен өндіріледі. ИЛ-16
рецепторы CD4 тұқымдастығына жатады, сол себептен ИЛ-16 CD4-пен
әсерлесе алады. Оның негізгі нысанасы - CD4
+
- жасушалары. ИЛ-16
оларға хемоаттрактант ретінде қызмет көрсетеді, олардын адгезивтігін
жоғарылатады, көбеюін тежейді, сонымен қатар, CD25 экспрессиясын
және цитокиндердің өндірілуін күшейтеді.
Сонымен қатар, ИЛ-16 Т- жасушалары ИЛ-2-рецепторын және
қоздырылмаған
Т-лимфоциттер
МНС
II
класс
антигендерін
экспрессиялауын күшейтедi.
ИЛ-16-ның анти-АИВ-белсенділігі бар екені жақында дәлелденді.
Бұл эффект CD4 ақуызы рецептор ретінде ИЛ-16-мен әсерлесе алатынына
байланысты. ИЛ-16 жоғары концентрацияда CD-4 лимфоциттермен
байланысқан АИВ репликациясын тежейді.
ИНТЕРЛЕЙКИН-17. Бұл да Т- жасушаларымен өндіріледі.
Көрсететін әсері ИЛ-6 мен ИЛ-8 өнімін, адам фибробласттарында
адгезияның беткері молекулаларының экспрессиясын жоғарылататын ИЛ- 1 мен TNF-α әсеріне ұқсас. ИЛ-17 – Т- жасушаларды белсендiретiн,
жақында клондалынған CD4- жасушалық цитокин. ИЛ-17-рецепторы Т-
жасушаларда ғана емес иммундық жүйеге қатысы жоқ жасушаларда да
табылған. ИЛ-6 мен ИЛ-8 өнімін, фибробласттар адгезиясын беткері
молекулаларының экспрессиясын жоғарлататындығы ИЛ-17 қабыну цитокині сияқты қызмет көрсетеді дегенді дәлелдейді. Сонымен, ИЛ-17
Т-тәуелді
қабыну
реакцияларға
қатысады
және
гемопоэтикалық
бағаналылардың дамуын реттейді.
ИНТЕРЛЕЙКИН-18. Алғашында
IFN-γ
индукторы
ретінде
табылған. Тх1 белсенділігін жоғарылататын жаңа цитокин. ИЛ-18 Fas-
лигандалар арқылы тышқанның Тх1 (Тх0 немесе Тх2 емес) клондарының
цитоулағыштығын жоғарылататыны кейінiрек дәлелденді. ИЛ-18 in vivo
әсерлері толық зерттелмеген.