142
субпопуляцияларымен өндіріледі. ИЛ-17 тұқымдастығына жатады (ИЛ-
17Е). ИЛ4, ИЛ-5, ИЛ-13 және эотоксиннің өндірілуін белсендіреді. ИЛ-25
in vivo өкпеге енгізілуі тыныс алу жолдарының
аурулары кезінде тиімді
екені анықталды. Цитокиндердің өнімін,
тіндердің регенерациясын,
шырыштың бөлінуін және тыныс алу реактивтілігін белсендіреді.
ИНТЕРЛЕЙКИН-26. Молекулалық салмағы – 36 000 Д. Т-
лимфоциттердің субпопуляциялары мен NK-жасушаларымен өндірілетін
цитокин. Жақында ашылған ИЛ-10 тұқымдастығының өкілі. ИЛ-20
қызметтерін қайталайды.
ИНТЕРЛЕЙКИН-27. Дендритті жасушалармен, макрофагтармен,
эндотелиалды жасушалармен және плазмоциттермен өндіріледі. Бұл
цитокиннің ИЛ-12 және IFNγмен бірігіп “аңқау” CD4 Т-лимфоциттердің
клондарының көбеюін және CD8 Т-лимфоциттердің ісіке қарсы белсенді
медиаторларын өндіруін шақыратын қасиеті табылған.
Достарыңызбен бөлісу: