Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова. Алматы, 2008. 2


Нысана жасушалары мен биологиялық эффектілер бойынша



Pdf көрінісі
бет134/296
Дата01.11.2022
өлшемі9,99 Mb.
#46641
түріОқулық
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   296
Байланысты:
immunologia Shortanbaev (2)

Нысана жасушалары мен биологиялық эффектілер бойынша 
ІНФ-α-ға ИЛ-1 мен ИЛ-6 жақын. ІНФ-α моноцит/макрофагтарға, Т-, В- 
және NK- жасушаларына, қан түзуге, мес, шеміршектің, сүйек 
жасушаларына 
әсер 
бередi. 
ІНФ 
ерекшелігі 
– 
тегi 
әр 
түрлі 
трансформацияланған (ісік) жасушаларына әсер етедi.
ІНФ цитотоксикалық әсері кешендi. Апоптозды қоздыру қабілетімен 
қатар, ІНФ-α жасушалық мембранада оттегінің белсенді түрлерінің, 
суперрадикалдардың және азот тотығының генерациясын шақырады. 
Өнімдерінің арасында табылатын ІНФ-α NK- және ЛАЖ- жасушаларының 
цитотоксикалық әсерінің іске асырылуына қатысты сияқты. ІНФ-α тек 
қана ісік жасушаларын емес, вируспен зақымдалған, паразиттер 
инвазияланған жасушаларды да жояды. ІНФ-α. цитотоксикалық әсері 
қабынудың альтернативтік белгілерінің дамуына үлес қосады. ІНФ-α 
шақыратын кахексия липопротеиндік липазаны тежеу (май тінінің 
ыдырауына әкелетін) арқылы дамитын жасушалық деструкция нәтижесі 
(бұл себептен алғашқы аталуы кахексин болған).
ІНФ-α (ИЛ-1 мен ИЛ-6 сияқты) қабынудың жергілікті және жүйелі 
көріністерінің 
дамуына 
қатысады. 
Адгезия 
молекулаларының 
экспрессиясын жоғарылатып эндотелийге, макрофагтарға, нейтрофилдерге 
әсер етеді, ангиогенез бен простагландиндердің бөлінуін күшейтеді, әр 
түрлі жасушаларға хемотаксикалық әсер келтіреді, қызбаны шақырады 
және қабынудың жедел фазасының белоктарының синтезін негіздейді.
ІНФ-α 
В-және 
Т-лимфоциттерінің көбеюін шақыратын өсу 
цитокиндердің кофакторы ретінде иммундық жауаптың дамуына 
қатысады. ІНФ-α іn vivo антидене түзуді күшейтеді, жоғары сезімталдықты 
тежейді, иммунологиялық төзімділіктің қалыптасуына кедергі етеді. ІНФ-α 
эритро-, миело- және лимфопоэзді тежеп, қан түзу процесстеріне әсер 
етеді. ІНФ-α ға, сонымен қатар, қан түзу жүйесі арқылы іске асырылатын 
радиоқорғау эффектісі тән. 
ІНФ-αның биологиялық мінездемелері ІНФ-β-ға ұқсас, бірақ, әлсіздеу, 
көбінесе жергілікті және лимфотоксиннің продуценттері – Т- 


144 
жасушалары қоздырылатын иммундық жауаппен күштірек байланыста 
болады. Оның синтезі антигендік және вирустық стимулдарымен 
шақырылады. Ісік жасушаларының цитолизімен қатар лимфотоксин 
жасушалардың бетінде МНС тектерінің өнімдерінің және ісік әсерлі 
антигендерінің экспрессиясын жоғарылатады, лимфоциттер мен қан түзу 
жасушаларының полиферациясына әсер келтіреді, қабынудың дамуына 
қатысады. 
ІНФ-β 
көптеген 
аурулардың 
патогенезіне 
қатысады 
(эксперименталдық аллергиялық энцефаломиелит, инсулин-тәуелді диабет 
және т.б.) 
Сонымен, ІНФ биологиялық эффекттерінің сипаттамалары мен 
таралуы бойынша ұқсас, иммунды жауап пен гемопоэзді реттейтін, ісік 
және вируспен зақымданған жасушаларды жоя алатын, лимфоидтық 
жасушалардың морфогенезіне қатысатын макрофагтар (ІНФ-α) және Т-
лимфоциттердің (ІНФ-β) өнімі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   296




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет