165
жасушалар қалады да, сонымен қаттар, күштi антигендi жасушалар өзiне
қарсы қарқынды иммунды жауап шақырады.
Иммунды тежегiштiк
жағдайда әлсiз iсiкерекшелi антигендер супрессорлы төзiмдiлiк шақырады,
сол себептен iсiк жасушаларына қарсы иммунды жүйенiң әсерлiгi
төмендейдi.
Төмен аймақтық (кiшiзоналық) супрессиялық төзiмдiлiк иммунды
тежегiштiк жағдайда аз мөлшерлi әлсiз антигендермен шақырылатыны
белгiлi. Бұл жағдай
iсiк өсуiнiң алғашқы сатыларында пайда болады (iсiк
антигендерiнiң аз мөлшерi, ОСТА - әлсiз антигендерi, iсiктiң иммунды
жетiспеушiлiк жағдайда өсуi). Бұл иммунды жүйенiң белсендiлiгiн
төмендетiп iсiк жасушаларын жоюда маңызды рөл атқаратын Т-киллерлер
көбеюiн тежейдi.
Iсiктiң асқынуы төзiмдiлiктi шақырушы айналымдағы iсiк
антигенiнiң көбеюiне, сонымен қатар, iсiк дамуымен бiрге өсетiн иммунды
жетiспеушiлiгiне әкелiп соғады. Иммунды жетiспеушiлiктiң тереңдеуiнде
аурудың
өршуi мен ағзаның улануы да әсер етедi.
Иммунды тежегiштiң
күштi әсершiсi ол аурудың соңғы сатысында жүргiзiлетiн
сәуле,
химиялық ем. Сонымен қатар, көпшiлiк зерттеушiлердiң пiкiрi бойынша,
iсiктiң өзi де иммунды тежегiштiк әсер көрсететiн факторлар бөледi.
Өсу уақытында ісік жасушаларында жоғары жиілікті мутациялар мен
хромосомды абберациялар (өзгерiстер) байқалады. Ісік
гетерогенді бола
бастайды, оның ішінде құрамындағы жасушалардың
антигендігі жағынан
да. Осының нәтижесінде
“антигенді дрейф” деп аталатын ісік
жасушасының антигенді құрамының өзгеру құбылысы байқалады. Iсіктің
алғаш өсуі кезінде жасуша бетінде жабысқан антигенге қарсы пайда
болған
иммунды
жауап
“антигенді
дрейф”
нәтижесіндегi
жаңа
антигендерге қарсы әсер әлсіз келедi.
Ісікке
қарсы
иммунитет
әлсiздігі
ісік
жасушасының
гистосәйкестiлiк анттигендерi жағынан өзгерген кездерде де төмендейді:
сол себептен Т-киллерлердiң ісікпен байланысуы тежеледi.
Достарыңызбен бөлісу: