166
тәсілін таңдау үшін ісікке қарсы жасушалық және гуморалды иммунитет
механизмдерінің ерекшеліктеріне тоқталу керек.
В-жуйенің iсікке қарсы иммунитеттегi қызметi. Онкологиялық
аурулардың қан сарысуындағы кедерг факторлары
Ісік антигендерiнне қарсы гуморалды иммунды жауап, басқа
кездердегi қарсы тұру сияқты
ІgМ түзілуінен басталады. Егер IgМ ісік
жасушасының бетіне жетіп өзіне сай антигендік детерминантасымен
тұрақты байланысса,
комплемент жүйесі классикалық жолымен белсенеді
(антигенді байланыстырған IgМ бір молекуласы жеткілікті болады).
Осылай
пайда
болған
литикалық
комплекс
ісік
жасушасының
мембранасын бұзады. Бірақ,
IgМ негізі лейкозда, яғни қан айналымында
орналасқан iсiк жасушасына әсер етуі жақсы екенін айта кету керек.
Егерде ісік қан тамырынан тыс болса, онда IgМ оның бетіне жетпейді
(яғни, тамыр қабырғасынан пентамерлi молекуласы өтпейді) және ісік
лизиске ұшырамайды (ерiмейдi).
Ісіктің көпшілік түрінде IgM түзілуі
IgG-ге тез ауысады. Ол
қан
тамыр қабырғасынан тез өтіп ісік жасушасының бетіне оңай жете алады,
бірақ комплемент белсенділiгі жиі жағдайда болмайды. Біріншіден, ол
IgG-нiң
барлық
топтарының
мұндай
белсенділікті
шақыра
алмайтындығымен, екіншіден, антиген детерминантымен байланысқан IgG
екi молекуласы арасындағы жақын аралық әр кезде әр түрлi болуы
ықтимал. Бұған қосымша қатерлi iсiк жасушалары бетіндегi ісікерекшелi
антигендер
мөлшерi аз болғандықтан, антиген детерминанттары бір-
бірінен бiрнеше ара қашықтықта орналасады.
Сөйтіп, көпшілік жағдайда
IgG ісік жасуша бетіне орналасуына
қарамастан, олардың лизисіне (еруі) алып келе алмайды.
Сонымен қатар, IgG молекулалары антиген детерминанттарымен
байланысып, цитотоксикалық Т-лимфоциттерге
ісік жасушаны тануға
бөгет жасайды және ісікке қарсы жасушалық иммунитет әсерін
төмендетеді. Соның нәтижесінде, ісік өсуінің
(“иммунологиялық күшею”)
феномені байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: