Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова. Алматы, 2008. 2



Pdf көрінісі
бет146/296
Дата01.11.2022
өлшемі9,99 Mb.
#46641
түріОқулық
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   296
Байланысты:
immunologia Shortanbaev (2)

жағынан 
сау 
жасушалардан 
айырмашылығы 
шамалы. 
Ол 
айырмашылықтар онша бiлiнбеуi мүмкiн, бiрақ олар бар. Iсiктiң осындай 
маңызды мiнездемесi iсiкке қарсы арналған емнiң арнайы тәсiлiне әкеледi. 
Бұл 
мәселенi 
шешуге 
және 
түсiнуге 
әкелетiн 
қадамдарды, 
қиыншылықтарды түсiну үшiн қатерлi iсiк дамуындағы иммунологиялық 
өзгерiстерге тоқталу қажет. 
Iсiк жасушаларының антигендiк құрамы 
Өзiнiң антигендiк құрамы жағынан iсiк тiндерi мен сау тiндер тек сан 
жағынан ғана емес, сонымен қатар, сапасы жағынан айырмашылығы бар. 
Адамда кездесетiн қатерлi iсiктерде ерекше антигендердiң болуын алғаш 
рет тәжiрибе жүзiнде Л.А. Зильбер ашқан. Кейiн ол көптеген тәжiрибе 
және клиникалық зерттеу кезiнде дәлелдендi. Ол антигендер iсiкке 
байланысты болып, соған сәйкестiк бiлдiредi, мұндай өзгерiстер сау 
тiндерде жоқ немесе өте аз мөлшерде кездеседi. 
Iсiк антигендерiнiң генетикалық құрылысы iшкi немесе сыртқы 
болады. Iсiк антигендерiнiң сыртқы генетикалық құрылысы жасушаға 
сырттан енгiзiлген өзгерiстердiң енуiне байланысты (онкогендi вируспен 
жұқтырылғанда). Бұл кезде бөгде генетикалық бағдарлама жасушада 
вирус антигенiнiң (типтiк және топтық ерекшелiгi) және вирусты емес 
антигеннiң 
әсерiнен 
пайда 
болады. 
Оларға 
iсiк 
ядросы 
мен 
цитоплазмасының 
антигендерi 
және 
беткей 
iсiкерекшелi 
трансплантациялық (ОСТА) антигендерi жатады.
Iшкi себептермен шақырылған iсiкерекшелiк антигендердiң пайда 
болуы тұқымқуалаушылыққа байланысты, тiк тасымалдау арқылы вирус 
онкогенiнiң геномға енуi немесе жасуша бөлiнуiн қадағалаушы гендердiң 
онкогендер, iсiк тежеушi гендер (өсу факторларына арналған рецепторлар 
түзiлуiн қадағалаушы және пролиферацияны кедергiлейтiн фактор, т. б.) 
мутантты түрлерiмен байланысты болуы мүмкiн. Сонымен қатар, 
iсiкерекшелi антигендер пайда болуы осы топ гендерiнiң обыр туғызушы 
әсерiмен өзгеруге де байланысты болуы мүмкiн, себебi олар адам өмiрiнде 
үнемi түзiлiп тұрады.
Қатерлену кезiнде жасушалардың аз немесе үлкен мөлшерде табиғи 
қызметтерi кемидi және олар әлсiз дамыған жасушаларға айналады. Бұл 
үрдiс сау тiндерге саты ерекшелк антигендердiң жойылуына алып келедi. 


163 
Осымен бiрге, әдетте эмбрион кезеңде болатын гендер белсендiлiгi 
арқасында, рак-эмбрионалды антигендер де пайда болады (РЭА). Рак
жасушасы геномының жұмысы белсендi түрiнде, басқа тiндерге зиянды 
әсерiн тигiзуiнiң нәтижесiнде iсiк жасушасының бетiнде басқа тiндерге 
тән антигендер пайда болады (гетеромүшелiк антигендер). 
Қазiргi кезде iсiктер түрiмен бiрлескен көпшiлiктi эмбрионалды 
антигендер анықталған. Оның iшiнде толық зерттелген: альфа-
фетопротеин, карцино-эмбрионалды антиген, эмбрионалды сульфоглико-
протеин, Н-цитокин, Реган фосфатазасы, т. б. Рак-эмбрионалды 
антигендердiң аурулар қан сарысуында анықталуы рактың ерте 
анықталуына мүмкiндiк бередi. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   296




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет