Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова. Алматы, 2008. 2



Pdf көрінісі
бет196/296
Дата01.11.2022
өлшемі9,99 Mb.
#46641
түріОқулық
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   296
Байланысты:
immunologia Shortanbaev (2)

сезiмталдық 
серпiлiсi 
сенсибилизацияланған ағзаның аллергенмен қайта жанасуынан пайда 
болады. Бұл жағдай иммунизацияға ұқсас, яғни алғашқы рет антиген 
енгендегi иммунизациядан күштi, әсерлi қорғаныстық иммундық жауап 
қалыптасады. Бұл иммундық серпiлiс пен жоғары сезiмталдықтың 
арасындағы 
айырмашылығы: 
бiрiншi 
жағдайда 
иммундық 
жауап 
нормоэрегиялық болып табылады, яғни оның қарқыны (антидене саны 
немесе сезiмталдығы көтерiлген лимфоциттер саны) ағзаға түскен 
антигендер санына сайма-сай болады.
Гиперэргиялық 
жауап 
кезiнде 
(жоғары 
сезiмталдықта) 
иммундық жауаптың қарқындылығы соншалық күштi болады, тiптi 
тiндердiң әр түрлi дәрежедегi зақымдануын тудырады. Бұл бiрқатар
клиникалық белгiлер мен симптомдардың пайда болуына әкеледi, бiрiншi 
орында, тiндердегi жергiлiктi қабыну серпiлiсi, жүрек-қан тамырлар, 
тыныс алу және жүйке жүйелерiнде жүйелi аллергиялық көрiнiстер 
байқалады.
Қазiргi кездегi иммунологияның жетiстiктерiне байланысты, 
қорғаныстың иммундық жауаптардың және иммундық патологиялық 
жағдайлардың, оның арасында аллергиялардың да, барлығының негiзiнде 


213 
иммунологиялық 
серпiлiстердiң 
гуморалдық 
және 
жасушалық 
механизмдерi жататыны белгiлi болды. Осыдан 1964 жылы Кумбс пен 
Джелл (P. Gell, R. Coombs) жоғары сезiмталдықтың даму жолдарына 
қарай жiктеуiн ұсынған. Бұл жiктеу бойынша жоғары сезiмталдықтың 
негiзiнде сезiмталдықтың әр түрлi клиникалық көрiнiстерiне алып келетiн 
иммундық механизмдерiнiң ерекшелiктерi жатады. Бұл жiктеу қазiргi 
уақытта жалпы қабылданған. 
Осы жiктеу бойынша жоғары сезiмталдықтың 4 түрiн ажыратады: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   296




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет