215
30-шы сурет. Тіндердің иммунологиялық зақымдануының реагиндік
түрі (А.Ройт және т.б. Иммунология, Москва, 2000)
Нәтижесiнде
Fc-рецептор арқылы нысана-жасуша белсендiрiлiп,
оның
дегрануляциясына әкеледi. Бөлiнген
биологиялық белсендi заттар
(гистамин,
брадикинин,
5-окситриптамин,
арахидон
қышқылының
өнiмдерi, т.б.)
өзiндiк аллергиялық серпiлiстi туындатады.
ИЛ-4 (ИЛ-3 пен бiрге)
мес жасушаларының көбеюi мен
активтенуін белсендiреді, көбiне осы жасушалардағы ИЛ-4 түзiлуi
ынталанады. Осы арқылы
мес жасушасының өзiндiк пролиферациясының
аутокриндiк реттелуi қосылады, ал олар өндiретiн ИЛ-4 Тх2-нiң қосымша
түзiлуiне әкеледi. Осылайша
оң керi байланыс механизмi iске асады және
аллергиялық серпiлiстер күшейедi.
Достарыңызбен бөлісу: