214
бiреуiнде ғана болса мүмкiндiк шамамен 30% болатыны анықталған.
Отбасылар мен егiздердi тексеру жұмыстары,
IgE жалпы деңгейi ағзада
генетикалық факторлармен анықталатынын айқын көрсетiп отыр. IgE-нiң
түзiлуi Тх2 және оның бөлетiн цитокиндерiмен тудыратындығынан, 5-шi
хромосомада орналасқан ИЛ-4, ИЛ-5, ИЛ-10 гендер тобы (кластер)
аймағындағы
генетикалық маркерлерiмен, IgE жалпы деңгейi және
атопиямен ауыратын науқастардағы арнайы
IgE мөлшерiмен байланыс
болу керек. Бiрнеше зерттеулерде бұл байланыстың болуы анықталған.
IgE-нiң шамадан тыс артық мөлшерi HLA жүйесiнiң белгiлi бiр
антигендерiмен байланысы бар екендiгi анықталды. Мысалы, 90%-дан
астам амброзия аллергенiне IgE деңгейiнiң көп түзiлуiмен
жауап
қайтаратындар HLA-Dw2 антигендерi бар адамдар. Полиаллергиясы бар
науқастарда HLA-В8 және HLA-Dw3 антигенi жиi кездесетiнi көрсетiлген,
әсiресе HLA-В8 антигенi бар адамдарда жалпы
және арнайы IgE деңгейi
жоғары болады.
Атопияның даму патогенезiнiң негiзiнде Тх2 шамадан тыс көп
мөлшерде өндiрілуi жатыр. Бұл құбылыстың себебi толық анықталмаған,
алайда жетiлмеген Т-хелпер (Tx0) жасушалардың
антигенді танушы
рецепторлар, тiн үйлесiмдiлiктiң үлкен кешенiнiң нәруыздары мен
аллергеннiң
арасындағы әрекеттесу ерекшелiктерi маңызды орын алады.
Атопиялық отбасы мүшелерiне белгiлi антигендермен байланысудан
кейiн Тх2 нақтылану нәтижесiнде IgE түзiлуiмен
жауап беру қабiлетi тән,
ал басқа адамдарда ол антигендер Тх1/Тх2 шарттық тепе-теңдiгiнде әдеттi
иммундық жауап тудырады.
Достарыңызбен бөлісу: