Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова. Алматы, 2008. 2



Pdf көрінісі
бет193/296
Дата01.11.2022
өлшемі9,99 Mb.
#46641
түріОқулық
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   296
Байланысты:
immunologia Shortanbaev (2)

 
 
 
ЖОҒАРЫ СЕЗIМТАЛДЫҚ МЕХАНИЗМДЕРI 
 
Жоғары сезiмталдық туралы түсiнiк. Аллергендердің түрлерi. 
Кумбс пен Джелл бойынша жоғары сезiмталдық механизмдерiнiң 
жiктеуi. Атопиялық аллергияның патогенезi мен клиникалық 
мысалдары. Атопияның пайда болуындағы тұқым қуалаушылық 
бейiмдiлiктiң 
маңызы. 
Атопиялық 
аллергияның 
зертханалық 
диагностикасы. Анафилаксиялық шоктың патогенезi. Жоғары 
сезiмталдықтың 
II 
түрiнiң 
(цитотоксикалық, 
цитолитикалық 
серпiлiстер) патогенезi мен клиникалық мысалдары. Жоғары 
сезiмталдықтың III түрiнiң (иммундық кешен аурулары) патогенезi 
мен клиникалық мысалдары. ИКА пайда болуына ықпал ететiн 
жағдайлар. Жоғары сезiмталдықтың IV түрiнiң (БЖС) патогенезi мен 
клиникалық мысалдары. 
 
Аллергия (грекше allos - басқаша, ergon - әсер, яғни өзгерген әсер) 
деп иммунологиялық реактивтiлiктiң өзгеруiне байланысты, ағзаның әр 
түрлi заттарға жоғары сезiмталдылығын айтады. Алғаш рет бұл терминдi 


211 
австриялық ғалым Пирке (Von Pirquet, 1906) антигендiк ынталандыруға 
адамның өзгерген реактивтiлiгiн белгiлеу үшiн ұсынған болатын.
Аллергия кезiнде ағзаның жоғары сезiмталдығы арнайы болады, 
яғни ол тек сенсибилизация қалпын тудырған антигенге ғана қатысты 
көрiнедi. 
Аллергенмен 
қайта 
кездескенде 
байқалатын 
жоғары 
сезiмталдықтың клиникалық көрiнiсiн аллергиялық серпiлiстер деп 
аталады. Аллергиялық серпiлiстердi тудыратын антигендердi аллергендер 
деп атайды. Аллергендер болып нәруыздар, нәруыздық-полисахаридтi, 
нәруыздық-липидтi кешендер, нәруызды емес күрделi органикалық 
қосылыстар 
және 
салыстырмалы 
түрдегі 
қарапайым 
химиялық 
қосылыстар, соның iшiнде гаптен болып табылатын жеке элементтер 
(бром, йод) болуы мүмкiн. Олар ағзаның өзiндiк нәруыздарымен қосылып, 
оның құрылысын өзгертiп нәтижесiнде ағзада жаңа кешендiк антигендер 
құрылады. 
Аллергендердi екi үлкен топқа бөледi: экзоаллергендер және 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   296




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет