түрiн ажыратады. Бiрiншiсiасқазан-ішек жолдарының шырышты қабатында, дене
қуыстарының сiрi қабықтарында және өкпеде орналасқан.
Екiншi түрiдәнекер тiнiнде орналасқан,көбiне қан тамырлары
бойында, терi астының дәнекер тiнiнде көп.
Мес жасушаларының екi түрi де ИЛ-3 әсерiнен ортақ iзашардан түзiлсе
де, олар цитоплазмалық түйiршiктерiндегi медиаторлар құрамы бойынша
ерекшеленедi. Бұдан басқа мес жасушалар бұл 2 түрi өсуге қатысатын Т-
лимфоциттердiң қажеттiлiгiменде ажыратылады. Т-лимфоциттер (ИЛ-4 өндiретiн Тх2) болмаған жағдайда, шырышты қабықтың мес жасушалары өсе алмайды. Мес жасушалар мен базофилдер арасында көп ұқсастық бар.
Бiрiншiден, олар бiрдей медиаторлар жиынтығын өндiредi. Мес
жасушалар мен базофилдердiң медиаторларын3топқа бөледi. Бiрiншi топ -
цитоплазмалық түйiршiктерiнде жиналған медиаторлар. Дегрануляция кезiнде, жасушадан бiрiншi болып осы
медиаторлар шығарылады.
Гранула құрамында вазобелсендi аминдер де табылады (адамда,
бiрiншi орында, гистамин және брадикинин, аз мөлшерде – серотонин
(зертханалық егеуқұйрықтарда серотонин көп мөлшерде) болады.
Сонымен бiрге, түйiршiктерде гепарин, ферменттер (сериндi протеазалар, карбоксипептидаза, катепсин G) және TNF- цитокинi бар.
Аталған медиаторлар атопиялық серпiлiстiң ең басты, жедел фазасын тудырады, ол экссудациялық қабынудыңнегiзгi белгiлерiмен
сипатталады,
яғни
вазобелсендi
аминдер
тамыр өткiзгiштiгiн