4.Саралау кластерлерi (СD ағыл. Claster Designation) лимфоциттер
субпопуляциясының беткейлiк маркерлi нәруыздарының белгiленуi үшiн
қолданылады, олар жасушалардың әртүрлi даму кезеңдерiне және
функционалдық субпопуляцияларына (CD2, CD3, CD4, CD8, CD5, CD16,
CD19, CD72 және т.б.) тән. Берiлген молекулалар бiрқатар жағдайларда
антигендердi тану үрдiсiн қамтамасыз ететiн (CD3, CD4, CD8)
корецепторлар қызметiн; кейбiр цитокиндермен әрекеттесетiн рецепторлар
қызметiн (мысалы, ИЛ-2 үшiн рецептор болып табылатын CD25) және
басқа да қызметтердi атқарады. Осы маркерлердi стандарттық
моноклондық антиденелер көмегiмен анықтайды.
5. Адгезия молекулалары көптеген жасушалардың бетiнде орналасқан. Олардың көмегiмен антигенді таныстырушы жасушалардың,
В- және Т-лимфоциттерiнiң арасында жасушааралық әрекеттесу деңгейi
жоғарылайды.
Адгезия
молекулаларының
бiрнеше
тектесi
бар:
интегриндер, селектиндер, муциндер немесе васкулярлық адрессиндер, апоптоз шақыратын молекулалар супертектесi, экстрацеллюлярлық матрикс компоненттерi - олар фибриллярлық нәруыздар және глюкозаминогликандар . 6. Лимфоциттердiң антигенді танушы рецепторлары: В-лимфоциттердiң антигенді танушы рецепторлар қызметiн олардың
плазмалық мембранасында орналасқан иммуноглобулин молекулалары атқарады;
Т-лимфоциттерде – Т-жасушалық рецепторлар - (ТЖР). ТЖР
молекулаларының иммуноглобулиндер супертектесiне тән құрылымы
бар. Олар бiр-бiрiмен цистеиндiк көпiрмен коваленттi байланысқан, екi
полипептидтiк тiзбектен тұратын гетеродимер. Қалыпты жағдайда,
пiсiп-жетiлген Т-жасушаларының бетiнде 30 000-40 000 ТЖР
молекулары болады.