Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова. Алматы, 2008. 2


Вакцинация кезiнде дамитын асқынулар



Pdf көрінісі
бет267/296
Дата01.11.2022
өлшемі9,99 Mb.
#46641
түріОқулық
1   ...   263   264   265   266   267   268   269   270   ...   296
Байланысты:
immunologia Shortanbaev (2)

 
Вакцинация кезiнде дамитын асқынулар 
Егудiң жанама әсер шақыратыны барлығымызға мәлiм.
Полиомиелит, қызылша және қызамыққа қарсы аттенуацияланған 
вакциналарды көпшiлiк мойындады. Бiрақ, олардың аз болса да асқынуларды 
шақыру қаупi бар. Мәселен, қызылшаға қарсы иммунизация жүргiзгенде 
энцефалит дамуы мүмкiн. Сонымен қатар, қызылшамен табиғи жолмен 
ауырған кезде энцефалитпен ауру жиiлiгiнiң одан да жоғары екендiгiн естен 
шығармау керек. Тiрi вирусты вакциналарды қолданған жағдайда вирустың 
нуклеин қышқылы иесiнiң геномына ену немесе вируленттi түрге реверсия 
қаупі бар.
Сондай-ақ тiрi вирусты вакциналарды енгiзгеннен кейiн дамитын кейбiр 
жағымсыз салдарды вирусология мен микробиология саласында бүгінгі күні 
бiлiмнiң жеткiлiксiз болуына байланысты жауап беру мүмкiн емес. Мысалы, 
АИЖ вирусы сияқты РНҚ ретровирустарға қарсы тiрi вирусты қолдану өте 
қауiптi. Себебi, бiрiншiден, белгiлi бiр генотипi бар адамдар үшiн олардың 
патогендiгi 
жоғары 
болуы 
мүмкiн. 
Екiншiден, 
тiрi 
ретровирусты 
вакциналарды және гепатитке (әсiресе В және С гепатитi) қарсы 
вакциналарды қолданғанда егу алушы ағзаның жасушаларына онкогендер 
енуi мүмкiн. Бұл жағдайға қазiргi кезде адекватты жауап беру мүмкiн емес. 
Нәтижесінде сол ағзада қатерлi iсiктермен ауру қатерi бiршама 
жоғарылайды.
Осыған байланысты ЖИТС-ке, гепатитке және қатерлi iсiктерге қарсы 
тiрi вакциналарды қолдану өте күрделi. Жалпы, вакцинациядан кейiн 
асқынудың даму қатерi, сол аурудан дамитын асқынудан төмен болуы 
керек. Егер вакцинациядан кейiн болатын асқынудың жиiлiгi жоғары болса, 
онда көпшiлiк вакцинациядан бас тартады. Бұл жағдайда жұқпалы ауру 
ошағында пассивтi иммунопрофилактика шараларын жүргiзу өте тиiмдi 
болуы мүмкін. 
Иммундық жүйесiнiң жетiспеушiлiктерi бар адамдарда вакцинация 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   263   264   265   266   267   268   269   270   ...   296




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет