57
Баланың өмірінің екінші жасының аяғына қарай ересек адамға
қарағанда, IgМ мөлшерi 80%, IgG 90% құрады, ал IgА 40%-ға жақын.
Нәрестеде секреторлы IgА толық болмайды, ол секреттерде өмірдің
үшінші айында пайда болады және жергілікті иммунитеттің кемшілігін
көрсетеді. Бірақ, IgА-ң плазмалық деңгейіне қарағанда, шырышты
қабаттағы секреттің IgА мөлшері ерте бекиді (2-4 жас арасында), ол
ересектерде 10-12 жасқа қарай деігейіне жетеді. IgА деңгейі туылған
нәрестеде үш аптадан кейін сілекейінде ересектердегідей мөлшерде
болады. Сарысулық IgА кешірек пайда болады.
IgG қандағы деңгейі ересектердің деңгейіне жетуі әртүрлі уақытта
өтеді: IgG
1
және IgG
4
– 8 жаста; IgG
3
– 10 жаста, IgG
2
– 12 жаста. IgG
2
және G
4
-ң ерте жастағы жетіспеушілігі баланың пневмококк, менингококк
қоздырғыштарына резистенттілігінің төмендігін көрсетеді.
Жаңа туған балаларда IgD әдетте кездеспейдi, ол 6-шы аптада пайда
болады және ересектер деңгейiне 5-10, кейбір кезде 15 жаста жетедi. Жаңа
туған балаларда сонымен қатар, IgE де кездеспейдi, ол ересектер деңгейiне
11-12 жаста жетедi. Оның жылдам көбеюi балаларда бронх демiкпесiн
және т.б. атопиялық аллергиялық ауруларын шақырады.
Достарыңызбен бөлісу: