55
Шарнирлі аумағының құрылысы жағынан.
Адамдағы IgG
2
, IgG
4
шарнирлі аумағының конформациясы Fab-фрагментінің СН
2
-домендің
жанында шоғырлануын қамтамасыз етеді, сондықтан IgG
2
, IgG
4
антигенмен байланысқан соң, комплементпен (С
1
) байланысу қабілетін
жоғалтады. IgG
1
, IgG
3
шарнирлі аумағы құрылысы жағынан өзгеше,
сондықтан
олар
комплемент
жүйесінің
классикалық
жолының
белсендіргіштері болып табылады.
IgG
иммунды
комплекс
құрамында
фагоциттердің
Fс-
рецепторларына берік тіркеледі, нәтижесінде фагоцитоз күшейеді.
IgG
плацента арқылы өтеді, оның өтуі белсенді тасымалдану
механизмі арқылы іске асады. IgG
нәрестенің бәсең иммунизациясында
басты рөл атқарады Бұл әсері 3 ай бойы сақталады, нәресте организмінде
өзіндік IgG түзілуі басталған уақытқа дейін.
IgА. IgA
секреттерде мөлшері басқа иммуноглобулиндерге
қарағанда
жоғары
болғандықтан,
оны
негізгі
секреторлы
иммуноглобулин деп санайды. Қан сарысуында 0,8 – 4,2 г/л, негізінде
мономерлі түрінде кездеседі. IgА-ң Faв-фрагментiнiң ажырауы IgG және
IgМ қарағанда төмен. Сондықтан,
IgА агглютинация, преципитацияға
қиынырақ түседі, бірақ жасушаға жеңіл тоңады және әртүрлі секреттер
құрамында: сүт, сілекей, шырыш және т.б. кездеседі. Оның молекулалық
салмағы 170 000-500 000 Д.
Секретте IgА димер немесе тример түрінде кездеседі. IgА-ң
димерлері мен тримерлері шырыштының эпителиалды жасушаларымен
синтезделетін секреторлы нәруызбен байланысуға қабілеті бар. IgА тұзетін
плазмалық жасушалар димерлі және тримерлі секреторлы нәруыз
синтезделетін
жанында
орналасады.
Димерлі
түрі
гидролиздік
ферменттердің әсеріне төзімділігі басқа иммуноглобулиндерге қарағанда
жоғары болады. Бұл антиденелерге әртүрлі
ферменттердің әсер ету
ортасында белсенділігін сақтауды қамтамасыз етеді. Мұрын-жұтқыншақта
IgА белсенді түзілуін антигендер, әсіресе тірі вирус пен бактериялардың
шырыш қабатына енгеннен кейін байқауға болады. IgА бактериялар мен
вирустарды байланыстырып, олардың шырышты қабатта тіркелуіне бөгет
жасайды. Бұл үрдістің әсерлігі өте зор.
IgА түзілуінің басталуы нәресте өмірінің ерте кезеңдерінде басталады,
туылған уақытта ол әлі түзілмейді, бірақ үш аптадан кейін баланың
сілекейінде IgА деңгейі ересектегідей болады.
Сарысулық IgА кешірек
пайда болады.
Сүтқоректілердің көбінде, адамдарда да, IgА ана сүті арқылы енуі –
баланың бактерияларға, вирустарға, тағамдық аллергендерге қарсы
қорғауының маңызы.
IgЕ. IgЕ негiзгi цитофилдi иммуноглобулин, атопиялық аллергиялық
серпілістің, яғни, жедел дамитын жоғары
сезімталдықтың негізгі
иммуноглобулині болып табылады. IgЕ-ні аллергологияда
реагин деп
атайды. Молекулалық салмағы 180000 тең.
IgЕ молекуласының ауыр
тізбегі 5 доменнен тұрады. Ауыр тізбектің С-ұшы полимерленуге қажетті
аминдік
қышқылдың
қалдықтарынан
тұрмайды,
сол
себептен
56
полимерленбейді.
IgЕ
комплемент
жүйесiн
активтемейдi,
агглютинацияда қатыспайды.
IgЕ концентрациясы сау адамдарда өте аз болады - 0,0002 г/л.
IgЕ жұмыс істеуі Fc-үзіндісіне арналған арнайы жасушалық
рецепторлармен бірге жүреді; ол қан сарысуында тек қан ағымы арқылы
ығысу үрдісімен сай келетін плазмалық жасушалардан базофилдерге және
басқа жасушаларға барады. IgЕ өзінің Fc-узіндісімен сол жасушаның Fc-
рецепторларына орналасады. Сөйтіп, плазмалық жасушалар тек бір ғана
арнайылықты IgЕ-нi синтездейдi, ал әр гистамин өндіруші жасуша (мес
жасуша, базофил) IgЕ молекуласының
Fc-фрагментін байланыстырып,
әртүрлі антигендік арнайылығы бар IgЕ молекуласының қабатымен
қоршалуы мүмкін. Мембранабайланыстырушы IgЕ-нiң өмірі 14 күн
шамасында.
Келесі кезең – антигенмен байланысу. Антиген өз детерминанттық
тобымен сол антигендік арнайылықты мембрана байланысқан IgЕ Fab-
фрагментімен байланысады. IgЕ антигенмен байланысқан соң Fc-
рецептордың белсенділігі жоғарылау арқасында гистамин, брадикинин, 5-
окситриптамин, баяу әсер етуші анафилаксия
субстанциясы және басқа
биологиялық активті заттар тез бөліне бастайды, нәтижесінде жедел
экссудативті қабыну, яғни атопиялық аллергияның клиникалық көріністері
дамиды. Егер берілген арнайы IgЕ барлығы аллергендермен әсерлесіп
болса, онда аллергенмен байланысу қабілеті жоқ Fab-фрагменттері
болмағандықтан, бұл аллергенге десенсибилизация пайда болады.
Атопиялық топқа жататын адамдарда иммунды серпіліс кезінде
шырышты қабаттағы IgЕ деңгейі қалыпты жағдайдан өсіп, гиперергиялық
серпілісіне әкеліп соғады. Ондай кезде ол науқастарда бронх демікпесіне,
аллергиялық дерматиттерге, шөптік қызбаға сезімталды болады.
IgЕ
гельминттерге
қарсы
иммунитетте
қатысады.
Fab-
фрагменттерімен гельминттің
антигендік детерминанталарымен, ал Fc-
рецепторлар
арқылы
эозинофилдер
бетіндегі
рецепторлармен
байланысады. Сол Fc-рецепторлар арқылы олар белсеніп, гельминттерге
қарсы әсерлі медиаторларын бөледі.
IgD. IgD молекулалық салмағы 180000 Д. IgD концентрациясы адам
сарысуында 0,0003-тен 0,0017 мг/л дейiн. Бұл иммуноглобулиннiң
құрылысы басқа иммуноглобулиндердiң құрылысына қарағанда толық
зерттелмеген.
Оның себебі,
қан сарысуындағы мөлшері өте төмен. Бұл
иммуноглобулин, негізінде В-лимфоциттер бетінде рецептор түрінде
Достарыңызбен бөлісу: