Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова. Алматы, 2008. 2


Нәрестелердiң пассивтi иммунитетi



Pdf көрінісі
бет55/296
Дата01.11.2022
өлшемі9,99 Mb.
#46641
түріОқулық
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   296
Байланысты:
immunologia Shortanbaev (2)

Нәрестелердiң пассивтi иммунитетi 
Жаңа туған балаларда пассивтi иммунитет түзiлуiнде негiзгi қызметiн 
келесi механизмдер атқарады: 
 
Аналық антиденелердің трансплацентарлы берілуі 
Ана антиденесінің трансплацентарлы берілуі  бұл плацента 
жасушаларының нәруыз молекулаларын жұту және оларды деградациясыз 
тасымалдауын қамтамасыз ететін белсенді үрдіс болып табылады.
Ананың қан сарысуындағы IgG жоғары мөлшерінде тасымалдануы 
бәсеңдейді, ал төмен мөлшерде  күшейедi. Бұл механизмнің үлкен 
биологиялық мәні бар, өйткені ол ұрпақ қанында берілген нәруызды 
деңгейін 
бірқалыпты 
ұстайды. 
IgG 
F
с
-фрагментiмен 
трофобласт 
жасушасының бетiндегi рецепторларға байланысып, пиноцитозға ұшырап, 
ұрық қан айналымына түседі.
IgМ тобына жататын антиденелер плацента арқылы өтпейді, ол 
грамтеріс микроорганизмдеріне (ішек таяқшасы, сальмонелла) нәрестенің 
қарсы тұрмайтындығымен түсіндіріледі. Ұрпақтың иммунды жүйесі 
табиғи антигендермен байланысқанда, IgМ синтезiмен жауап береді. 
Кіндік қанында 0,2-0,3 г/л-дан артық IgМ мөлшері ұрықтың антигендік 
стимулдауын немесе жатырішілік жұқпалы ауырушылықты көрсетеді.
 
Табиғи қоректендiрудiң рөлi 
Жаңа туған балаларда IgA болмайды және оның түзiлуi 2-3-шi айда 
басталады. Инфекциядан қорғануда нәрестелерді табиғи қоректендіру өте 
маңызды болып табылады. Ана сүтiмен балаға секреторлы IgA, сонымен 
бiрге IgG түседi, олар жаңа туған баланы асқазан-iшек жолдарының 
инфекциясынан қорғайды. Баланың iшек және мұрын-жұтқыншақтың 
шырыштарының жергiлiктi иммунитетiнiң жетiспеушiлiгiн IgA толтырады 


58 
және пневмококк, стрептококкк, холера вибриондарымен, полиомиелит 
вирусымен шақырылған инфекцияның дамуына қарсы тұрады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   296




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет