14-ші сурет. Лангарганс жасушаларының антигенді лимфа түйіні бағытында тасымалдауы В-лимфоциттерінің беткей иммуноглобулиндері екі қызмет атқарады.
Біріншісі
–
антигенді
детерминанттарды
(гаптендерді)
арнайы
байланыстыру; екіншісі – түзілген иммундық кешендердің эндоцитозы, кейіннен олар лизосомаларда деградацияға ұшырау нәтижесінде пептидті
фрагменттер түзіледі. Олар ІІ класс МНС нәруыздарымен қосылып
иммуногендік кешен түзеді және ол кешен В-лимфоцит бетіне
тасымалданады.
Бірақ, қалыпты жағдайда В-лимфоциттердің бетінде В7 костимуляторының экспрессиясы жоқ, сондықтан бактериалды компоненттер әсерінен В-лимфоциттердің бетінде В7 экспрессиясы болған кезде ғана Т-хелпердің белсенуі болады. Бұл негізінен бактериалды жұқпалар кезінде байқалады. Мұндай жағдайларда
В-лимфоциттер Т-хелперлердің белсенуі үшін қажетті екі белгіні қамтамасыз ету
нәтижесінде оларды іске қосады. Белсендірілген Т-хелперлер пролиферацияға
ұшарайды және лимфокиндерді, соның ішінде ИЛ-2 бөле бастайды. Ол В-
лимфоциттің сәйкес рецепторларына әсер ету арқылы В-жасушасына қажетті
екінші – пролиферативті дифференцияланушы белгімен (бірінші – арнайы белгіні
В-лимфоцит иммуноглобулинді антигентанушы рецепторларының көмегімен
антигенмен байланысқан кезде алады) қамтамасыз етеді. Екі белгіні алған В-
лимфоциттер
пролиферацияға
ұшырайды,
сосын
плазмалық
жасушаға
дифференцияланады, ал олар арнайы ерекшеліктегі антиденелерді өндіреді.
В-лимфоциттердің көмегімен антигендерді Т-хелперлерге осындай
жолмен таныстыру біршама тиімсіз екендігін атап өткен жөн.