91
лимфоциттердiң тимустағы оң және терiс сұрыпталуы, олардың
маңызы. Т-хелперлердiң антигентәуелдi дифференцировкасы. Тх1 мен
Тх2 функционалды ерекшелiктерi. Т-киллерлердiң антигентәуелдi
дифференцировкасы, олардың әсер ету механизмі. Т-лимфоциттермен
антигендердің
танылуы.
Супрессор-жасушаларының
иммунды
жауаптағы орны (Тх, Тк/с, макрофагтар мен NK-жасушаларының
рөлi). Табиғи және жасанды төзiмдiлiк, түзiлу механизмдері.
Жасушалық
иммунитет
жүйесіне
(Т-жүйесіне)
ізашар
Т-
лимфоциттердің негізгі дамитын орны – тимус, иммундық жүйесінің шеткі
мүшелерінде басымырақ түрде Т-лимфоциттер орналасатын аймақтар (Т-
тәуелді
аймақтар),
Т-лимфоциттердің
әртүрлі
функционалды
субпопуляциялары (Т-хелперлер, киллерлер, супрессорлар), сонымен қатар
осы жасушалармен өндірілетін цитокиндер (лимфокиндер) кіреді.
Тимуста Т-лимфоциттердің негізгі субпопуляцияларының клондары
түзіледі. Шеткі мүшелерде Т-лимфоциттер антигендермен
кездеседі және
басқа иммунды хабарлы жасушалармен кооперация кезінде иммунды
жауаптың қалыптасуына, реттелуіне және оның жүзеге асуына қатысады.
Т-лимфоциттер рециркуляция үрдісіне
белсене қатысады, осы
үрдістің арқасында иммунды бақылау қызметі нәтижесінде иммундық
жүйесінің біртұтас қызметі жүзеге асады.
Иммунитеттiң Т-жүйесiнiң қызметтерi:
1. Жасушалық түрдегі иммунды жауаппен қамтамасыз ету Т-
жүйесiнiң
негiзгi қызметi: Т-лимфоциттер генетикалық
бөгде жасушаларға
(мутантты және iсiк жасушалары,
вируспен зақымдалған жасушалар,
бөгде трансплантат жасушасы және т.б.) цитотоксикалық әсер етедi.
Одан басқа Т-лимфоциттер кейбір антигендерге қарсы
фагоцитарлық
Достарыңызбен бөлісу: