43
болып саналады.
18. Жазатайым оқиғаны тексерудi жұмыс берушiнiң өкiмiмен
құрылған, құрамында жұмыс берушiнiң, қызметкерлердiң және
кәсiподақтың өкiлдерi бар комиссия жазатайым оқиға фактiсi туралы
хабар алған сәттен бастап үш тәулiк iшiнде жүзеге асырады.
19. Тексеру нәтижесi бойынша Н-2 нысанындағы жұмысқа
баратын немесе жұмыстан келетiн жолда ұшыраған жазатайым
оқиғаларды зерттеп тексеру актiсi төрт данада (7-қосымша) жасалады,
оған тексеру жүргiзген комиссия мүшелерi қол қояды, жұмыс берушi
бекiтедi және мөрмен куәландырады.
Н-2 нысанындағы актiнiң бiр данасы еңбекке жарамсыздық
парағымен, екiншiсi - тексеру материалымен бiрге еңбектi қорғау
қызметiнде сақталады, үшiншiсi - зардап шегушiнiң қолына берiледi,
төртiншiсi - қызметкерлердiң өкiлдерiне жiберiледi. Н-2 нысанындағы
акт арнайы журналда тiркеледi және бес жыл сақталады.
Достарыңызбен бөлісу: