31
6. ЕҢБЕК ҚОРҒАУДЫ ҚОҒАМДЫҚ ЖӘНЕ ӘКІМШІЛІК-
ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ
1. Еңбек қорғау қоғамдық бақылауды еңбек қорғау жөніндегі
уәкілетті (сенімді адамдар) адамдардың
атынан кәсіби одақтар және
өкілетті органдардың қызметкерлерімен уәкілетті өзгелер жүргізеді.
2. Еңбек қорғауды әкімшілік-қоғамдық бақылау Өндірісте
жарақаттануды, сондай-ақ өрт пен жарылыстарды төмендету және
болдырмау күресінде кәсіпорындарда және ұйымдарда еңбек қорғау
және өрт қауіпсіздігі жағдайын әкімшілік-қоғамдық бақылау маңызды
орынға ие. Еңбек қорғау жөніндегі заңнаманы сақталуына әкімшілік-
қоғамдық бақылауды әкімшілік кәсіподақпен бірлесе отырып келесі
жүйе бойынша жүргізеді:
1. Кәсіпорын жетекшісі кәсіби комитеттің төрағасы жарты жылда
бір рет еңбекті қорғау және өндіріс
мәдениеті бойынша цехтердің
басшыларымен, кәсіподақ активімен, еңбек қорғау комиссиясының
мүшелерімен кеңейтілген кеңес өткізеді, осында олар кәсіпорында
қауіпсіздік техникасы мен науқастану жағдайын еңбек қорғау жөніндегі
іс-шаралар жоспарының орындалу барысына қызмет көрсетеді; тоқсанда
I рет іс-шаралардың, Еңбек қорғау қызметтері мен мемлекеттік
инспекциясының бұйрықтары мен ұйғарымдарының орындалуы туралы
цех бастықтарының
есептерін тыңдайды, болған ауру қайғылы
оқиғалардың себептерін талқылайды және оларды одан әрі
болдыртпауға нақты шараларды әзірлейді.
Кәсіпорын басшысы және кәсіподақ комитет төрағасы айына бір
рет өндірістегі еңбек қорғау және мәдениеті жағдайына екі-үш
цехтардан кем емес өндірістік-техникалық бөлім (ӨТБ) инженерлерінің,
бас механик пен еңбек қорғау қызметінің қатысуымен тексеруді жеке өзі
өткізелі. Тексеріс нәтижелері инженерлік-техникалық қызметкерлердің
және кәсіби активінің кеңесінде талқыланады және нәтижелері бойынша
белгіленген кемшіліктерді жою және еңбек жағдайларын одан әрі
жақсарту жөніндегі қосымша іс-шаралар әзірленеді. Жылына 1 реттен
сирек емес еңбек қорғау жағдайын
және өндіріс мәдениетін
кәсіпорынның барлық цехтарында қарау өткізеді және жарақатсыз
жұмыс және еңбек қабілеттілігін уақытша жоғалта отырып ауруларды
төмендету үшін күресіп жатқан бригадалардың, учаскелердің, цехтердің
міндеттемелерінің орындалуын тоқсан сайын қорытындылайды.
Қабылдаған міндеттемелердің орындалу барысы баспа, радио,
телевидение және басқа бұқаралық ақпарат құралдары арқылы кең
жайылуда.
2. Цех бастығы және цех кәсіподақ комитетінің төрағасы
механикпен (энергетикпен) бірге аптасына 1 рет еңбек қорғау және
өндіріс мәдениетінің жағдайын мұқият тексереді.
Тексеру барысында
анықталған кемшіліктер жойылады немее арнайы журналдарға
32
(шебердің кітапшасына) жазылады, мерзімдер белгіленеді және олардың
сақталуы үшін жауаптылар шеберлерге журналда көрсетілген еңбек
қорғау бойынша кемшіліктерді жоюда көмектеседі, әрбір қайғылы
оқиғаға және еңбекке қабілеттілікті уақытша айырылумен ауруға жұмыс
жиналыстарында осындай жағдайларды келешекте болдыртпау үшін
талқылау жүргізеді.
3. Шебер (ауысым бастығы) еңбек қорғау жөніндегі уәкілетті
инспекторымен бірлесе отырып ауысымның басталуына дейін жұмыс
орындарын
тексереді, жабдықтың және инструменттің жөнділігін
тексеріп, қауіпсіздік техникасы ережелерінен ауытқуды анықтайды.
Бірден жойылмайтын кемшіліктер туралы шебер цех, учаске (ауысым)
бастығына баяндайды. Жұмыс күні ішінде шебер технологиялық
тәртіптің сақталуы мен жабдық пен қондырғылардың техникалық
жөнділігін тексереді, тұрақты түрде жұмысшылардың еңбектің қауіпсіз
тәсілдерін орындалуына, сондай-ақ жұмыс барысында жұмысшылардың
арнайы киім мен қорғану құралдарын (каска, қорғану көзілдіріктерінің,
шуға қарсы құлақшындарды және т.с.с) қолдануына қадағалау жүргізеді.
Жұмыс барысында
шебер қауіпсіздіктің
техника
ережелерін
бұзушыларына нұсқаулық жүргізеді, ал еңбектің қауіпсіз тәсілдерін
жүйелі түрде бұзатын адамдарға ішкі еңбек тәртібі ережелерінде және
қауіпсіздік техникасы ережелерінде қарастырылған ықпал ету
шараларын (жазбаша ескертпелер, жазалаулар,
төмендеу төленетін
жұмысқа ауыстыру) қолданады. Жазбаша ескертпелерді арнайы
журналдарға (шебер кітапшасына) енгізеді және бұзушылардың
қолхатымен оларды таныстырады. Қайғылы оқиғалардың күн сайынғы
есепке алынуы көрінетін жерде арнайы кестелерде жүргізеді.
Достарыңызбен бөлісу: