34
Техникалық себептерге: машина, механизмдер, құралдар мен
саймандардың конструктивтік кемшіліктері және олардың ақаулығы;
желдету, оқшаулау және қоршау қондырғыларының ақаулығы,
жетілмегендігі немесе жоқтығы; электр қондырғыларын жерге қосу
немесе нөлдендіру; құбырлардың тығыз қосылмауынан газдар мен улы
сұйықтықтардың ағуы т.б. жатады.
Ұйымдастыру себептеріне әкімшіліктің кінәсінан еңбек қорғау
ережелерін бұзу жатады
бұлар жұмысшыларға
еңбек қорғау бойынша
оқыту мен нұсқауларды уақытылы немесе сапалы жүргізбеу, еңбек
қорғау бойынша нұсқаулардың жоқтығы, жұмысшылардың еңбек қорғау
талаптарын орындауы жөнінде бақылаудың жоқтығы, жұмыс орнының
дұрыс ұйымдастырылмауы, топтық жұмыстарды ұйыдастырудағы,
жұмысшылардың арнайы киім және жеке қорғану құралдарымен
қамтамасыз етудегі кемшіліктер, жұмыс түріне сәйкес емес техника мен
құралдарды қолдану, еңбек және демалыс тәртібін, сондай
ақ
технологиялық процестерді бұзу т.б.
Санитарлы
гигиеналық себептерге: ғимараттағы жағымсыз
микроклимат, ауадағы
зиянды заттар құрамының ұлғаюы, шудың,
дірілдің және иондағыш сәулелердің жоғары деңгейі, жарықтың
жетіспеушілігі немесе дұрыс қолданылмауы, жұмыс орны мен
тұрмыстық ғимараттардың ластығы, жеке гигиена ережелерін сақтамау
т.б. жатады.
Психологиялық және физиологиялық себептерге: аңғалдық,
ұмытшақтық, баяулық, ұқыпсыздық, еңбек жағдайына ағзаның
анатомиялық, физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерінің
сәйкеспеуі, жүйке жүйесімен басқа мүшелердегі
ауру сипаты бар
функционалдық өзгерістер, ұжымдағы психологиялық жағымсыз
жағдайлар т.б. жатады.
Субъктивті себептер
жұмысшының жеке тәртіп бұзушылығы,
еңбек қорғау нұсқауларын орындамау, алькогольдік, нашақорлық немесе
аурушаң жағдайда болу.
Экономикалық себептер
жұмысшының жоғары өнімділікпен
жалақыға қол жеткізуге талпынуы, еңбек қорғау мәселелеріне
немқұрайлы қарау, еңбек жағдайын жақсарту жөніндегі шараларға
қаржыны аз бөлу.
Жазатайым оқиға (жарақат, ауру)
жұмыс
орнында
қауіпті
жағдайлар салдарынан бір немесе бірнеше өзара байланысты немесе
байланысты емес себептерден туындайды. Қауіпті жағдай - қауіпті
шарттар мен қауіпті әрекеттерді қамтиды
Қауіпті шарт (Опасное условие) – белгіленген нормалар сай
келмейтін өндірістік ортаның жағдайы. Ол жұмыс орнында сол немесе
өзге де қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың болуымен
сипатталады және көптеген салдардың себебі болып табылады.
35
Қауіпті іс-әрекет – қызметкердің кәсібіне сай емес әркет етуі, бұл
білімсіздіктің, қабілетсіздің, жасай алмаудың салдарынан туындайды,
кейбір жекелеген жағдайларда - қызметкердің туындаған өндірістік
жағдайды дұрыс бағаламауынан және еңбекті қорғау ережелерімен
барлық норма талаптарын орындауы салдарынан да болады. Қауіпті іс-
әрекеттер,
тиісінше, субъективті болып табылады, яғни нақты бір
қызметкердің іс-әркетіне байланысты.
Өндірістік (кәсіби) жарақаттарда және басқа да қызметкердің
денсаулығының зақымдануына алып келген жарақатарда себептеріне
қарай жіктеліп, рәсімделеді:
1) жұмыс уақытының басталар алдында немесе соңынан жұмыс
орнын, өндiрiстiк жабдықтарды, жеке қорғаныс құралдарын және т.б.
әзiрлеу мен тәртiпке келтiру кезiнде;
2) жұмыс уақыты iшiнде жұмыс орнында немесе iссапар
уақытында не сол жерде болуы еңбек немесе жұмыс берушiнiң не
жұмысты ұйымдастырушының тапсырмасымен байланысты өзге де
мiндеттерiн атқарумен байланысты болған басқа жерде;
3) қауiптi және зиянды өндiрiстiк
факторлардың әсер етуi
нәтижесiнде;
4) жұмыс уақытында, iс-әрекетi қызмет көрсететiн объектiлер
арасында жүрiп-тұрумен байланысты қызметкердiң жұмыс берушiнiң
тапсырмасы бойынша жұмыс орнына бара жатқанда;
5)жұмыс берушiнiң көлiгiнде;
6) жеке көлiгiнде, жұмыс берушiнiң оны қызмет сапарларында
пайдалану құқығына жазбаша келiсiмi болса;
7) жұмыс берушiнiң өкiмi бойынша өзiнiң немесе басқа ұйымның
аумағында болу кезеңiндегi, сондай-ақ жұмыс берушiнiң мүлкiн қорғау
немесе жұмыс берушiнiң мүддесiне өзiнiң жеке бастамашылығы
бойынша өзге де әрекеттер жасау кезiнде;
8) жұмыс орны немесе iссапар уақытында
оның денесiне зақым
келгенде не еңбек немесе қызмет мiндеттерiн атқару кезiнде
қызметкердi қасақана өлтiрсе және осындай жағдайларда жарақаттары
мен денсаулығына келтiрiлген өзге де зақымдар өндiрiстiк (кәсiби)
ретiнде жiктеледi әрi ресiмделедi. Осы тiзбе түпкіліктi болып
табылмайды және әрбiр нақты оқиға кезiнде оның өндiрiспен
байланысын комиссия тергеу барысында анықтайды.
Егер қызметкерге жазатайым оқиғаның нәтижесiнде мертiгу
немесе жұмыс берушiнiң кiнәсiнен денсаулығына өзге де зақым
келтiрiлсе, онда жұмыс берушi қызметкерге сақтандыру өтемақысының
төлемi болмаса оған келтiрiлген зиянды Қазақстан Республикасының
нормативтiк құқықтық кесiмдерiнде көзделген тәртiппен және
шарттармен өтеуге мiндеттi.
Тергеу барысында объективті түрде төменде көрсетілген себептер
анықталса, өндірістік (кәсіби) жарақаттарда және басқа да қызметкердің
36
денсаулығының зақымдануына алып келген жағдайлар өндірістегі
жарақатар ретінде рәсімиделмейді:
1) зардап шегушi өз бетiмен жұмыс берушiнiң мүддесiмен
байланысты емес жұмысты орындау кезiнде;
2) өзiнiң денсаулығына әдейi (қасақана) зиян келтiру нәтижесiнде
немесе зардап шегушi қылмыс жасаған кезде (соттың үкiмiмен
анықталған);
3) өндiрiстiк факторлардың қауiптi және зиянды әсерiне қатыссыз
зардап шегушiнiң денсаулығының кенет нашарлауы;
4) жазатайым оқиғаға себепшi
болған алкогольдiк мастық, күштi
әсер ететiн уландырғыш және нашақорлық заттарды пайдалану жағдайы
қызметкерлердiң өндiрiстегi жарақаттары мен өзге де зақымдары
өндiрiстiк (кәсiптiк) ретiнде ресiмделмейдi.
Комиссия жазатайым оқиғаны тексеру кезiнде жұмыс берушi
оларға
жүктелген
функцияларды
орындау
жөнiндегi
еңбек
заңнамасының сақталуы үшiн мемлекеттiк бақылау органдарының
өкiлдерiне қажеттi барлық жағдайларды қамтамасыз етедi.
Достарыңызбен бөлісу: