Диссертация АҢдатпасы ақберген Аблай-хан Ибраимұлы


Қорғауға шығарылатын негізгі ережелер



Pdf көрінісі
бет4/5
Дата03.11.2022
өлшемі249,33 Kb.
#47113
түріДиссертация
1   2   3   4   5
Байланысты:
Аңдатпа Ақберген А.И

Қорғауға шығарылатын негізгі ережелер. 
1. Нарықтық экономиканың басымдығы, қоғам өмірінің барлық 
салаларына желілік технологиялардың енуі, ұлтты нарықтарды трансұлтты 
компаниялармен жұтылуы жағдайында модернизмнен кейінгі мәдениет 
заңды феномен болып табылады. Модернизмнен кейінгі мәдениет социумына 
постматериалистік құндылықтар тән, онда саясатқа, білім мен ғылымға 
ерекше көңіл бөлінеді. Сонымен бірге, мәдение дәстүрлер қоғамның бұрын 
өзіне тән болмаған жаңа құндылықтарды «импорттау» талпынысына 
төзімділігіне әсер етеді.
2. 
Интернет-технологиялардың 
екпінді 
дамуы 
есебінен 
медиамәдениеттің гүлденуі оны қазіргі әлемдегі әлеуметтік құндылықтарды 
трансформациялаудың басты факторларының бірі болып табылады. 
Меметикалық мәдениет қазіргі мәдениеттің айтарлықтай жаңа құбылысы 
ретінде аталмыш «мәдени багаждың» бұрынғы өлшемдеріне баламасын 
ұсына отырып, өзінің өлшем бірліктері мен өмір сүруі – мемі бар. Қазіргі 
қоғамның артышылықтары тұрғысынан дәстүрлі құндылықтар ғылыми 
білімның дамуына, қоғамды барынша секуляризациялауға байланысты 
төменгі позицияларды алады.  
3. Қазіргі 
қазақстандық қоғамның әлеуметтік құндылықтарын 
трансформациялауға әсер ететін бірқатар факторлардың арасында 
экономикалық сипаттағы факторлардың маңызы аса зор. Экономикалық 
саладағы 
өзгерістер 
социумдағы 
құндылық 
артықшылықтарын 
қалыптастыруға тікелей әсер етеді. Экономикалық тұрақсыздық жағдайында 
адамдар материалдық әл-ауқат, отбасы, денсаулық сияқты «өмірлік маңызы 
бар», «негіз боларлық» құндылықтарға басымдық беруге бейім. Аталмыш 
постматериалистік сипаттағы құндылықтар (өзін-өзі таныту, дарашылдық, 
еркіндік және т.б.) орташа есеппен кем дегенде екі буынды бастан өткерген 
кезеңде экономикалық сипаттағы қатты толқулар мен дағдарыстарға 
ұшырамаған қоғамға тән.
4. Қазіргі қазақстандық қоғамда толеранттық пен бостандық 
құндылықтары қазақстандықтардың, әрине, мәдение ерекшеліктері мен салт-
дәстүрлерін ескере отырып, азаматтық тиесілігі факторы бойынша 
сәйкестігін нығайту және қалыптастыру үшін маңызды. Осы құндылықтарды 
елемеген жағдайда қоғам ішінде әртүрлі топтар арасында шынайы диалог 
құру мүмкін емес, қоғамның ғылыми, шығармашылық, саяси өмірінің қызмет 
етуін елестету қиын.
5. Қазіргі қазақстандық қоғамдағы дәстүрлі құндылықтар көбінесе 
қоғамда және сарапшылар арасында біркелкі түсіндірілмейтін дәстүрлі қазақ 
құндылықтары ретінде түсініледі. Мемлекет өнер (кино, опера, 
театрландырылған қойылымдар, дәстүрлі конфессияларды қолдау, дәстүрлі 



мейрамдарды ресми тойлау) арқылы дәстүрлі құндылықтарды бойынша 
сіңірген қазақ қоғамының бейнесін қалыптастыра отырып, сәйкестікті 
қалыптастыруда өз тұжырымдамасын ұсынып отыр. Нарықтық экономика 
дінге, отбасына, еңбекке, білімге көзқарасына әсер ете отырып, қазақстандық 
қоғамдағы бұрынғы құндылықтарды трансформациялау факторы болып 
табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет