Диссертация АҢдатпасы ақберген Аблай-хан Ибраимұлы


Мәселенің ғылыми әзірлену дәрежесі



Pdf көрінісі
бет2/5
Дата03.11.2022
өлшемі249,33 Kb.
#47113
түріДиссертация
1   2   3   4   5
Байланысты:
Аңдатпа Ақберген А.И

Мәселенің ғылыми әзірлену дәрежесі. Құндылықтар мәселесі, 
аксиология жеке ғылымына ол бірден бөліп берілмесе де, философия 
тарихында кеңінен ұсынылған. Алғаш рет «аксиология» терминін енгізген 
француз философы П. Лапи болды. Жалпы мақсаттар немесе игілік туралы 
ілім ретінде түсінілген құндылықтар мәселесімен Сократ, Платон, 
Аристотель, Әл Фараби айналысқанына қарамастан, жалпы теориялық 
құндылық ілімін әзірлеумен И. Кант, Г. Гегель айналысқан. Аксиологиялық 
мәселелерге жаппай қызығушылық таныту ХХ ғасырда орын алды, бұл 



философ экзистенциалисттер М. Хайдеггера мен Ж. Сартрдің атымен 
байланысты. Егер Хайдеггердің экзистенциализмінде онтологиялық талдау 
аксиологиялық проблематиканы қабылдамауға айналса, ал Сартр құндылық 
өзінше бір нормативтік шынайылық ретінде адамның өз жасампаздығы 
актісінен, оның өз ойын еркін білдіруінен туындайды деген тұжырымға 
келеді. Индустрияланудан кейінгі қоғамның құндылықтар теориясында 
Франкфурт философия мектебінің өкілдері – Э. Фромм, Г. Маркузе, Т. 
Адорно, В. Беньямин, М. Хоркхаймердің еңбектері ерекше рөл атқарды.
Экономика, еңбек құндылықтарын талдаумен батыс ғалымдарының 
арасында Д. Белл, Э. Тоффлер, Ж. Бодрийяр, З. Бауман, Д. Ритцер, У. 
Кимлика, Т. Палмер айналысты. Масс-медианың, Интернеттің қазіргі 
қоғамда құндылықтар қалыптастыруға әсері туралы С. Жижек, М. Кастельс, 
М. Маклюэн, П. Бурдье, Д. Рашкофф өз еңбектерінде сөз етті. Құндылықтар 
мен саясаттың өзара байланысы С. Хантигтон, И. Валлерстайн, М. Фуко, Х. 
Арендт, П. Брюкнер, П. Бьюкененнің еңбектерінде жазылған. Жаһандану 
контексіндегі құндылықтар Н. Луман, У. Бек, Б. Андерсонның еңбектерінде 
қамтылған.
Әдіснамалық және теориялық тұрғыдан диссертациялық жұмысты жазу 
кезінде ресейлік авторлар еңбектерінің маңызы орасан зор. Құндылықтар 
мәселелері жайында А. Ахиезер, А. Арзамасцев, Л. Баева, Б. Бессонов, В. 
Большаков, Н. Костенко, К. Делокаров, И. Докучаев, Л. Дробижева, В. 
Хализев, В. Ильин, А. Коротаев, Л. Мантатова, П. Матвеев, Л. Микешина, Н. 
Розов, А. Ципко, Б. Старостин жазды. Кеңестік философ О. Дробницкийдің 
еңбегін атСтоит отметить работы советского философа О. Дробницкогоп 
өткен 
жөн, 
оның 
марксистік 
аксиологияға 
берген 
түсіндірмесі 
құндылықтарды айындау проблематикасында зерттеулер үшін негіз бола 
алады. Бүгінгі таңда аса қызықты тұжырымдамалардың бірі ретінде 
«Философия ценностей и ранняя аксиологическая мысль» атты 
монографияда берілген ресейлік философ В. Шохиннің аксиологиялық 
моделі назар аударуға лайық. 
Қазақ мәдениетінің дәстүрлі құндылықтары тәсілдерін салыстыру 
кезінде кеңестік кезеңдегі жұмыстарға ‒ Д. Кшибековтың «Кочевое 
общество: генезис, развитие, упадок» және К. Ш. Шулембаевтың «Маги, 
боги и действительность» атты еңбектеріне баса назар аударған жөн.
Отандық ғылымда көптеген авторлар өз еңбектерін қазақстандық 
қоғамның жаһандану, жаңғыртылу үдерістері тұрғысынан әлеуметтік 
құндылықтарды зерттей отырып, құндылық проблематикасына арнаған, атап 
айтқанда: К.У. Әлжан, Г.К. Абдигалиева, Г.С. Абдирайымова, Г.Г. 
Барлыбаева, Т.Х. Ғабитов, В.Ю. Дунаев, М.С. Жетпісбаева, З.Н. 
Исмағамбетова, А.Г. Карабаева, К.М. Қоңырбаева, А.Г. Косиченко, В.Д. 
Курганская, Б.Г. Нұржанов, С.Е. Нұрмұратов, А.Н. Нысанбаев, М.С. 
Орынбеков, А. Сағиқызы, О. Сегізбаев, Г. Соловьева, М.Ш. Хасанов, М.С. 
Шайкемелев, З.К. Шаукенова. Монографиялардың бір бөлігі орындалған 
іргелі жобалардың шеңберінде жарыққа шыққанын атап өткен жөн. 



Қазақстандық социумның сәйкестігін зерделеу контексіндегі әлеуметтік 
құндылықтар Р.К. Қадыржановтың «Этнокультурный символизм и 
национальная идентичность Казахстана», М.С. Шайкемелевтің «Казахская 
идентичность» атты еңбектерінде қамтылған. К.И. Нұровтың «Казакстан: 
национальная идея и традиции» атты еңбегі қызығушылық тудырады, онда 
еркіндік қазақ қоғамының аса маңызды құндылығы болып табылады және 
дәл сол себептен оны дамыту перманенттік экономикалық, рухани дағдарыс 
жағдайында біздің қоғамды қайта жандандыру үшін қажет деп көрсетілген. 
Қазіргі кезеңдегі қазақ халқының дәстүрлі құндылықтары «Қазақ руханияты: 
тарихи-философиялық және этномәдени негіздер», «Қазақ эстетикасының 
құндылықтық-мағыналық 
негіздері», 
«Рухани 
құндылықтар 
әлемі: 
әлеуметтік-философиялық талдау» атты монографияларда қамтылған.
Қазіргі қазақстандық қоғамға арналған батыс ғалымдарының зерттеулері 
ерекше назар аударуға тұрарлық. Олардың ішінде М. Олкотттың «Казахстан: 
непройденный путь» атты еңбегін бөліп қарастыруға болады, онда Қазақстан 
тәуелсіздігі тарихындағы өтпелі кезеңге сипаттама берілген, қазақстан 
қоғамының әлеуметтік саласындағы бірқатар қиындықтар атап көрсетілген. 
Қазақстандық қоғамның трансформациялануы Қазақстандағы кеңестік 
дәуірден кейінгі аласапыран ахуалға арналған Д. Назпаридің зерттеулерінде 
берілген, онда далалық зерттеулердің бай эмпирикалық материалы 
қамтылған. 
Құндылықтар 
трансформациясы, 
қазақстандық 
қоғамда 
сәйкестікті қалыптастыру мәселелерін Й. Бингол, Д. Блум, Д. Джонсон, С. 
Каммингс, Р. Сандерс, И. Давенел, Г. Емельянова, Р. Исаакс өз еңбектерінде 
қарастырған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет