51
мәселелерді түсінуге, өздігінен шешім іздеуге, қорытынды жасауға,
жалпылауға ұмтылады. Бұл кезде оларда ақпарат жайлы білімдер
бейберекеттіліктен (хаостан) реттілікке өтеді. Осылайша бастауыш сынып
оқушыларында жүйелі әрекет өрісі пайда болады, танымдық және
шығармашылық қабілеттері артады.
Метапәндік білім беру барысындағы ұжымдық (топтық) таным үдерiсiн
синергетикалық бағытта ұйымдастыру оның қатысушыларының ынтымақтаса
әрекет ете білуі және ұжымның (топтың) әр мүшесiнiң жауапкершiлiктi сезінуi,
басқалардың құқықтарын аяқ асты етпеу, топ мүшелерінің құндылықтарын
мойындау арқылы бiрлесе бiлiм алуда демократиялық үдерiстi қалыптастыру
болып табылады. Бұл қазiргi уақытта көп айтылып жүрген шыдамдылық немесе
толеранттылықты нәтижелi етедi. Сонымен білімнің синергетикасы білім
берудің байырғы үлгiлерiнен өзге, жаңа педагогикалық әлемдi синергетикалық
тұрғыдан қарастыратын, балаларға өзiн-өзi танудың, өзiн-өзi дамытудың жаңа
әдiстерiн меңгеруге бағытталған жаңа әдiснамасы болып табылады. Оны
басшылыққа алу оқушылардың метапәндік білімді игерудегі бәсекеге
қабілеттілігін арттырады.
Білім беру саласында осындай біріктіруші болып біртұтастық, іс-әрекеттік,
құзыреттілік тұғыр саналады. Адамгершілік көзқарастар мен жалпы адами
құндылықтарға жүгінудің ерекшелігіндегі қоғамдық дамудың заманауи
тұжырымдамасы бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыда оқыту
Достарыңызбен бөлісу: