Жұмабаева жәзира аманжолқызы бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыда оқыту



Pdf көрінісі
бет22/70
Дата03.11.2022
өлшемі6,28 Mb.
#47151
түріДиссертация
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   70
Байланысты:


бағдарлы тұғырды басшылыққа алудың негіздемесі төмендегідей. Тұғырдың 
басты мақсаты мен қызметі – оқушы тұлғасының жеке қабілеттері мен 
қасиеттерін дамыту. Белгілі ғалым осы тұғырдың көрнекті өкілі 
И.С.Якиманскаяның пайымдауынша, жеке тұлғаға бағдарланған оқытуда 
даралау тәсілі барлық білім беру үдерісінің негізгі қағидасы болып табылады, 
оның мақсаты – әрбір баланың мүмкіндіктерін танып, дамыту [159]. Бұл ойдан 
біз жеке тұлғалық тәсіл жағдайында балалардың өзіндік жеке ерекшеліктерінің 


54 
болуы қойылған мақсатқа жетудің , яғни, қайталанбас жеке тұлға ретінде әрбір 
оқушының дамуын қамтамасыз етудің қажетті шарты екендігін түсінеміз. 
Е.В.Бондаревская жеке тұлғаға бағдарланған оқытудың мазмұнында жеке 
тұлғаны дамытуға және қалыптастыруға қажетті мынадай 4 компонент міндетті 
түрде болуы қажет деп атап көрсеткен. Олар: аксиологиялық, когнитивті, 
шығармашылық-әрекеттік және жеке тұлғалық [160]. Осы жеке тұлғаға 
бағдарланған оқытудың мазмұнының төрт компоненті де негізінен сөйлесу, 
шығармашылық іс-әрекет арқылы әрбір баланы жекелеген дамытуға жағдай 
жасауға, өз бетінше шешім қабылдауға және шығармашылығына, оқу әдістері 
мен мазмұнын таңдауға толық мүмкіндік береді, – деп ойлаймыз.
В.В.Сериков 
ұсынған 
жеке 
тұлғаға 
бағдарланған 
білім 
беру 
тұжырымдамасының мәні төмендегідей: жеке тұлға дегеніміз – адамның 
арнайы білім алу және даму аясын білдіретін педагогикалық категория; адам 
«жеке тұлға болу» тәжірибесін, яғни жеке тұлға қызметтерін атқара білу 
тәжірибесін меңгеруі тиіс. Ғалым жеке тұлғаға бағдарланған білім беруге тән 
келесі заңдылықтарды атап көрсетеді: жобалау элементі – «тұлға өміріндегі 
оқиға», ол кейіннен біртұтас өмірлік нәтижеге айналады. Ал білім тек оның бір 
бөлігі ғана болып табылады. Оқыту мұғалім мен оқушының бірлескен қызметі 
бола отырып: мұнда сұхбаттасу білім беру субьектілерінің өмір сүру тәсілі 
ретінде танылады. Үдеріс тұлғалық тәжірибенің бастауы болып шығады. Оқыту 
адамның табиғи өмір сүру жағдайына жақын бола түседі. Мұғалім мен 
оқушының өзара бірлескен әрекеті тұлға аралық, субьект аралық қарым-
қатынас сипатын алады [161]. Автордың келтірілген тұжырымдамалық идеясы 
қазіргі кездегі бірлескен оқу әрекетін ұйымдастырудың басты қағидасы десек 
қателеспейміз. Тек осындай заңдылықтар басшылыққа алынған жағдайда, жеке 
тұлға да, басқа субъектілер де бірлесе дамуға мүмкіндік алады деп есептейміз. 
Осы тұғырды басшылыққа алу арқылы білім алушының субъектілілігі 
қалыптасады, жеке тұлғаның ойлауы, қызығушылығы, мүддесі, ұстанымы, 
бағытталуы, өмірге, еңбекке көзқарасы, құндылық бағыттары, өмірлік жоспары 
және т.б. сияқты аса маңызды тұлғалық қасиеттері жетіледі. Ендеше, жеке 
тұлғаға бағдарланған оқыту дегеніміз – тек оқушыларды бір-бірінен 
айрықшалайтын жеке ерекшеліктерін есепке алу ғана емес, бұл, ең алдымен, 
оқушыға жеке тұлға ретінде, бірлескен қызметтің саналы әрі жауапкершілгі бар 
субьектісі ретінде қарау. Тек осындай қарым-қатынас оқушының жеке тұлға
ретінде қалыптасуына әсер етеді.
Келесі негіздейтініміз – модель жасауда басшылыққа алатын танымдық 
әрекеттегі ең әмбебап құрал болып табылатын жүйелілік тұғыр. «Жүйе» 
ұғымының грек тілінен аудармасы «құрастыру» ретінде түсіндіріліп, заттардың 
аморфты еместігін, бөлінбейтіндей болмайтындығын, оларды жақын барып 
талдағанда, бөліктерден тұратындығын білдіреді. Демек жүйені өзгерту үшін 
оның ішкі құрамаларына әсер ету қажет. Бұл үшін жүйелі білім керек. Жүйелі 
білім объектінің құраушыларын зерттеп тану нәтижесінде жинақталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет