48
теориялық зерттеудің әдісі ретінде де, дәстүрлі проблемаларды дәстүрлі емес
тәсілмен (педагогикалық новация) шешуге шоғырланған сана-сезім, қиял және
логика жұмысының ерекше тәсілі ретінде және студенттермен, біліктілігін
арттыру курсының тыңдаушыларымен, мектеп оқушыларымен және т.б. сабақ
өткізу үшін оқу құралы ретінде пайдаланылады.
Педагогикадағы
модельдеу
–
педагогикалық
материалдардың,
құбылыстардың,
үдерістердің
көшірмесін
құрастыру,
зерттелетін
педагогикалық жүйелерді схемалық бейнелеу үшін қолданылады. Қазіргі
педагогикалық модельдердің басым көпшілігі
дидактикалық құбылыстарға
жатады. Дидактикалық модельдеуді төмендегідей маңызды міндеттерді шешу
үшін қолдануға болады: оқу материалының құрылымын оңтайландыру; оқу
үдерісін жоспарлауды жақсарту; танымдық әрекетті басқару; оқу-тәрбие
үдерісін басқару; диагностика, болжам жасау, оқытуды жобалау.
Осы айтылғандарды негізге ала отырып,
біз педагогикада модельдеу
мынадай жағдайларда қолданылатынын байқадық:
а) педагогикалық міндеттерді және педагогикалық жағдаяттарды
модельдеу;
б) оқыту, тәрбие, үйренушілерді дамыту үдерісін модельдеу;
в) білім беру мекемелерін басқару жүйесі жағдайын модельдеу.
Сонымен біз модельдің алғашқы құрылымдық элементі көп ақпарат
арасынан зерттелетін объект туралы негізгі мәліметтерді бөліп алуға мүмкіндік
жасайтын, педагогикалық үдерістің мақсатын, мазмұнын, формасы,
технологиялары мен құралдары және нәтижесін анықтайтын ұғым деп
тұжырымдаймыз.
Бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыдан оқыту моделін
жасауда біз бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті
стандарттарын,
бастауыш
сыныпқа
арналған
жаңартылған
оқу
бағдарламаларын, дербес пәндердің әдістемесін басшылыққа алдық [142; 143].
Ұсынылып отырған модельдің мақсаты – бастауыш
білім беру пәндерін
метапәндік тұрғыда оқыту. Модельдің теориялық негіздері – жұмысымыздың
алғашқы тармақшасында талданып кеткен «метапән», «метапәндік тұрғыда
оқыту» ұғымына қатысты ілімдер және Д.В.Давыдов, Ж.Пиаженің, Д.Дьюидің
тұлғаның дамуы, дамыта оқыту, прагматикалық педагогикаға қатысты
еңбектеріндегі түйінді ойлар.
Бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыдан оқытуға арналған
модель арнайы әдіснамалық тұғырлар мен дидактикалық ұстанымдарды
басшылыққа алуды талап етті.
Бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыда оқыту стратегиялық
бағытын анықтайтын теориялық
негіздеме мен ұстаным, тұғырлар, жетекші
идеялардың анықтамасын талап етеді.
Ғылыми әдебиеттерде «тұғыр» түсінігі мәселенің шешімі ретінде әдістер,
ұстанымдар, ойларға сәйкес қолданылады. Тұғыр
әдіснамалар мен
көзқарастардың
шешімін
табатын,
философиялық,
психологиялық-
49
педагогикалық алғышарттардың негізгі ойларын ашатын құрал, мақсатқа
жетудің механизмі, ұстанымдары, басты мақсаттары болып табылады.
Психологиялық-педагогикалық көзқарас негізінде бастауыш білім беру
пәндерін метапәндік тұрғыда оқытуда мынадай әдіснамалық
тұғырлар негізге
алынады: синергетикалық, аксиологиялық, біртұтастық, жүйелік, іс-әрекеттік,
кешендік, тұлғалық-бағдарлы, құзыреттілік.
Достарыңызбен бөлісу: