Жұмабаева жәзира аманжолқызы бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыда оқыту


Диагностикалық-нәтижелік компонент



Pdf көрінісі
бет28/70
Дата03.11.2022
өлшемі6,28 Mb.
#47151
түріДиссертация
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   70
Байланысты:


Диагностикалық-нәтижелік компонент ұсынылған модельдің нәтижесін 
көрсету мақсатын көздейді. Құрамында бастауыш білім беру пәндерін 
метапәндік тұрғыда оқыту нәтижесін бағалау өлшемдерін, көрсеткіштерін, 
нәтижені тексеру әдістер мен тәсілдерін қамтиды. 
Cонымен бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыда оқытудың 
құрылымдық-мазмұндық моделі ақырғы нәтижеге жетудің теориялық-
әдіснамалық негіздері, оқыту үдерісінің компоненттері мен көрсеткіштері 
айқындалған, метапәндік оқытуда қолданылатын инновациялық әдістер, 
құралдарды сипаттайтын, оқушылардың «метапәндік нәтижелерді» игеруінің 
деңгейлері айқындалған құрылым болып табылады.
Сонымен бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыда оқытуды 
жүзеге асырудағы компоненттер тұлғаны біртұтас дамыту аясын қамтиды. 
Оның өлшемдері мен көрсеткіштері біз анықтаған оқушының игеруі тиіс 
метапәндік біліктерге сәйкес айқындалады (кесте 5).


61 
Кесте 5 – Бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыда оқыту негізінде 
оқушыларда метапәндік нәтижелер қалыптасқандығының компонеттері, 
өлшемдері мен көрсеткіштері 
Компоненттері 
Өлшемдері 
Көрсеткіштері 
Мотивациялық-
мазмұндық 
Әлемді 
біртұтастықта 
қабылдау 
еріктігі 
-әлемді біртұтастықта қабылдауға қызығушылық 
танытуы; 
-ақпаратты бір 
таңбалау жүйесінен екіншісіне 
түрлендіруде абстаркциялық ойлауды қажет етуі; 
-ақпараттың бірнеше түрлерін қысқаша мазмұндау 
жайлы білімі. 
Танымдық 
Пәндік-
когнитивтілік 
-метапәндік 
тұрғыда оқытуда мәтіннен айқын 
берілген ақпараттық фактілерді таба алуы; 
-мәтінді түсіндіру, мәтін мазмұны бойынша тұжырым 
жасай алуы; 
-метапәндік тұрғыда оқытуда мәтін негізіндегі ой-
пікірлерді білдіре алу.
Диагностикалық
-нәтижелік 
Рефлексивті-
бағалаушылық 
-мәтіннің негізгі ойын толық түсіну білігінің болуы; 
-логикалық 
қорытындыны жеңіл түрде жасау, 
салыстыру, өзара байланыс орнату, топтастыру 
іскерлігінің болуы; 
-пайымның дұрыстығын мәтінге сүйене отырып, 
бағалау әрекетінің болуы. 
Көрсетілген компоненттер, өлшемдер мен көрсеткіштерде айқындалған 
жоғары, орта, төменгі деңгейлерде бастауыш білім беру пәндерін метапәндік 
тұрғыда оқыту аясында бастауыш сынып оқушыларының игеретін метапәндік 
нәтижелер көлемін көрсетеді. Зерттеу барысында оларға сипаттама береміз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет