55
жүйе ретінде, оның элементін, олардың арасындағы байланысты және оны
жіктеп, құрылымын және ұйымдастыруды, тұтастай білім беру ретінде басқару
жолдарын анықтауға бағытталады. Көрнекті өкілдері В.В.Краевский, Э.Г.Юдин
және т.б. педагогикалық жүйені өзара байланысты
құрамдас бөлшектердің
жиынтығы ретінде қарастырады. Олар: білім беру мақсаты, педагогикалық
үдеріс субъектілері (ұстаз бен дәріс алушы), білім беру мазмұны (білім, білік,
дағды, шығармашылық іс-әрекет тәжірибесі мен көңіл-күй-әрекет қатынас
тәжірибесінің жүйесі), педагогикалық үдерісті
ұйымдастыру әдістері мен
түрлері, мәліметтер қоры (құралдар) деп түсіндіреді.
Бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыда оқытуда жүйелілік
тұғырдың алатын орны ерекше. Себебі бұл жерде, біздің ойымызша, бірнеше
жүйе бар.
Атап айтсақ, оқушының өзі ішкі құрылымдардан (биологиялық,
психологиялық т.б.) тұратын жүйе, ал білім беру де реттілікті, тәртіпті,
кезеңділікті сақтауды талап ететін тұтас жүйе. Ендеше осы жүйелердің бір-
бірімен байланысын ретке келтіріп, ортақ іске бағыттау зерттеу нысанына алып
отырған мәселені шешуді нәтижелі ететіндігі сөзсіз.
Білім беру саласында
құзыреттілік тұғырдың белсенденуіне байланысты
«құзыреттілік», «құзырет», «негізгі құзыреттер» терминдері жаңа сапалы білім
беру мәселелерін талқылаған кезде жиі қолданылып,
барынша кеңінен
таралуда. Әдіснамалық сипаттағы бұл зерттеулер негізгі құзыреттердің жалпы
идеясын педагогикалық концепт пен шынайы болмысқа ауыстырудың негізгі
жағдайында практикалық жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді.
Психологиялық тұрғыдан А.К. Маркова «Құзыреттілік – ол нақты адамның
сипаттамасы, дәлірек айтқанда, мамандық талаптарына
сәйкес келу дәрежесі
жайындағы жеке мінездемесі» деп белгілейді. Оның айтуынша, қазіргі кезде
құзыреттілікті көбінесе психикалық қасиеттердің үйлесімділігі; өздігінен және
жауапкершілікпен әрекет етуге мүмкіндік беретін психикалық күй түрінде,
адамның белгілі бір қызмет түрлерін орындай
алу қабілетін игеру ретінде
анықтайды. Құзыреттіліктің адам бойында болуы туралы оның еңбек нәтижесінің
сипатынан аңғаруға болады.
Жалпы бүгінгі күнде әлемдік білім беру тәжірибесінде құзыреттілік ұғымы
негізгі, өз кезегінде «түйінді» ұғым болып табылады. Себебі құзыреттілік,
біріншіден, білім берудің зияткерлік және дағдылық құрамдас бөліктерін
біріктіреді; екіншіден, аталған ұғымда «нәтижеден», («шығатын
өнімге
арналған стандарт») қалыптасатын білім берудің мазмұнын түсіндірудің
идеологиясы жатыр; үшіншіден, негізгі құзыреттілік біріктіруші табиғатқа ие,
өйткені ол өзіне бірқатар аса жақын немесе біртектес, мәдениет пен іс-әрекеттің
ауқымды салаларына жататын (ақпараттық, құқықтық және т.б.) білімдер мен
біліктерді қабылдап алады.
Негізгі құзыреттерді анықтау мәселесі мән-мәтінінде
«құзырет» ұғымы да
жаңа мағынаға толыға бастайды, орыс тілінде ол бірнеше мән береді.
Қарастырылған әдіснамалық тұғырлар мен
ұстанымдар білім берудің
ерекше өзіндік саласы ретінде педагогикалық білім берудің мақсатқа
бағытталып дамуы және орынды қайта өзгеруі үшін негіз болып табылады.
56
Олардың қолданылуы өзін-өзі ұйымдастыру мен өзін-өзі басқарудың негізінде
оның жүйелілігін, тұтастылығын қамтамасыз етеді, білім беру жүйесі
таныстырылымының барлық деңгейлерінде өзін-өзі ұйымдастыру және өзін-өзі
дамыту тетіктеріне сүйену мүмкіндігін білдіреді – оқу қоғамдастықтарының
деңгейінде қалай болса (барлық білім беру салалары, оның аймақтық құрамдас
бөліктері, нақты оқу мекемесі, оқу тобы және т.б.) дәл солай тұлғалық деңгейде
де (білім
алушының, педагогтың) жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: