63
2 БАСТАУЫШ БІЛІМ БЕРУ ПӘНДЕРІН МЕТАПӘНДІК ТҰРҒЫДА
ОҚЫТУДЫҢ ДИДАКТИКАЛЫҚ- ИНТЕГРАЦИЯЛЫҚ ӘЛЕУЕТІ
2.1 Метапәндік оқытудың ішкі жүйесі және оның сипаттамасы
Метапәндік оқыту жүйесінің жасалу мақсаты оқушының да, мұғалімнің де
санасын бір пән ақпаратының аясында тоқтап қалмай, басқа пәндермен де өзара
байланыста оқытуды бастау болып табылады. Метапәндік оқыту барысында
мұғалімді де, оқушыны да пәндердің ерекше
тоғысындағы оқу-танымдық
әрекетке енгізу мүмкін болады. Метапәндік жүйеде білім алу үдерісінде оқушы
екі мазмұнды меңгерді, олардың біріншісі
пәннің мазмұны, екіншісі – іс-
әрекет.
Осылайша, метапәндік оқыту үдерісінде оқу еңбегінің өнімділігі бір
сабақтың өн бойында екі еселенеді. Оған қоса, оқушыға бір сабақта түрлі
типтегі оқу әрекеттерін орындату оның өзінің танымдық мүмкіндігі мен
ерекшелігіне сай талдау
жасауымен байланысты болады, осылай әрі баланың
тұлғалық өсуіне тың жол жасалынады.
Ю.В. Громыко өзінің «Мыследеятельностная педагогика» атты
монографиясында: «олар бір жағынан, міндетті түрде
пәндік-тәртіптік
ұйымдастырудың сызбасына сәйкес құрылуы керек, екінші жағынан, олар
ойлау әрекетінің басқа пәндік және пәннен тыс жүйелеріне –
ойлау
үдерістеріне, нақты практикалық саладағы ойлау коммуникациясының
әрекеттеріне қатынасы бойынша рефлексивті функцияда әрекет етеді»
деп
жазады [163].
Метапәндер жүйесін құраушыларды жіктемес бұрын
жіктеме
(классификация) ұғымын анықтап алу керек. «Философиялық сөздікте»:
«
Классификация (лат.classis – разряд және facere – жасау) –
бөлудің әлдебір
жиынтығы (кейбір кластарды түрге бөлу, осы түрлердің әрі қарай бөлінуі және
т.т) болып табылатын ұғым аумағын бөлудің логикалық операциясы,
қолданудың ерекше көрінісі», – деген анықтама берілген [162]. Демек
метапәндік жіктемеде
пәндік
және пәндіктен тыс идеяны, пәндікке қатынасы
бойынша рефлексивтілік идеяны біріктіретін
дәстүрлі
емес пәндер циклы
қарастыралады. Ю.В.Громыконың пайымдауынша, әрбір пәннің негізіне белгілі
«ойлау әрекетінің ұйымдастырылуы», «мақсатты бағытталған түрде
пысықталатын өзіндік ойлау әрекеті» ұйымдастырылуы тиіс боп саналады.
Ю.В. Громыконың ғылыми мектебінде метапәндер төмендегідей жіктеледі
( сурет 3).
Cурет 3
Ю.В. Громыконың ғылыми мектебінде метапәндердің жіктелуі
Достарыңызбен бөлісу: