57
– әрбір баланың бойындағы «мен» ұғымының қалыптасуы мен дамуына
көмектесу, айналадағы адамдарға құрметпен қарау;
– мейірімділік пен қайырымдылықты гуманизмнің алғашқы басқышы
ретінде түсіну.
Тәрбиені ізгілендіру идеясы Я.А. Коменскийдің еңбектерінде бастау алып,
ол барлық елдер педагогтері тарапынан насихатталып келеді.
Ізгіліктілік ұстанымы А.Маслоу бастаған гуманистік психологияда
қарастырылатын: экзистенциалды-тұрмыстық құндылықтар – игілік,
әдемілік,
әділеттілік, шындық, өзіндік жеткіліктілік, әлемге, қоршаған ортаға
құндылықты дарыта білуге негізделеді. Оқушылардың рефлексиясын дамытуда
мұғалім тарапынан оқушыларға көрсетілетін ізгіліктілік пен оқушылардың
өзара бір-біріне білдіретін сыйластығының орны зор, мәні ерекше. Тек сондай
қарым-қатынас қана білім алу ортасын дамушы ортаға айналдырады.
Достарыңызбен бөлісу: