62
кезінде, топпен жұмыс барысында (диалогты орната алмайды, топ мүшелерінің
пікірін тыңдамайды) қиындықтарға тап болады.
Жоғарыда «метапән», «метапәндік тұрғыда оқыту» ұғымдары зерттелген
ғылыми еңбектерге жасалған жан-жақты талдау және 1.1 тармақшасында
метапәндік тұрғыда оқыту ұғымын талдаудан туындаған тұжырымдар бізге
зерттеу проблемамыздың түйінді мәнін нақтылауға мүмкіндік берді. Біздің
тұжырымдауымызша,
бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыда
оқыту барысында метапәндік нәтижелері қалыптасқан оқушы дегеніміз
мазмұндық, реттеушілік, когнитивтілік құрамдарына сәйкес теориялық ойлауы
жетілген, ақпаратты қайта өңдеу дағдылары қалыптасқан, сыни және
шығармашыл ойлайтын, реттеушілік біліктерін игерген оқыту үдерісінің
субъектісі.
Осы аталған оқушы тұлғасын қалыптастыру бастауыш білім беру пәндерін
метапәндік тұрғыда оқыту негізінде жүзеге асады.
Бұл келесі тарауда
мазмұндалады.
Достарыңызбен бөлісу: