58
әрекетке даярлаудың жүйе құраушылары бір жағынан: мақсаттар, міндеттер,
мазмұн, әдіс,
құралдар мен формалар болса, екініші жағынан университеттік
орта: оқытушылар, білімдік орта т.б. болып келеді.
Кез келген педагогикалық
феномен сияқты біз зерттеп отырған мәселе де басқа құбылыстармен
байланыста болғандықтан, оны жеке дара қарастыру қателіктерге ұрындырары
мүмкін. Жалпы білімдік үдеріс көптеген факторлармен біртұтастықта жүзеге
асатыны белгілі. Сондықтан оны сол элементтер жиынтығы және ішкі ортамен
бірлестікте қарастыру дұрыс болады. Бұл ұстанымды басшылыққа алу
себебіміз, бастауыш сынып оқушыларының метапәндік нәтижелерін дамыту, ең
алдымен оған үйрететін ұстаздардың осы кешенді
сапасының қалыптасқан
болуына тікелей байланысты. Олай болса, болашақ мамандарды даярлау
үдерісінде олар метапәндік нәтижелермен өздері қарулануы тиіс. Ол
бір
қажеттілікке айналған болуы қажет. Демек болашақ бастауыш сынып
мұғалімдері ЖОО оқыту үдерісіндегі барлық пәндер аясында бастауыш
сыныптағы білім беру пәндерін метапәндік тұрғыдан оқытуға қажетті біліммен
қарулануы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: