Жұмабаева жәзира аманжолқызы бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыда оқыту


Бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыда оқытудың



Pdf көрінісі
бет45/70
Дата03.11.2022
өлшемі6,28 Mb.
#47151
түріДиссертация
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   70
Байланысты:


2.3 Бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыда оқытудың 
педагогикалық шарттары 
Бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыда оқытуды нәтижелі 
жүзеге асыру педагогикалық шарттарды тиімді айқындаудан талап етіледі.
Философия ғылымында «шарт» ұғымы заттың қоршаған құбылыстарға 
қатынасын білдіретін санат ретінде түсіндіріледі. Сонымен қатар, шарт 
құбылыстардың пайда болатын, өмір сүретін және дамитын ортасын құрайды. 
Шарт – бұл басқа (шартталған) нәрсеге қатысты, яғни қажеттілікпен 
туындайтын себептер (іс-әрекет, іс-әрекет нәтижесі) мен зерттеудің қисынды 
шарты болып табылатын негізге қарағанда заттың, күйдің, үдерістің болу 
мүмкіндігін жасайды. Шарт (психологияда) – нақты психикалық құбылыстың 
дамуына ықтимал әсер ететін сыртқы және ішкі орта құбылыстарының 
жиынтығы; бұл әсер жеке адамның, адамдар тобының белсенділігімен тікелей 
байланысты болады [183]. 
Педагогикалық шарттар екі тұрғыдан қарастырылады. Біріншіден, 
педагогикалық шарт – бұл үдерістің пайда болу, өмір сүру және даму көзі, оның 
болу мен жетілдіру мүмкіндіктерінің кепілі. Арнайы жасалған педагогикалық 
шарттар педагогикалық үдерісті реттеу қабілетіне, оның компоненттерін бір-
бірімен сәйкестендіруге мүмкіндік береді. Екіншіден, педагогикалық шарт оқу-
тәрбие үдерісінің «атмосферасы» болып табылады және дәл осы үдерістің өту 
жүйесінің 
мақсатты, 
логикалық 
үйлесімділігіне 
оның 
тиімділігі 
байланыстылығымен сипатталады [183,с. 177]. 
Педагогикалық шарттардың мәні педагогикалық үдерістің құрамдары мен 
шарттарының арақатынасынан талап етіледі. Е.Ю.Никитина, О.В.Суслова 
педагогикалық шарттарды «жеке тұлғаның белгілі бір сапаларын жоғары 
деңгейде дамытуда, білім алушылардың мақсатқа жетудегі білім беру 
үдерісінде жүзеге асырылатын, өзара байланысты іс-шаралардың жиынтығы» 
деп түсіндіреді [184]. 
В.И.Андреева педагогикалық шарттарды «оқу-тәрбие үдеріс шаралары – 
оқытудың мазмұны, әдістері, сонымен бірге ұйымдастырушылық формасы» 
десе, О.А.Свириденко «....әлеуметтік маңызға ие жеке тұлғаның дамуымен 
байланысты оқу-таным кезіндегі мотивациялық шарттылық; арнайы пәндердің 
оқу материалын дидактикалық өңдеу, оқытудың заңдары, ұстанымдары, 
ережелері; болашақ мамандықтың сипатына оқу-танымдық сипаттың 
жақындатылуы»,
– деп тұжырымдайды [185,б. 143].
Б. Баймұханбетов педагогикалық шарттарды – «оқу-тәрбие үдерісі 
бірлестігінде оқыту-педагогикалық және ұйымдастырушылық бойынша бір-
бірімен тығыз байланыстағы жағдаяттардың жиынтығы» тұрғысынан
нақтылайды [186]. 
Белгілі бір педагогикалық жүйенің қызмет ету барысын зерттеуде осы 
жүйенің сапалылығы мен тиімді нәтижелелігі аспектісі қарастырылатыны 
белгілі. Сол ретте педагогикалық жүйенің тиімділігін қамтамасыз етіп тұрған 
қандай педагогикалық шарттар бар екенін анықтаудың орны ерекше болмақ. 


93 
Бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыдан оқытудың тиімді 
болып, сапалы нәтижеге қол жеткізуі оқу үдерісінің өтіп жатқан шарттарымен 
тығыз байланысты. Ол шарттар педагогикалық шарттар деп аталатыны белгілі. 
Нақты айтар болсақ, педагогикалық шарттар педагогикалық үдеріс өтіп жатқан 
ортаны, жағдай-жағдаятты білдіреді. Сол ортамен үйлескен жағдайда 
педагогикалық үдеріс пайда болады, қалыптасады, дамиды, өмір сүреді. 
Ерекше бір атап кететін қыры – педагогикалық үдеріске ықпал ете отырып, 
даму барысында педагогикалық шарттардың өздері де өзгерістерге ұшырап 
отырады. Cондықтан да бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыдан 
оқыту үдерісін және сол арқылы оқу үдерісінің тиімділігі мен сапасын 
жоғарылату жолдарын зерттеуде осыған байланысты педагогикалық шарттарды 
қарастырудың орны ерекше. Бастауыш мектепте оқыту барысында 
оқушылардың тек пәндік білім мазмұнын меңгерумен ғана емес, әсіресе, 
олардың жеке тұлғалық өсуі жағынан алдыңғы орынға шыға алуы, оқу 
әрекетінің әмбебап амал-тәсілдерін игеруі, сол арқылы мектепте оқудың барлық 
кезеңінде табыстылықты қамтамасыз ете алуы маңызды болып табылады. Бұл 
туралы көптеген ғалымдардың пікірі жоғары тарауда айтылған болатын. Қазіргі 
кезеңдегі бастауыш мектепте метапәндік білім беруді ұйымдастыру мәселесі 
тұрғысынан қарастыратын болсақ, бастауыш мектеп мұғалімдеріне білім 
берудегі метапәндік білім беру туралы түсінік қалыптастыру және 
технологиялық жүйе ретінде қамтамасыз ету жағынан қиындықтар бар екені
анықталды. Осымен де байланысты, бастауыш білім беру пәндерін метапәндік 
тұрғыдан оқытуды мүмкін ететін кешенді түрдегі ұйымдастырушылық-
әдістемелік шарттар анықталды. Ол шарттардың анықталуы және метапәндік 
білім беру үдерісінде белгіленуі қазіргі бастауыш сынып мұғалімдерімен бірге 
болашақ бастауыш мектеп мұғалімдерін дайындау үдерісінің бір компоненті 
ретінде енгізуін қажет етеді. 
Осылайша, бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыдан оқытуды 
ұйымдастырудың педагогикалық шарттары келесідей 16-суретте ұсынылған. 
Сурет 16 – 
Бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыдан оқытуды 
ұйымдастырудың педагогикалық шарттары 
Әлемдік тәжірибені зерделеу және 
басшылыққа алу
Бастауыш білім беру пәндерін метапәндік 
тұрғыда оқытуды ұйымдастыруда пәндерді 
кіріктірудің ұстанымдарын жүйеге түсіру
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін 
бастауыш білім беру пәндерін метапәндік 
тұрғыда оқытуға даярлау


94 
1-шарт. Әлемдік тәжірибені зерделеу арқылы метапәндік білім беру 
бойынша қол жеткен нәтижелерге шолу жасаудың қажеттілігі метапәндік оқыту 
жүйесінің осы кезге дейінгі қарастырылуын әзірлеу ғана емес, сонымен қатар, 
қаншалықты тиімді болғанын да анықтау болып табылады.
Бүгінгі күні әлемнің Ресей, Қытай, Сингапур, Канада секілді озық 
елдерінде кіріктіріп оқыту қалай жүзеге асырылуда? Осы сұраққа жауап іздеу 
мақсатында осы елдердің тәжірибесіне шолу жасауды жөн көрдік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет