Жұмабаева жәзира аманжолқызы бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыда оқыту



Pdf көрінісі
бет41/70
Дата03.11.2022
өлшемі6,28 Mb.
#47151
түріДиссертация
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   70
Байланысты:


жоспарлау, мақсатты тұжырымдау, түзету және бағалау секілді әрекеттерді 
жүзеге асыру оқу тапсырмалары ұсынылмаған.
Аталмыш оқулықта танымдық ӘОӘ-ге бағытталған ақпаратты іздестіру, 
білімді құрылымдау, модельдеу, әрекетті рефлексиялау тапсырмалары жүзеге 
асырылған. Дегенмен белгілі бір сұрақ төңірегінде өз пікірін білдіру, мәселені 
тұжырымдау, мағыналық оқу, үлгілеу секілді танымдық ӘОӘ қарастырылған 
тапсырмалар жүйесін көре алмадық. 
Коммуникативті ӘОӘ-ні ұйымдастырушы тапсырмалар оқушының белгілі 
бір мәселе төңірегінде өз ойын білдіруін қажет етеді. Алайда оқушылардың 
сұрақ құрастыру, берілген мәселелерді шешу, сыныптасының әрекетін 
бақылау, бағалау, түзету, оқу ынтымақтастығын жоспарлау секілді 
әрекеттерді жүзеге асыру көзделмеген.
Тұлғалық ӘОӘ-ге бағытталып ұсынылған тапсырмалар оқушының өзін-өзі 
анықтауы мазмұнында беріліп, мағына құру, адамгершілік-эстетикалық 
бағалау тұрғысындағы метапәндік нәтижелерге оқу тапсырмаларының жүйесі 
қарастырылмаған.


85 
Келесі талдау жүргізілген жалпы білім беретін мектептің 2-сыныбына 
арналған «Дүниетану» оқулығының оқушылардың реттеушілік, танымдық, 
коммуникативтік, тұлғалық ӘОӘ-ні жүзеге асырудағы әлеуеті төмендегідей 
[180]: 
Реттеушілік ӘОӘ бағытталып ұсынылған тапсырмалар: 
1) Бақылау және бағалау 
Оқушылар сынып ұжымындағы әдептілік ережесімен танысады. Яғни, 
онда құрметтеу, достық, батылдық, сүйіпеншілік, мейірімділік, қайырымдылық, 
еңбексүйгіштік секілді бөлімдер қарастырылған. Оқушы бұл әдептілік 
ережесіндегі әдептіліктердің қайсысын өз ісінен байқағандығымен бөліседі. Бұл 
сұраққа жауап бермес бұрын ол өзінің іс-әрекетін бақылайды және өз іс-
әрекетін бағалайды.
2) Болжам жасау 
Оқулықта археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде табылған көне 
жәдігерлердің суреттері (аттың ауыздығы, қыш ыдыстар) берілген. Оқушылар 
осы суреттер негізінде олардың нені анықтайтыны туралы болжам жасайды.
3)Толықтыру енгізу 
Оқулықта берілген сөйлемді аяқта сипатындағы тапсырма ұсынылған. 
«Қазақстанның Туы мен Елтаңбасы дүниежүзіне ____________». 
Бұл тапсырма реттеушілік ӘОӘ толықтыру енгізу әрекеті арқылы жүзеге 
асырады. 
Танымдық ӘОӘ бағытталып ұсынылған тапсырмалар: 
1) Ақпаратты іздестіру 
Оқулықтың бетінде Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсарин, Ахмет 
Байтұрсынұлы секілді тұлғалардың суреттер берілген. Оқушылардан осы 
тұлғалардың қоғамдағы істері жайында не білетіндіктері сұралады. Оқушылар 
интернет дереккөздерінен және кітапханадағы кітаптардан осы жөнінде ақпарат 
іздестіріп, зерттейді. 
2) Мәселені шешудің жолдарын ұсыну 
Оқулықта «Сабақ енді ғана басталды, бір оқушы сөмкесіндегі заттарын 
шашып алды. Мұндай жағдайда сен өзіңді қалай ұстар едің?», «Сәкен ауырып, 
сабақтан қалды. Сол себепті бақылау жұмысын орындай алмады. Сыныптасы 
Әлия оған неге көмектеспеді?» секілді оқиғалар ұсынылған. Оқушылар осы 
оқиғадан шығудың жолдарын ұсынуы тиіс.
3) Өз ойын ауызша және жазбаша түсіндіру 
«Өзің тұратын қалаң (ауылың) жайлы шағын әңгіме құра, «Өз қалаң
(ауылың) туралы бір-екі шумақ өлең жолдарын тауап оқы. Оның мағынасын 
түсіндір», «Өз қалаңның (ауылыңның) көркеюіне қандай үлес қосар едің?» 
сұрақтары мен тапсырмаларын оқушы ауызша жауап беру арқылы немесе 
жазбаша орындайды. 
4) Білімді құрылымдау түрінде жеткізу 
Оқулықта сурет ұсынылған. Суретте көлік түрлері берілген. Оқушыларға 
«Балалар, суретке қараңдар. Нені байқадыңдар? Барлығын бір сөзбен қалай 


86 
атауға болады? Оларды қандай түрге бөлуге болады?» тапсырмасы беріледі. 
Оқушылар көлік түрлерін топтастыруы қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет