Жұмабаева жәзира аманжолқызы бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыда оқыту



Pdf көрінісі
бет42/70
Дата03.11.2022
өлшемі6,28 Mb.
#47151
түріДиссертация
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   70
Байланысты:


Коммуникативтік ӘОӘ бағытталып ұсынылған тапсырмалар: 
1) Өз ойын білдіру 
Оқулық бетінде «Кез келген адамның өз отбасы бар. Отбасы 

қоғамның 
бір бөлшегі. Оған бір үйде тұратын ең жақын адамдар жатады. Олар – атасы 
мен әжесі, әкесі мен анасы, ағасы мен әпкесі және іні-қарындастары» шағын 
мәтіні ұсынылған. Оқушылар осы мәтінді оқиды. Қарамен жазылған «отбасы» 
сөзінің қандай мағына білдіретіндігі жайында өз ойын білдіреді. 
2) Сөйлеудің монологтік және диалогтік сөйлеу формаларын меңгеру
Оқушылар оқулықтағы тапсырма бойынша үйдегі үлкендерден отбасы 
альбомындағы туыстары жайлы сұрайды.
Әжесінің отбасы жайлы әңгімесін достарына айтып беруі тиіс. 
Достарының да айтып берген әңгімесін тыңдайды. Бір-бірімен пікір алмасады.
2) Сұрақ құрастыру 
«Не себепті әл-Фарабиді «Екінші ұстаз» дейді?» сұрағына жауап береді. 
Ғұлама ғалымға қойғысы келетін сұрақтарын құрастырады.
Тұлғалық ӘОӘ бағытталып ұсынылған тапсырмалар 
1) Адамгершілік-этикалық бағалау 
Бірінші тапсырмадағы сурет негізінде оқушыларға мынадай сұрақтар 
қойылады: «Өз отбасыңдағы адамдар жайлы әңгімеле. Қамқор болу, көмектесу 
деген ұғымдарды қалай түсінесің? Өз отбасыңдағы қамқорлық жайлы әңгімелеп 
бер» сұрақтарына жауап беруі тиіс.
Екінші тапсырмадағы сурет негізінде оқушыларға мынадай нұсқау 
беріледі. «Суреттерге қара. Балалар әдеп ережелерін сақтай білді ме? Оларды 
әдепті деуге бола ма?». Бұл сұрақтар оқушылардың ситуацияны адамгершілік, 
этикалық тұрғысынан бағалауын жүзеге асыруды мүмкін етеді.
Жалпы білім беретін мектептің 2-сыныбына арналған «Дүниетану» 
оқулығын талдау барысында метапәндік нәтижелерді қалыптастырушы 
универсалды оқу әрекеттерін жүзеге асыратын тапсырмалар толыққанды 
қамтылмағандығын анықтадық. Толығырақ тоқталатын болсақ, оқулықта 
тапсырмалардың көбі бақылау, бағалау, болжам жасау, толықтыру енгізу 
секілді реттеушілік ӘОӘ-ні ұйымдастырады. Оқулық мазмұнында жоспарлау, 
мақсатты тұжырымдау, түзету секілді әрекеттерді жүзеге асыруға бағытталған 
тапсырмалар ұсынылмаған.
Танымдық ӘОӘ-ге бағытталып әзірленген тапсырмалар ақпаратты 
іздестіру, мәселені шешудің жолдарын ұсыну, өз ойын ауызша және жазбаша 
түрде жеткізу, білімді құрылымдауды жүзеге асырады. Дегенмен белгілі бір 
сұрақ төңірегінде модельдеу, әрекетті рефлексиялауды өз пікірін білдіру, 
мәселені тұжырымдау, мағыналық оқу секілді танымдық ӘОӘ қарастырылған 
тапсырмаларды кездестіре алмадық.
Коммуникативті ӘОӘ-ні ұйымдастырушы тапсырмалар оқушының белгілі 
бір мәселе төңірегінде өз ойын білдіруіне, сөйлеудің монологтік және диалогтік 
сөйлеу формаларын меңгеру деңгейін анықтауға, белгілі тақырып аясында 


87 
сұрақ құрастыруын қажет етеді. Дегенмен оқулықтың оқу тапсырмалары 
жүйесінде оқушылардың берілген мәселелерді шешу, сыныптасының әрекетін 
бақылау, бағалау, түзету, оқу ынтымақтастығын жоспарлау секілді әрекеттерді 
жүзеге асыру көзделмеген.
Тұлғалық ӘОӘ-ге бағытталып ұсынылған тапсырмалардың көпшілігі 
ситуацияны адамгершілік-этикалық бағалау әрекеті тұрғысында қарастырған. 
Алайда, оқушылардың белгілі бір мәселені адамгершілік-эстетикалық тұрғыда 
бағалауына, оқу әрекеті мен оның түрткісі арасында байланысты орнату 
әрекетін ұйымдастыру бұл оқулықта жүзеге асырылмағандығын айқындадық.
Келесі талдауды жалпы білім беретін мектептің 3-сыныбына арналған 
«Қазақ тілі» оқулығы бойынша жүргіздік. Осы оқулықтың оқушылардың 
реттеушілік, танымдық, коммуникативтік, тұлғалық ӘОӘ жүзеге асырудағы 
әлеуеті төмендегідей [181]: 
Коммуникативтік ӘОӘ бағытталып ұсынылған тапсырмалар: 
1) Диалог құру 
Тапсырма шарты бойынша оқушылар парталасымен диалогке түсу арқылы 
оқулықта берілген сұрақтарда жауап береді, диалогті толықтырады. 
– Қазақстанда қандай ұлттар тұрады? 
– ……… 
– Олардың Отаны қай жер? 
–……….. 
– Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қай тіл? 
– ………... 
Екінші тапсырма шарты бойынша оқушы парталас жұбымен диалогті 
оқып, әрі қарай жалғастырады.
– Мерей, сен жазғы демалыста қайда бардың? 
– Мен атаммен бірге Әнші құмды көруге бардым. 
– Әли, ал өзің қайда бардың? 
– Мен Жұмбақтасқа бардым. 
– ............ 
2)Хабарлама жасау 
Оқушылар «Мен өскенде кім болам?» тақырыбындағы төртінші сыныптар 
арасында сурет салудан жарысқа досына жазбаша хабарлама дайындайды. 
Мектеп радиосынан хабарлап айтады, хабарландыру жазып, көрнекі жерге 
іледі.
Ол үшін төмендегі ережелерді ескеруі тиіс. 
*жарыстың қандай тақырыпта, қашан және кімдермен өткізілетінін
қатысуға кімдерді шақыратыныңды анықта; 
*хабарламаңды бірнеше рет айтып дайындал; 
*тыңдарманның назарын аударатын сөздерді орынды қолдан; 
*сөйлеуде дауыс ырғағы мен дауыс екпінін сақта; 
*шақыру қағазын толықтырып жаз. 
Құрметті .....! 
Сізді «Мен өскенде кім болам?» жарысына қатысуға шақырамыз.


88 
Өту орны: ..... 
Уақыты: ..... 
Осы тапсырма арқылы коммуникативтік әмбебап оқу әрекетін оқушы 
хабарлама жасау арқылы жүзеге асырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет