Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
54
§4. ХVІІІ ғ. ІІ жартысындағы қазақ әдеби тілінің лексикалық
құрамы.
Қазақ тілінің төл лексикасы
Сөз етіп отырған дәуірдегі әдеби тіл лексикасының негізі –
қазақтың төл сөздері. Екінші қабатын құрайтындар – араб-парсы
сөздері. Орыс сөздері жоққа тән, өте сирек. Қазақтың төл
лексикасын құрайтын элементтердің ішінде көбірек қолданып,
едәуір тұрақталған саласы – жауынгерлік лексика. Бұлардың
ішінде қару жарақ, жаугершілік киім-кешек атаулары мен ел
қорғау, батырлық қасиеттерге байланысты жеке сөздер – бір сала.
Мысалы: сауыт, оқ, найза, кіреуке, шығыршық (сауыттың көзі),
дабыл, дулыға, берен, жебе, күдері, мылтық, қол, батыр, байтақ,
бүлу, азамат, жаулық, елдік, біту. Мұндағы көптеген
атаулардың тұрақты эпитеттері бар, мысалы: қоңыраулы найза,
берен сауыт, болат найза, кіреуке тон, көк дабыл т.т.
жауынгершілікке байланысты сөз тіркестері дамып тұрақталады.
Жаулық сағыну, жер тұлдану (жау әскеріне толу), батыр
шыққан даңқынан, найзасының ұшына жау мінгізу. Ал бұлардағы
ежелгі дұшпан, қоңыраулы найза қолға алу, күдеріден бау тағу,
қол қашыру, темір жұмсап, оқ ату, қалмақты қуып қашыру
тәрізді тіркестер фольклор қорынан ауысқан деуге болады.
Жауынгерлік лексика-фразеологизмдердің бір қатары бұл
күнде архаизмге жатады. ХVІІІ ғ. қазақ даласында әскери техника
баяғы орта ғасырлық дәуірлердегі күйінде болғандықтан, қару-
жарақ, киім-кешек атаулары сол көне қалпында сақталған.
Мысалы, кіреуке сауыт, күдері бау, қоңыраулы найза, дулыға,
дабыл
(барабан),
жебе.
Жауынгерлікке
байланысты
архаизмдердің бірі – бүлу етістігі. Бұқарада:
Кіші қара қалмақ бүлерде
Еңсесі биік, кең сарай
Мортық болар бүлген соң.
Бұл етістік күні кешеге дейін қолданылған. Мұны біз ХІХ ғ.
ақындардың барлығынан дерлік, Ыбырай, Абайлардан да
табамыз. Ол «жеңілу, бүліну, ойраны шығу» мағынасын береді.
Бүлу етістігі – қазақ тілінде ертеден, ауыз әдебиетінен келе
жатқан сөз: «Бүлген елден бүлдіргі алма» (мақал). Осы айтқаным
болмаса, тұғырға сұңқар қонбаса, Ноғайлы елің бүледі (Қамбар).
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
55
«Әскер» мағынасындағы қол сөзі де ХVІІІ ғ. осы ұғымды
білдіруде жиі қолданылған сөз, әскер, армия, солдат сөздері әлі
жоқ. Сондай архаизмдердің бірі – байтақ сөзі, бұл – ел деген
мағынаны береді.
Құбыла көшкен байтақтың
Ордасындай Бөгембай (Жанкісі).
Байтаққа бөліп береді,
Батсалық сүрсәна;
Байтағымсың ішінде
Он сан елім ноғайлы деген жолдардан байтақ сөзін
кездестіреміз (С.Сейфуллин, Батырлар жыры жинағы). Қазірде
бұл сөз байтақ ел, байтақ жұрт тәрізді плеоназм жолымен
жасалған тіркесте ғана қолданылады, сондай-ақ ұлан
байтақ жер сияқты тіркесте де келе береді. Ертеректе, тіпті
ХVІІІ ғ. бұл сөздің жеке қолданылғанын байқадық.
ХVІІІ ғ. әдебиеті өкілдерінде қазақ қауымының әлеуметтік
жағдайына байланысты сөздер де бұл тұстағы лексиканың бір
тобын құрайды. Бұл кездегі әлеуметтік топтардың атаулары: хан,
қараша, батыр, бек, қосын, құл, күң, кедей, жарлы, байғұс,
молда, ақсүйек, қара. Мұндағы хан сөзі сол кезде өмір сүріп
тұрған билік иесін білдірсе, соған қарама-қарсы әлеуметтік топ
қара, қараша, қараша халық деген атаулармен берілген. Қара
сөзі, тегінде, ақсүйек титулы жүрген жерде соған антитип ретінде
жиірек қолданылған:
Ақ сүйекті қор тұтқан
Қараны онан зор тұтқан (Бұхар)
Ал қалған жағдайда көбінесе бұл кезде қараша варианты
актив термин болған, бұл – хан сөзінің антитипі:
Ханның жақсы болмағы
Қарашаның елдігі немесе
Уақытыңыз толғанда,
Қарашаң қашар қасыңнан (Бұхар).
Бұл сөз осы мәнде ХІХ ғасырда да жиі қолданылып,
терминдік сипатқа ие болған. Ал бұл кездегі шығармаларда
кездесетін құл, күн сөздері өздерінің тура номинативтік
мағыналарында қолданылған, өйткені ХVІІІ ғ. қазақ жерінде құл,
Достарыңызбен бөлісу: |